14
бірге, оқу іс-әрекетінің алғышарты болып табылатын мотивация мен жоғары
және орташа мотивациялы балаларды оқытудың табыстылығы арасында
тәуелдік айқындалды.
Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың
оған деген қатынасының сипаты маңызды. А.К.Маркова қатынастардың үш
түрін анықтай отырып-теріс, бейтарап және жағымды қатынастар, оқушының
оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін
келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды.
Сондықтан да оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі: а)
жағымды, айқын емес, белсенді, мектеп оқушысының оқуға кірісуге
дайындығын білдіретін; б) жағымды, белсенді, танымдық, в) оқушының қарым-
қатынас субъекті ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін
жағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік; басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті
субъектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп
компонентті емес, сондай-ақ әр текті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның
қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын
екеніне көз жеткізеді.
Жалпы психологиялық анықтауда қызығушылық-бұл танымдық
қажеттіліктерді эмоционалдық бастан кешіру. Оны оқу мотивациясының
компоненттерінің бірі ретінде сипаттай отырып, күнделікті, тұрмыстық, тіпті
кейде кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста «қызығушылық» термині жиі оқу
мотивациясының синонимі ретінде пайдаланылатынына назар аудару қажет. Бұл
туралы «оның оқуға деген қызығушылығы жоқ», «танымдық қызығушылықты
дамыту қажет» деген сияқты айтулар куә болады. Түсініктердің мұндай ығысуы
біріншіден, оқу теориясында дәл қызығушылық мотивация аясында бірінші
зерттеу объекті болуымен байланысты (И. Гербарт). Екіншіден, ол
қызығушылық өз бетінше - күрделі бір текті емес құбылыс болуымен
түсіндіріледі. Қызығушылық «салдар ретінде, мотивациялық саланың күрделі
үрдістерінің интегралдық көрінісі ретінде анықталады» және де бұл жерде
қызығушылық және оқуға қатынас түрлерінің сараптап жіктелінуі маңызды. А.К.
Маркова бойынша оқуға қызығушылық кең, жоспарланған, нәтижелі,
процессуалды-танымдық және оны түрлендіруші болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: