Жалпы психология


§3. Зейіннің турлері жэне оларга сипаттама



Pdf көрінісі
бет71/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

§3. Зейіннің турлері жэне оларга сипаттама
Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз жене ерікті. Кейбір 
психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні-белсенді зейін 
деп атайды.
Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің 
санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз 
зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге эсер ететін 
тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап
152


айтқанда, 
ан ы қты ғы , ай қы н д ы ғы , күш і, колем і, 
қозғалғыштығы, үзақтығы, кенсттен болуы, қарама- 
қарсылығы. Мәселен, одемі ашық түсті жоне жарқыраған 
ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін 
өзіне ерекше аударады,
; Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашықтүс, откір 
иіс - еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда 
ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердін, арасында контраст 
(қарама-қарсы) болуы мүмкін.
Мөселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде біреуі 
басқаларына қарағанда оте бойшаң болатын болса, соған 
еріксіз назарымызды аударамыз. Сонымен катар күнделікті 
өмірлік бақьиаулар, арнаулы тожірибелер корсеткендей, кей 
жағдайда өте өлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. 
Мөселен, кенетген тьшыш ортада болған қатты дыбыс немесе 
керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол да еріксіз 
біздің зейінімізді аударады.
Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жана болуы еріксіз 
зейінді шақыруға себепші болады.
Еріксіз зейіннщ ең негізгі себептерінің бірі жеке түлғаньщ 
жалпы бағьгпылыганың әрекеті, оның ішінде қызығулардың 
мөні орасан зор. Не нарсе қызықты болса, ол еріксіз зейінді 
аударады.
Психологтардың еңбектеріңде еріксіз зейіннің пайда болу 
себептерінің бірі - зейіннің бағыттылығы іс-арекеттің 
Қүрылымына төуелді болуы.
Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы 
немесе зерттеу рефлекстері больш табылады. Бүл рефлекстерді 
академик И.П .Павлов басқаша “бүл не?” рефлексі деп атайды.
Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін 
нысанын тандай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, 
не қүбы лы сқа бағы тталуын айтады. Ерікті зейін 
физиологиялық түргыдан коп жағдайда екінші сигнал 
жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың 
лекциясын зейін қойып тындайды. Студент алдына күш 
бүрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, 
өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.
Жүмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті 
зейінді қажет етеді. Мөселен, корректордың жүмысы, тас 
қалауда қүрылысшының жүмысы, жүргізушінің жүмысы, 
мүғалімнің жүмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. 
Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Осындаи 
негізі беліілерше белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы 
мен бағытталуы жатады. Белгілі бір жүмыс үстінде, оның
153


ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін еріксіз зейінге 
ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге. Мөселен, 
қандай болмасын оқу материалын меңгеру барысында 
әруақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің болуын қажет 
етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз 
зейінге 
айналады. Зейіннің осындай езгеруі оку материалы 
мазмүнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мөселен, 
оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне 
тәуелділігі, көрнекілігі, түсініктілігі, сонымен қатар 
шәкірттердің оқу материалы мазмүнына қызығуына 
байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта қүру 
білімді меңгеруді біршама жеңілдетеді.
Кейде кері қүбылыста болады. Егер іс-өрекет үрдісінде 
(мөселен, білімді меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын 
қиындық кездессе, оңда еріксіз зейін ерікгі зейінге ауысады.
Іс-өрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жүмыстан шет 
нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай қүбылысты 
зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің белінуі жүмысқа 
жағымсыз эсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет