28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


тезис (қысқаша мазмұны, резюмесі),  бағыт-бағдар



Pdf көрінісі
бет80/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

тезис
(қысқаша мазмұны, резюмесі), 
бағыт-бағдар
(болған уақыты мен жері, кейіпкерлері), 
оқиға реттілігі

бағасы 
(айтушының 
оқиғаны бағалауы), 
резолюциясы
(оқиға немен бітті), 
коды 
(айтушының қазіргі 
уақытқа қайтуы) – тұрады.
Нарративтік талдау барысында сұхбат материалдары мазмұндық ғана емес, 
мәтін формасына қатысты да сарапталады. Яғни сұхбат берушінің жеке басына 
қатысты немесе белгілі бір оқиғаны субъективті қабылдауына байланысты өз 


71 
еркімен, өз қалауымен қандай оқиғалар мен өмірінің жайттарын бөліп 
көрсететінін өзі шешеді. Сонымен қатар сұхбат беруші қандай категорияларды, 
ұғымдарды, сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланатыны да маңызды. 
Нарративтік талдау биографиялық немесе тақырыптық сұхбатты сапалы түрде 
талдауға жетелейді. Ф. 
Шютц, В. Фишер, Г. Розенталь, Дж. Брунер
– 
нарративтік талдаудың методологиялық негіздерін жасаған ғалымдар. 
Айтылған әңгімелерді (нарратив) оқу, түсіндіріп беру және талдау бір-біріне 
тәуелсіз холистикалық тәсіл немесе «категориялық versus» және мазмұндық 
тәсіл немесе «формал-дық versus» өлшемдерімен жүреді.
Бұл екі өлшемнен нарративті интерпретациялаудың 
төрт моделі
туындайды: 
холистикалық – мазмұндық, холистикалық– формальдық, категориялық – 
мазмұндық және категориялық- формалдық.
Категориялық тәсіл толық 
мәтінді не түрлі респонденттерден алынған бірнеше мәтінді секцияларға бөлу 
және ондағы сөздерді категориялармен байланыстырып талдауды білдіреді. 
Холистикалық тәсіл материалды тұтас қарастырып мәтін-нің әрбір бөлігін 
басқа бөліктердің контексінде түсіндіреді. Категориялық тәсіл белгілі бір 
мәселені не феноменді түсіндіруге ыңғайлы. Тұлға өмірін тұтас зерттеуге 
холистикалық әдіс қолайлы. Мазмұндық тәсіл оқиға туралы әңгіменің фактілік 
ақпаратын талдайды: тұтас оқиғаның, не оның бөліктерінің мәні мен маңызын, 
мүдделердің көрінісін, информанттың тұлғалық ерекшелігін, т.с.с. Формалды 
талдау әңгіме сюжетінің құрылымын, оқиғалар реттілігін, уақыттық сәйкестігін, 
көңілкүй мен сезімдерге қатысты сөйлеу стилін, қолданылған метафоралар, т.б. 
анықтау үшін қолданылады. Нарративті зерттеп жүрген ғалымдар «кездейсоқ 
оқиғалар» тәжірибесін баяндайтын жағдайлармен жиі ұшырасатындарын 
айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет