Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет524/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы


Болжамы 
уақытылы көрсетілген емге тәуелді
.
8.8. САРЫСУЛЫҚ АУРУ
Сарысулық ауру
(дұрысы – 
синдром) организмге бөгде белоктың (жануар сарысуы)
парентеральді енуі салдарынан жүйелі иммундық дертті бұзылысымен сипатталады
.
Бөгде сарысу енгізген науқастардың 5-10%-да кездеседі. 
Этиологиясы.
Сарысу ауруы алғаш не қайта енгізгенде (сіреспе, күл, құтыру, жылан
шаққанда, ботулизм немесе газды гангренаға қарсы) дамуы мүмкін. Сарысу ауруы
синдромы кейде β-лактамды антибиотиктер, иммуноглобулиндер, антилимфоцитарлық
және антимоноцитарлық сарысу, гидантоиндер, сульфаниламидтер және басқа дәрілер
қабылдағанда да болуы ықтимал. 
Патогенезі.
Сарысу ауруы дамуы патогенезінде ең негізгісі 
– 
қанда бөгде белоктың
ұзақ мерзімді айналысы, екіншілік антигендер түзіліуі және соңынан иммундық кешендер
(міндетті түрде комплементтер қатысуымен), қанайналасындағы иммундық кешендердің
кіші қан тамыр қабаты мен тіндерге «отырып», соңғылардың жарақаттануы (жоғары
сезімталдықтың ІІІ типті реакциясы, Артюс феномені типі бойынша дамитын
аллергиялық реакция). Аурудың интубациялық кезеңі 1-2 апта. Басқа жағдайларда
осындай клиникалық көрініс тез дамиды (сарысу құйғаннан соң 1-5 күнде), патогенезінде
негізгі рольді реагиндер – IgE алады, және аллергиялық реакция анафилактикалық типте
дамиды. 
Клиникалық көрінісі.
 
Әдетте, сарысу ауруы синдромын шақыратын дәрі енгізгеннен
кейін келесідей белгілер 7-12 күн өткеннен кейін бірден немесе біртіндеп дамиды:


дене қызуының көтерілуі (90% науқастарда);



лимфа түйіндерінің (бірінші аймақтық), талақтың (10-20% науқастарда) ұлғаюы;

қатты қышынумен (90%-да) тері бөртпелері (эритрематозды, папуловезикулезді) пайда
болуы;

буындардың зақымдалуы – артралгия, ісік, гиперемия ( 10-50%);

миалгия, беттің ісінуі мен қуқылдануы;

мөлшерлі олигурия;

тахикардия және артериальды қан қысымының төмендеуі, салыстырмалы жүрек
шегінің кеңеюуі;

өкпенің желденуі;

іш ауырсынуы, диарея, құсу

аурудың ауыр ағымында кілегей қабаттардың зақымдалуы, зәрлік синдром
(альбуминурия, цилиндрурия), неврологиялық асқынулар (астения, бұлшықет әлсіздігі,
невритттер, Гийен-Барре перифериялық нейропатиясы) дамуы мүмкін. 
Жеңіл түрлерінде клиникалық белгілері 1-3 күнде, ауыр ағымында 2-3 аптада
жойылады. Болжамы қолайсыз: жүректің, бүйректің, жүйке жүйесінің айқын зақымдалуы,
геморрагиялық синдром дамуы, көмей ісігі болуы мүмкін. 
Емі.
Терапия түріне және ауырлығына байланысты. Ауру басында АШ байқалса,
жоғарыда келтірілген шаралар жүйелі жүргізіледі. Сарысу ауруының ауыр ағымында
505


қысқа курспен глюкокортикоидтар беріледі, инфузиондық ем (5% глюкоза, изотоникалық
NaCl ерітіндісінде) жүргізіледі. Жеңіл ағымында – антигистаминдер, стероидты емес
қабынуға қарсы дәрілер (ацетилсалицил қышқылы тәулігіне 30-50 мг/кг есебінен 4 рет,
метиндол және т.б), зәр айдағыштар, жергілікті қышынуға қарсы майлар қоллданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет