Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Использованный литературы



Pdf көрінісі
бет186/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Использованный литературы: 
1.
Кубанцева Е.И. Концертмейстерство – музыкально-творческая деятельность, // 
Музыка в школе – 2001 - № 4, с.5. 
2.
Кубанцева Е.И. Концертмейстерский класс. М., 2002, с.12. 
3.
Шендерович Е.М. В концертмейстерском классе: Размышления педагога М., 
Музыка, 1996, с.25. 


589 
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 
Шыниева Роза Туребековна 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ. 
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы 
Женисова Мөлдір Нұржанқызы 
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау» 
мамандығының ІІІ курс студенті 
Аннотация. 
В статье рассматривается, как инновационные технологии повышают 
качество знаний обучающегося и открывают возможности для свободного использования в 
общении. Установлено, что применение методов инновационных технологий, касающихся 
освоения на практических занятиях, способствует развитию у студента мотивации, 
внимания, интереса к обучению, открывает новые возможности. 
Ключевые слова: 
Интерактивный метод, технология обратной связи, инновационные 
технологии. 
Abstract. 
The article examines how innovative technologies improve the quality of a 
student's knowledge and open up opportunities for free use in communication. It has been 
established that the use of innovative technology methods related to mastering in practical classes 
contributes to the development of motivation, attention, interest in learning, and opens up new 
opportunities for students. 
Keywords: 
Interactive method, feedback technology, innovative technologies. 
Жоғары білім беру жүйесіндегі кеңінен қолданылып жүрген 
технологиялардың бірі – интерактивті оқыту технологиясы. Интерактивті 
оқыту технологиясының ерекшелігі сабақ барлық білім алушының белсенді 
қатысуымен ұйымдастырылады. Интерактивтік оқыту технологиясын қолдану 
арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар 
тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу 
керек. Интерактивті әдіс оқушының оқу процесіндегі тәжірибе негізінде 
оқылатын пәнге білімі, дағдысы және қатынасы қалыптасқаннан соң, өзара 
қатысу арқылы жүзеге асырылады. Оқытушының рөлі хабарлама берушіден 
сыртқы және ішкі қатысушылардың арасындағы өзара іс-әрекетіне негізделген 
оқытудың жетекші процесіне ауысып отырады 
Орыстың ұлы педагогі К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз 
көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның 
мұғалімділігі де жойылады» - деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз 
қажет. Ал біздің мақсатымыз – білім алушының сабақ үстіндегі оқу-әрекетін 
тиімді, әрі қызықты етіп ұйымдастыру [1]. 
Инновациялық технологиялар білім алушының білім сапасын арттырып, 
қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады. Практикалық 
сабақтарда игертуге қатысты инновациялық технологиялардың әдістерін 
қолдану студенттің үйренуге деген ынтасын, зейінін, қызығушылығын 
дамытып қана қоймайды міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, 
жаңа мүмкіндік деңгейлерін ашады. 


590 
Оқудың сапасы немесе студенттердің өзара әрекеті топтың көлеміне 
қарай анықталмайды. Сондықтан да әдістің негізгі ерекшелігі – студенттердің 
өзара әрекетінде. Бұл әсіресе, түрлі көзқарастар мен түрліше шешімдерді 
қарастыратын азаматтық білім берудегі маңызы зор әдіснама. 
Интерактивті әдістерді қолданудың басты себептері мыналар: 

ақпараттар мен дағдыларды игереді; 

студенттер өздерінің білетінін басқалармен бөліскенде, ақпаратты 
беруші де, алушы да білім алады; 

әріптестерінің көзқарастары мен өзіндік пікірлерінің бірдей болуының 
мүмкін еместігіне студенттердің көздері жетеді [2]. 
Сондай-ақ бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды 
қалыптастырады: 
1.
Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді. 
2.
Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді. Топпен не 
жұппен жұмыс істеу кезінде оқушылар арасында өз пікірін дәлелдеп қорғау 
немесе қателігін көрсете білу мен мойындауға, пікірлесе отырып ұжымдық 
шешім қабылдауға үйренеді. 
3.
Студент өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді [3]. 
Осылайша интерактивтік әдіс студенттерді мәселені бірігіп шешуге 
үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, қызық, әрі тиімді. Студенттер 
бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, 
ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға 
төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын 
ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше 
қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайларды: 
сыйластық, жауапкершілік, топтың әр мүшесінің кезекпен сөйлеу дағдысын 
үйрену, қажетті кезде кірісіп сөйлеп кету сияқты дағдыларды қалыптастыру 
керектігін еске ұстау керек. Осылай бірлесіп жұмыс істеп үйренген 
студенттердің білімдері нәтижелі болады, әрі шындалады. Бірлесіп жұмыс 
жасауда студент төмендегідей жетістіктерге ие болады: 

есте сақтау қабілеті жоғарлайды; 

студент жұмыс басты болады; 

пәнге деген қызығушылығы оянады; 

топ мүшелерімен арақатынасы жақсарады [4]. 
Дидактиканың заңдылығына сәйкес инновациялық технологиялардың 
тиімді әдістерін пайдалануда берілетін тапсырмалар мен жаттығулар жеңілден 
ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Сондықтан да оқытушы әр студенттің 
қабілетін, көзқарасын білуі керек. Өйткені үйрету барысында әрбір студенттің 
жеке қабілеті еске алынады, жан дүниесі ескеріледі. Сабақтарда студенттер 
болашақ мамандығы бойынша ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде 
түрліше оқу әрекеттерін орындай отырып, өзінің шығармашылық қабілеттерін 
жетілдіреді. Ойлау қабілетіне тәрбиелеу студентті жан-жақты дамытумен тығыз 
ұштасып жатады. Бұл оның білу құмарлығы, көзқарасы мен сенімін 
тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. 


591 
Сабақты меңгертудегі тиімді әдістің бірі – кері байланыс технологиясы. 
Кері байланыс технологиясының басты мақсаты – студенттің саналы ішкі 
рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын 
өзбетінше үйрену, бәсекеге қабілетті маман болу, тез арада шешім қабылдай 
білу, жылдамдық сияқты қабілеттерін дамыту. Кері байланыс, немесе 
рефлексияны әрбір практикалық сабақта пайдалана беруге де болады. Мәселен, 
әрбір студенттің сабақтың соңында өзіне қажетті мәліметті қаншалықты 
меңгергенін білуде рефлексияның маңызы жоғары. Бұл жерде сабақты 
оқытушы қорытындылап, бағаламайды студенттер өздері қорытып, өз 
білімдерін өздері бағалап отырады. 
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты 
– оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық 
технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми- 
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер 
кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір оқытушының негізгі 
міндеті болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет