екіншісіне - бірін-бірі қайталамайтын,
әдеби шығармалар,жеке тұлғалар қолынан шыққан жазбаша құжаттар сияқты
деректер түрлерін жатқызған. Кейбір деректердің бұқаралық та жеке тұлғалық
та белгілері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда құжат екі топқа да жатады.
Дерекердің кейбіртоптары өз ішінде бөлінуі мүмкін. Мысалы жеке бас
құжаттары –естелік, күнделік және хаттар болып өз ішінде жіктеледі.
Тарихшылардың бір тобы тек жазбаша деректерді ғана мойындадыСолардың
бірі кеңес ғалымы Харьков университетінің профессоры
Исай Львович Шерман өзінің Русские исторические источники X-XVIIIвв. (Х., 1959) кітабында
деректерді
қалдық (остатки) және
хикаят (предания) деп екі топқа бөледі.
Оның ойынша
құжаттық материалдар қалдықи
баяндайтын не-
месе
нарративті материалдар хикаят болып есептеледі.
Соңғы жылдары ғалымдар арасында кең қолдау тапқан
Сигурт ОттовичШмидтің топтауы. Біріншіден ол тарихи деректердің барлығын да
қамтиды, Екіншіден ол пайдалануға өте ыңғайлы. Өйткені топтау негізінде
деректің ішкі «матералдық» түрі жатыр. С.О. Шмидт деректердің мына
төмендегідей түрлері мен түршелерін (типы и подтипы) бөліп көрсетеді:
1) заттай (археологиялық ескерткіштерден қазіргі заманның техникасы мен
тұрмыстық заттарына дейін);
2)бейнелеу (көркем бейнелеу, көркем-графикалық, көркем-натуралды);
3)сөз (сөйлесу, ауыз әдебиетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштер);
4)конвенционалды (лат. conventionalis –шартты) нота, математика, химия т.б.
нақтылы ғылымдардың белгілері);
5)жора-жосын, салт-сана (халықтың күнделікті тұрмысындағы еңбекке,
тұрмысқа байланысты мейрамдарда өткізілетін адамдардың іс-әрекеті);
6)дыбыстық және аудио деректер.
Қысқаша С.О.Шмид топтуына сипаттама бере кетелік. Конвенционалды
деректер дегеніміз кейбір ғылым және мәдениет саласында кездесетін шартты
белгілер
. Нотна жазбалары, математика, физика, химия сиқты жаратылыстану
ғылымдарында кездесетін символика мен формулалардың да деректемелік
маңызы бар. Деректану ғылымында бұл тақырып аз зерттелгендер қатарында.
С.О. Шмидт ғылымға