Әок 903/904 (574)»05/1» «653» мрнти



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата25.09.2024
өлшемі398,62 Kb.
#145601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Талеев Д.Ә. 
Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық ...


36
ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ
№ 2 (12) 2021
Салынған үш қазбадан алынған 
заттай деректер мен құрылыс 
қалдықтарын сараптау қорытындысы 
бойынша қаланың ерте кезеңі 
(Х–ХІІ ғғ.) мен моғол кезеңі (ХІІІ–
ХІV ғғ.) қалашықтың орталық 
бөлігінен 
анықталып, 
қаланың 
көркейген уақыты ХV–ХVІ ғғ. сәйкес 
келеді деп тұжырымдалды [Ерзако-
вич, 1966, с. 67].
Қаратаудың 
теріскейіндегі 
археологиялық зерттеуді 1971 ж. 
Оңтүстік 
Қазақстан 
кешенді 
археологиялық 
экспедициясының 
Л.Б. Ерзакович басқарған тобы 
жалғастырды. 
Зертеу 
бары-
сында үш ескерткіш (Ақтөбе 
(Шолаққорғандық)), және Айдар-
лытөбе мекенжайлары мен Қарасуан 
қалашығы) 
жаңадан 
ашылып, 
ғылыми 
айналымға 
қосылды. 
Ескерткіштердің жобасы түсіріліп, 
олардың өмір сүрген уақыты 
анықталды. Ақтөбе мен Айдарлытөбе 
мекенжайларын олардың үстінен 
жиналған қыш ыдыс сынықтарын 
Отырар оазисі және Арыс өңірінің 
материалдарымен салыстыра оты-
рып, ІV–VІ ғғ. мерзімдеді. Қарасуан 
қалашығын оның жоғарғы қабатынан 
табылған қыш ыдыстардың сипа-
тына сай ХІІІ–ХІV ғғ. жатқызды. 
Күлтөбе қалашығының материалда-
ры да оны ХІІІ–ХVІІ ғғ. аралығымен 
мерзімдеуге мүмкіндік берді [Аки-
шев, Байпаков, Ерзакович, 1972, 
с. 178–180].
1971–1973 жж. аралығында 
Қаратаудың 
теріскейінде 
зерт-
теу жүргізген Оңтүстік Қазақстан 
экспедициясының С. Жолдасба-
ев басқарған археологиялық тобы 
ортағасырлық Күлтөбе мен Ран 
қалашықтарында тұрақты қазба 
жұмыстарын жүргізді. Алғашқы 
жылы Күлтөбенің солтүстік-батыс 
шетіне 300 м² көлемде салынған 
қазба барысында қабырғалары та-
стан қаланған, әртүрлі көлемдегі 
10 бөлменің орындары ашылды. 
1972 ж. алғашқыда солтүстік-шығыс 
шетінен 
жалғастыра 
салынған 
қазба барысында сыртқы қорғаныс 
қабырғасын бойлай қатар жатқан, та-
банына тас төселген екі көшенің бой-
ында тізбектеліп орналасқан 50-ге 
жуық бөлмелердің орындары ашыл-
ды. Үй орындарының негізі тастан 
қаланып, қабырғасы қам кесектерден 
тұрғызылған. Көпшілігінің ішінде 
тандыр, сыпа, ошақ секілді үй іші 
құрылыстарының орындары табыл-
ды. 1973 ж. қазба барысында төрт 
және үш бөлмелерден тұратын үш 
үйдің орындары ашылды. Қазбадан 
табылған материалдарды Отырар, 
Түркістан оазистерінің материал-
дарымен сәйкестендіру барысында 
Күлтөбеде тіршілік ХІІІ–ХVІІІ ғғ. 
аралығында жалғасқан деген болжам 
жасалған [Жолдасбаев, 1973; 2016, 
с. 13, 22–24, 37–46].
1974 ж. ОҚКАЭ-ның С. Жол-
дасбаев басқарған археологиялық 
тобы зерттеулерін Көлтөбенің ба-
тыс жағында, Кеңсай шатқалының 
аузындағы 
ортағасырлық 
Раң 
қалашығында қазбасын жалғастырды. 
Сол жылы 625 м² көлімде салынған 
қазбадан алты бөлмеден тұратын 
тұрғын үй мен екі қойманың орында-
ры ашылды. Бөлме іштерінде ташнау, 
сыпа, тандыр, ошақ секілді үй іші 
құрылыстарының қалдықтары та-
былды. Қазба еденінен табылған мыс 
теңгелер негізінде қазылған құрылыс 
қабаты ХVІ–ХVІІ ғғ. мерзімделді. 
Бұған қосымша салынған байқау 
шұңқырының материалдары 6 м 
тұратын қаланың мәдени қабаты 
ХІІ–ХVІІІ ғғ. жататындығын көрсетті 
[Жолдасбаев, 1974, с. 48–66].


37
1980–1983 жж. аралығында 
Қаратаудың теріскейінде Шымкент 
мұғалімдер институтының әкелі-
балалы Н.П. және А.Н. Подушкиндер 
басқарған археологиялық тобы бар-
лау, зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Зерттеудің мақсаты «Свод памитни-
ков истории и культуры Казахстана» 
атты жинақтың Оңтүстік Қазақстан 
облысына арналған алғашқы томы-
на материалдар жинақтау болатын. 
Экспедиция далалық жұмыстарды 
жақсы атқарып, Қаратаудың теріскей 
беткейінде бірнеше ескерткіштер 
ашып, ортағасырлық ескерткіштердің 
санын 23-ке жеткізді [Свод..., 
1994]. Бірақ, барлау барысында 
кәсіби келеңсіз қателіктер жіберді. 
Жаңадан ашылған 11 ескерткіштің 
көпшілігі нақты атауы жоқ, «ме-
кенжай» деп берілген. Археоло-
гияда жаңа табылған ескерткішті 
жергілікті тұрғындар қалай аталса 
(Ақтөбе, Күлтөбе, Майтөбе т.т.) солай 
құжаттау, болмаса жақын маңдағы 
жер атауымен, немесе мекен атымен 
есепке алу қалыптасқан (кесте 1). Ме-
кенжай деп көрсетілген алты бірдей 
ескерткіштердің кейбіреуі ғылымға 
сонау 1946–1947 жж. белгілі болған. 
Олардың ғылыми қауым белгілі 
екенін экспедицияның бас маманда-
ры білмеген де болуы керек. Өйткені 
қатысушылар архив материалдары-
мен шала жұмыс жүргізіп, бұрыннан 
белгілі бірнеше ескерткіш назардан 
тыс қалған. Сондықтан жоғарыда 
айтылған жинаққа 1971 ж. Л.Б. Ер-
закович ашқан Ақтөбе, Айдарлытөбе 
бекініс мекенжайлары мен Қарасуан 
қалашықтары енбей қалды. Айтылған 
ескерткіштер «Древний Отрар» 
кітабының 178–179-шы беттерінде 
жарияланған [Акишев, Байпаков, 
Ерзакович, 1972]. 1946 ж. Орталық 
Қазақстан археологиялық экспедици-
ясы ашылып, зерттелген Шу өзенінің 
төменгі ағысындағы Тасты бекініс 
мекенжайы да түсіп қалған. Бекініс 
1960 ж. шыққан жинақтың 196-
бетінде 2852-ші санмен тіркелген 
[АКК, 1960, с. 196].
Кесте 1. Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалашықтары мен 
мекенжайларының тізімі
Table 1. List of medieval towns and settlements in Terskey Karatau

Ескерткіштер
Қалашық
Мекенжай
Төрткүл
Мұнара
1
Құмкент 10–15 ғғ.
Қызылкөлтөбе 
6–10 ғғ.
Қарлығаштөбе 10–15 ғғ. Ақсүмбе 
13–14 ғғ.
2
Қосбұлақ 4–6 ғғ.
Көкбұлақ 6–8 ғғ.
Төрткүл
6–9 ғғ.
3
Бабата 6–15 ғғ.
Ақтөбе (Бабаата) 
1-8 ғғ
.
4
Күлтөбе 1–9 ғғ
Мекенжай 4–6 ғғ.
5
Майтөбе 11–16 ғғ.
Қарақұлтал -
6
Шолаққорған 13–15 ғғ.
Мекенжай 6–8 ғғ.
7
Қарасуан 13–14 ғғ.
Мекенжай 6–8 ғғ. 
8
Айдарлытөбе 4–6 ғғ.
Балатұрлан -
9
Итмұрын 1–6 ғғ.
Көктөбе -
10
Тарсатөбе б.д. 3–10 ғғ.
Қарлығаштөбе 
10–15 ғғ.
11
Созақ 10–19 ғғ.
Мекенжай 6–10 ғғ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет