163
ҚОРТЫНДЫ
Соныментарихи дерексіз тарих жоқ екендігін түсіндік. Деректану пәні тарихшы
мамандарды дайындайтын оқу орындарының оқу жоспарындағы негізгі
пәнднрдің бірі. Негізгі мақсаты
тарихи деректерді іздеу,табу және оларды
талдап,зерттеу жұмысының кәдесіне жарату.
Әлбетте тарихи деректің теориялық-методологиялық проблемаларын игермей
зерттеуші табылған деректен шынайы ақпарат алуы мүмкін емес. Сондықтан
деректану пәнінің келесі міндеті шәкірттерге терең теориялық білім беру.
Тарихи дерек дайын күйінде кітап сөрелерінде жатпайтындығы белгілі.
Болашақ
зерттеуші кітапханаға, музейге немесе архиф мекемелеріне барғанда
құжат қорларымен жұмыс істеп одан тиісті ақпарат алу әдістерін осы пәнді
меңгеру барысында үйренеді.
Деректану ғылымы басқа гуманитарлы ғылымдарға қарағанда кежелеу
дамыған. Гуманитарлы ғылымдар тарихи деректерге
мұқтаж болғанымен оған
тек ХVІІІ ғасырда ғана көңіл аударылып,ХІХ ғасырдың орта шенінде өзінің
зерттеу объктісі бар жеке бір ғылымға айналды. Осы күні деректану
айналасына көптеген арнаулы пәндерді топтастырған
тарих ғылымының кең
арналы саласына айналды.
Өкініштісі, кешегі кеңес заманында да қазіргі тәуелсіз Қазақстанда да
деректанушы дайындайтын арнаулы оқу орындары жоқ. Москва қаласындағы
архивтану институты кеңес одағының барлық мекемелерін мамандармен
қамтамасыз ете алмады.«Мәдени мұра»бағдарламасы
бойыншашет елдердің
мұрағат қорларынан мыңдаған құжаттар әкелінді. Амал қанша,оларды оқып,
қазақ тіліне аударып, ғылыми айналымға кіргізетін мамандарға әлі де зәруміз.
Арнаулы кафедра тек қана әл-Фараби атындағы Ұлттық университете ғана бар.
Тарих факультетінде оқытылатын деректану пәні студенттерді тек деректану
негіздерімен ғана таныстырады.
Деректану ғылымы тек тарихшылар айналысатын ғылым емес. Ол пәнаралық
байланысты қажет ететін ғылым. Бір елдің тарихи деректерін зерттеу үшін
оның тарихын біліп қана қою аздық етеді. Ол елдің тілін, сол тілдің тарихын,
алфавитін
және оның ерекшеліктерін, жазу құралдарын, жазу материалдарын
білгенде ғана тарихи деректен шынайы ақпарат алу мүмкіндігі туады.
Алдарыңыздағы оқу құралы министрлік бекіткен «Деректану» бойынша
қалыптағы бағдарламаны негізге ала отырып2004
жылдан бері тарих
факультетінің студенттеріне оқылған лекциялар мен басқа да оқу жұмыстары
тәжрибелерін пайдалану нәтижесінде жазылды.
Оқу құралы кемшіліксіз деп айта алмаймыз.Оны жазу барысында автор
көптеген қиыншылықтарға кездесті. Қазақ тарих ғылымында кездесетін
терминдер осы күнге дейін бір ізге салынбаған. Әлемдік тарихи шығармаларда
кездесетін терминдерді аудармауға тырыстық.
Кейбір орыс тіліндегі
терминдердің қазақ тіліндегі баламасы жоқ болып шықты..
Оқу құралының мазмұнын жақсарту жолындағы ұсыныстарыңыз болса мыны
төмендегі телефонғахабарласуыңызды өтінеміз: 8-777-795-76-50.