161
Талдау үшін ірктеліп алынған құжаттарды
атрибуциялау
қажет. Яғни оның
авторы,пайда болған уақыты,жазылған жері анықталады. Бұл үшін тарихи
арнаулы пәндердің көмегіне жүгінесіз. Егер құжаттың авторы көрсетілмесе осы
адамдар жазуы мүмкін дегендердің тізімі жасалады.Содан кейін құжаттың сти-
ліне,жиі пайдалынатын сөздерінежәне басқа да ерекшеліктеріне назар аудара
отырып тізімнің шеңберін тарылта бересіз. Құжатты атрибуциялаудың әдістері
көп. Сондықтан зерттеуші соларды меңгеруге мәжбүр болады.
Мұрағат қорынан алынған құжаттың көшірмесі жасалады. Ондағы автордың
ойы толық келтіріледі. Контекстен өз пікіріңді дәлелдейтін сөлемдерді жұлып
алып пайдалануға болмайды. Кейде бір гипотезаны дәлелдейтін дерек аз болуы
мүмкін. Онда қажетті құжаттарды басқа мұрағат қорларынан іздейсіз. Басқа бір
зерттеуші жария еткен құжаттарды пайдалана отырып мұрағатқорына сілтеме
жасауға болмайды. Бұл плагиат болып шығады. Өз концепцияңызды дәлелдеу
үшін мұрағат құжаттарына фальсификация жасауға тағы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: