Әок 903/904 (574)»05/1» «653» мрнти



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата25.09.2024
өлшемі398,62 Kb.
#145601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Талеев Д.Ә. 
Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық ...


38
ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ
№ 2 (12) 2021
1990 ж. әл-Фараби атындағы 
ҚазМУ университеті археологиялық 
экспедициясының (У.Х. Шәлекенов) 
М. Елеуов басқарған Шу ар хео-
логиялық тобы Шу өзенінің төменгі 
ағысында барлау жүргізген кезде 
«Таңбалытас» ескерткішінде болып, 
оның сақталу барысымен танысты 
[Елеуов, 1991]. Сарысу өзенінің бой-
ымен жоғары қарай 20 км шамасын-
да, қызыл жыңғыл орманына қарама-
қарсы, Биік Нұраның іргесінде 
орналасқан Таңбалытас жартасы 
қазақтар жүз болып, басы қосылған 
киелі жер саналады. Жартасқа 
түсірілген таңбалардың ең көнесі 
шамамен XI ғ. басталып, XIX ғ. 
дейін жалғасқан. Өкінішке орай бұл 
ескерткіш қазіргі уақытта жойылып 
кетті деуге болады.
Ақсүмбе қалашығында зерттеу 
жұмыстары Оңтүстік Қазақстан уни-
верситетінің Б.Ә. Байтанаев бас-
қарған археологиялық тобы 2007 ж., 
облыстық мәдениет басқармасы-
ның тарих-мәдениет мұраларын 
қор ғау 
бөлімінің 
жетекшісі 
А.Н. Грищенконың қатысуы мен 
жүргізілді. Сол жылы қалашыққа бір 
стратиграфиялық кесік пен үш қазба 
салынды. Қалашықтың солтүстік-
батыс шетіне ені 3 м, ұзындығы 13 м 
етіп салынған стратиграфиялық кесік 
ескерткіштің мәдени қыртысы 4,5 м 
құрайтындығын анықтады. Мұндай 
стратиграфиялық кесіктердің не-
гізгі мақсаты ескерткіштің жасын 
анықтауға бағытталатындығына қа-
ра май қазба қорытындысы бойынша 
жасалған ешқандай тұжырымды 
байқамадық. Тек қазбадан табылған 
қыш ыдыс сынықтарын сипаттай 
келе оларға ұқсас ыдыс үлгілерінің 
Отырардың Х – ХІІ–ХІІІ ғғ. жататын 
материалдарымен баламалаған. Ал 
табылған геометриялық өрнектері 
бар тандыр сынықтарын Бабаатаның 
ХІ–ХV ғғ. жататын қабатының 
тандырларымен 
сәйкестендірген 
[Байтанаев, Ергешбаев, 2009, с. 146–
150]. Бұдан басқа үш қазба (қазба 1 
– 15×10 м, қазба 2 – 5×5 м, қазба 3 
– 3×3 м) салынған. Олардан алынған 
материалдар да сол Х–ХІІІ ғғ. 
аралығын көрсетеді.
2008 ж. «Абди Компани» 
акционерлік қоғамының президенті 
Ә. Бимендиевтің қаржыландыруымен 
12
Күлтөбе 13-17 ғғ.
Ақтөбе (жүзей) 
4–6 ғғ.
13
Ран 12-18 ғғ.
Қошқарата 6–8 ғғ.
14
Ақсүмбе 10–15 ғғ.
Ырымкөз 4–8 ғғ.
15
Тасты 6–9 ғғ.
Мекенжай 6–8 ғғ.
16
Көктөбе 6–7 ғғ.
17
Текей - 
18
Төбеттөбе 6–8 ғғ.
19
Ақтөбе (алтынтау) 
1–6 ғғ.
20
Сарыжазтөбе -
21
Атөткел - 
Ескерту:
Кейбір ескертіштерден кейін қойылған сызықша оның мерзімделуі 
анықталмағандығын білдіреді.
«Мекенжай» деген атаулардың қайталануы ол ескерткіштердің атаулары археологиялық 
жинақтарда 
солай
, ешқандай атаусыз берілуімен байланысты
 
[Свод…, 1994, c. 230, 232, 
261].
1 кестенің жалғасы
table 1 continued


39
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ 
ауданының археологиялық картасын 
жасау мақсатында зерттеу жұмыстары 
жүргізілді. Зерттеуге А. Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті құрамындағы Архео-
логия ғылыми-зерттеу орталығының 
«Тұран археологиялық экспедиция-
сы» (М. Елеуов) мен Ә.Х. Марғұлан 
атындағы Археология институтының 
Ж. Құрманқұлов басқарған Созақ 
тобы және «Археолог» Халықаралық 
ғылыми-зерттеу орталығының ғылы-
ми қызметкерлері қатысты. Барлау 
жұмыстары барысында 16 мекенжай 
жаңадан ашылып, олардың түрі, сипа-
ты, орналасқан жері жайлы құжаттама 
жасалып, жобасы мен фотосуреттері 
дайындалды. Сонымен Қаратаудың 
теріскей бетінде осы күнге дейін 
жүргізілген археологиялық зерт-
теулер нәтижесінде ортағасырлық 
36 ескерткіш мемлекеттік тіркеуге 
алынды. Олардың тоғызы едәуір 
көлемдегі қала орындары, қалғандары 
түрлі көлемдегі елдімекен орын-
дары мен жеке усадба, төрткүл, 
бекініс және күзет мұнарасы. Экпе-
диция Созақ, Құмкент, Тарсатөбе, 
Күлтөбе, Раң, Қарасуан қалашықтары 
мен Ақтөбе (Жүзейлік), Ақтөбе 
(Алтынтаулық), Балатұран, Итмұрын, 
Күлтөбе, Қарлығаштөбе, Ұзынбұлақ 
секілді мекенжайлардың үш деңгейлі 
(3D) 
топографиялық 
жобасын 
түсірді. 2008 ж. зерттеу нәтижелері 
жайлы ғылыми есеп Археология 
институтының архивіне өткізілген 
[Оңтүстік Қазақстан..., 2008].
Экспедицияның Созақ ауда-
нында жүргізген зерттеулерінің ма-
териалдары негізінде М. Елеуовтың 
«Қарақұр ескерткіштері» атты жеке 
ауылдық округтің ескерткіштерін 
топтастырған жинағы 2008 ж. жарық 
көрді. Жинаққа Қарақұр ауылдық 
округінен жаңа ашылған 69 ескерткіш 
енді. Солардың қатарында: 13 жеке оба, 
16 обалар тобы, 32 обалар қорымы, бір 
ортағасырлық елді мекен, бір үңгір, 
алты тасқа салынған сурет орындары 
бар [Елеуов, 2008, 11–12-бб.]. Барлау 
жұмыстарымен қатар Ақтөбе мекен-
жайына қазба салынды. Қазба бары-
сында VІ-Х ғғ. аралығына жататын үй 
құрылыстарының орындары ашылған 
[Елеуов, 2008, 11–12-бб.].
2009–2010 жж. Оңтүстік Қа-
зақстан кешенді археологиялық 
экспедициясының Қазақ хандығы 
қалалары тобы (Д. Талеев) Созақ 
қаласының орны Өрқақпада қазба 
жүргізді. Қазбаның мақсаты қаланың 
Қазақ хандығының қалыптасып 
дамуындағы Созақтың алатын ор-
нын көрсететін заттай дәйектер 
жинақтау болды. Жүргізілген қазба 
жұмыстары жайлы есеп Археоло-
гия институтының архивінде. Зерт-
теу жұмыстарының алғашқы тұ-
жырымдары жайлы арнайы ғылыми 
ма қа лалар жарияланған [Талеев, 2010, 
120–123-бб.]. 2012 ж. Өрқақпаның 
солтүстік-шығыс шетіндегі қорғаныс 
қабырғасының Қазы қақпаға тірелген 
жеріне қазба салынды. Қазбаның 
мақсаты қаланың мерзімделуі мен 
қорғаныс құрылыстары элементтері 
ерекшеліктерін анықтау. Алынған 
мәліметтерді зертханалық жағдайда 
саралап, салыстырып, кейбір олжалар-
ды жаратылыстану ғылымдарының 
әдістері көмегімен жүйелеу, кейінгі 
ортағасырлық қалалардың қызметін 
анықтау, қаланың сәулеткерлік, 
фортификациялық құрылымы мен 
топографиясын зерттеу. Созақтың 
Қазақ хандығы тұсындағы тари-
хи ролін білдіретін деректер мен 
археологиялық мәліметтер жинау 
болды. Нәтижесінде Созақ қаласының 
ХІІ–ХХ ғғ. аралығында үздіксіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет