ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқап
Караганда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмтыла
береді, үмтыла береді, бірақ тұмсығын өйнекке соғып, әбден
шаршайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады:
ол шабақтарға үмтылуын өбден қояды. Бүл дағды ортадағы
өйнекті алып тастағанда да сақталады, шортан кішкентай
шабақтарға тимей, бірге жүре береді, бірақ біраз уақыттан
кейін дағды жойылып, шортан өз әдетінше өмір сүре
бастайды.
Дағды-жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі,
сондықтан да өбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы
мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан
аңғарылады. Маймылда бананы бар жәшіктің тесігін алдыңғы
оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны денесіне тақап
қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан,
бүл аягы да таңылып тасталғанда жөшікті артқы аяғымен
ашып, бананды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе
болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының
ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән.
Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың
жалпы даму деңгейіне ж әне қ алы п тасқан дағды ны ң
жануарлар мінезінің инстинктілік түрлеріне сәйкестік
дәрежесіне байланысты. Төжірибелі үйретушілер әр уақытга
да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі
РА.Дуров орынды пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: