30
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Запорожец, А.В. Основные проблемы онтогенеза психики [Текст] / А.В.
Запорожец // Часть 1: Предмет и методы возрастной психологии: Хрестоматия
по возрастной психологии / ред.-сост. О.А. Карабанова, А.И. Подольский, Г.В.
Бурменская. – Москва: Российское психологическое общество, 2009.
2. Лурия A.P. «Язык и сознание»: Издательство Московского
университета; Москва; 19797
3. Алексеева, М. И. Мотивы обучения учащихся [Текст] / М.И. Алексеева.
– М.: Советская школа, 2011. – 120 с.
4. Божович Л. И. (1929-31/1935). Речь и практическая интеллектуальная
деятельность ребёнка (экспериментально теоретическое исследование).
Культурно-историческая психология, №1-3, 2006.
5. Додонов Б. И. Структура и динамика мотивов деятельности // Вопросы
психологии. — 1984. — № 4. — С. 126-130.
6. Мотив достижения. Макклелланд, Д.К., Аткинсон, Дж. У., Кларк, Р. А.,
4 Лоуэлл, Э. Л., Нью-Йорк: Эпплтон-Сенчури-Крофтс, 1953.
7. Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008.
8. Alderfer, C. P. (1969). Адам қажеттіліктерінің жаңа теориясының
эмпирикалық сынағы; Ұйымдық мінез-құлық және адамның қызметі, 4 (2), 142–
175.
9. David C. McClelland. Foundation for Personality & Social Psychology. 2015
года.
10. Херцберг Ф., Майнер М. У. Побуждение к труду и производственная
мотивация // Социологические исследования. 1990. № 1. С. 126.
11. Т. А. Ильина; Политехнический музей, Научно-исследовательский
институт проблем высшей школы. - Москва: Знание, 19777
12. Подласый И. П. Педагогика: Учебник. — М.: Высшее образование,
2006. – 540 с.
31
Қосымшалар
Қосымша 1.
Мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеме. Авторы: Н.Г.Лусканова.
Оқушыларға «Мектепте маған не ұнайды? » деген тақырыпта сурет салу
тапсырылады. Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай
жағдайларға көңіл аудару керек:
1. Мотивациясы дамымаған, мектеп имитациясы жоқ, бірақта оқушының
ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери
әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;
2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас
тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты
оқушының талаптан деңгейі жоғары және талаптарына қиындықпен бейімделуін
көрсетеді;
3. Тапсырманы түсінбеуі немесе дұрыс қабылдамауы, оқушылар ешнәрсе
салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп
салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай
жағдай 0 балмен бағаланады;
Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:
- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі оқу жағдайындағы мектеп
мотивациясының жоғарылылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.
- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке
қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.
- Мектептегі ойын жағдайы қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын
мотивациясы 10 балмен бағаланады.
2. Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама.
Оқу мотивациясының деңгейін скринингті бағалау үшін Н. Г. Лусканова
арнайы сауалнама ұсынады. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін
бағаланады.( теріс жауап – 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл
жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20-24 балл ортаңғы
норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл –
мектепке деген теріс қарым – қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары.
1. Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышты барасың ба, әлде үйде
қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген
оқушыларға ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9. Сенің класта достарың көп пе?
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
32
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар
қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп
дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң
динамикасын білдіреді. Жүргізілген зерттеулер оқушының бейімделуінің үш
деңгейін бөліп көрсетеді:
Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатысты оң; берілген талаптарды
адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық
игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы
бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен
қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.
Орта деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді;
бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
тапсырмаларды мұқият орындайды; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа
қызығушылықпен дайындалады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-
қатынас жасайды.
Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының
нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады;
оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық
көрсетпейді; сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен
көмекті, үзілісті
қажет етеді; пассивті: класта жақын достары жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |