24
Егер де оқытудың
өзі ақпараттың жеткізілуі емес, керісінше мағыналы
оқыту үрдісінің белсендірілуі және ынталандырылуы ретінде ұйымдастырылса,
оқыту үрдісі нәтижелірек болады.
Білімге құштарлық пен қызығушылық мотивтерін жандандыру және
ынталандыру үшін, мұғалім оқушылармен жақсы қарым-қатынасқа қол жеткізуі
тиіс, сонымен қатар өзін де жақсы білуі керек. Барлық әрекеттер ойластырылған
болуы тиіс. Бұл басқалардан осы әрекеттерді талап етушілерге де қатысты.
2-ұсыныс.
Ішкі мотивацияны дамыту – бұл жоғарыға өрлеу.
Оқушы жұмысқа шын мәнінде кірісуі үшін, оған оқыту әрекеті барысында
қойылған
тапсырмалар, түсінікті болып қана қоймай, сонымен қатар іштей
қабылданып, яғни олар оқушы үшін мәнді болып және де оның толғаныстарынан
да орын алуы тиіс.
Ішкі мотивацияны дамыту – бұл жоғарыға өрлеу. Төмен құлдырау
әлдеқайда жеңілірек, сол себепті ата-аналар мен
мұғалімдер тәжірибесінде
оқытудың құлдырау мотивациясына әкеліп соғатын мынадай «жәрдемдер» жиі
қолданылады. Мысалы, шектен шығатын көңіл бөлу мен ықылассыз
мадақтаулар, ақталмаған төмендетілген немесе көтермеленген бағалар, қатаң
сын мен жаза. Оқытудың ішкі мотивациясының дамуы оқу мақсатына сыртқы
мотивтің орын ауыстыруы ретінде орын алады
3-ұсыныс.
«Жағымды мотивация» стратегиясы.
Жалпы оқуда немесе нақты тапсырмаларды
орындауда қиындықтарға
кездесетін кейбір оқушыларға өзгеріс жасау үшін өз әрекеттерінде ненің іске
қосылмайтынын және де қандай мотивациялық стиль түрі нәтижелірек
болатынын түсіну жеткілікті. Әрине, жаңа мотивациялық стильге үйретуге тез
арада қол жетпейді. Бірақ дайындалған, сауатты педагогтың бағытталған әрекеті
оқушыларға күрделі жағдайлардан шығуға көмектеседі.
Енді, ең нәтижесіз төрт мотивациялық стильді қарастырайық.
Жағымсыз мотиватор. Кейбір адамдар өзін және өзгелерді бір істі
орындамаса болатын апаттар туралы ойлай отырып бағыттауы мүмкін. «Емтихан
тапсырмасам – үйде
жанжал болады, екінші жылға қалып, институтқа түсе
алмаймын». Бірақ келеңсіздіктер туралы ойлау ұнамайды. Негативті
мотивациялық стиль аз ғана адам тобы үшін нәтижелі болуы мүмкін. Көпшілік
адамдар үшін жағымды мотивацияның мөлшері өте пайдалы. Бұндай
оқушылармен жұмыс барысында оған не керек екеніне зейін қою қажет. Сонда
құтылуды қажет ететін апаттар туралы ойлар артта қалады.
«Диктатор» мотивациялық стилі. Диктатор
өзін және өзгелерді қатаң
бұйрықтармен ынталандырады. Бұл әдісті қолданатын адам көбінесе «қажет»,
«тиіс» немесе «міндетті» сияқты сөздерді қолданады. Көпшілік адамдар оны
орындауға құлықсыздық танытады. Бұйрықтардың орынына шақыруларға көшу
арқылы өзін және өзгелерді ынталандыру нәтижелірек. Дауыстық
модуляциялардың маңыздылығы туралы аз жазылмаған. Сондықтан да жағымды
екпінге көшу «жақсы болар еді», «пайдалы болар еді», «біз қалаймыз» тіркестері
сияқты үлкен өзгерістер тудырады.
«Орындауды елестетіп көр» мотивациялық стилі. Көптеген оқушылар
мәселенің орындалуын
елестетіп көрудің орнына, бұл тапсырманы (мысалды
25
шешу, жауапты табу, материалды еске түсіру) орындаудың қиындығы туралы
ойда қалып қояды. Ондай оқушыларды толғаныс күйінен тапсырманың
орындалуы ол үшін немен бағалы екенін түсіндіру арқылы алып шығуға болады,
яғни тағы да жағымды мотивация күшіне енеді.
Бұл нәтижесіз мотивтердің
ішіндегі ең қиындарының бірі, сондықтан да кейде оқушыға орындалуы
қиындық туғызатын тапсырмаларды кейінге қалдыра тұруға кеңес беру
пайдалырақ.
Қайта құру мотивациялық стилі. Кейбір
оқушылар барлық тапсырманы
немесе бар жауапты жұмыстың үлкен бір қатерлі, топтастырылмаған көлемі
ретінде қабылдауға бейім тұрады және әдетте өздерін шектен тыс тапсырма
берілген адам ретінде сезінеді. Шектен тыс
тапсырма берілген адам өзін
жұмысқа кірісуге дайын емес жағдайда сезініп, оны кейінге қалдыра береді.
Ондай оқушыларға тапсырманың нәтижелі орындалуына алып келетін кішігірім
қадамдарға бөлуге жәрдемдесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: