28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді



Pdf көрінісі
бет73/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. 
Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды»
, – деп көрсетеді. 
Сарматтар негізінде біздің заманымызға дейін IV–III ғасырларда Сармат 
тайпалар одағы құрылды. Соңғы жылдардағы БатысҚазақстаннантабылған 
«Алтын 
адам», 
«қайқы, 
қылыш» 
сияқтыархеологиядағыжаңалықтар 
сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай 
түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырдағұндарталқандады. 
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: 
«
Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз 
жерінен ығыстырып шығарды. Алисседондарскифтерді отырған орнынан 
қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін 
тастап кетті»
, – деп жазды. Геродот: «
Осынау көшіқон біздің заманымызға 
дейін VII–VI ғасырларда жүзеге асты»
деп көрсетеді. Исседондарға ертетемір 
дәуіріндегіОрталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық 
зерттеулер ОрталықҚазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-
жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді.Тасмоламәдениетіндегі тайпалар 
(исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған. 
Геродоткелтірген 
«алтын қырыққан құзғындар
» туралы аңыз Алтай өңірімен 
байланысты шықса керек. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары 
ішіненмассагеттермен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін 
байқауға болады. Тарих атасының айтуынша,массагеттерАракс (Сырдария) 
өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі, әрі күшті 
тайпа болған. 
Бұл тайпалар жайлы
Страбон
еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек 
географы әрі тарихшысы 
«География»
еңбегінің авторы Страбонның (біздің 
заманымызға дейін 64 – біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне 
қарағанда,Каспий теңізініңшығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар 
делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет