28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет79/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Артур 
Данто
өзінің тарихтың аналитикалық философиясы атты еңбегінде бұған 
«түсіндіретін әңгіме» деген сипаттама берген болатын. Нарратив объективті 
емес керісінше субъективті әңгімелеу. Нарративтік әңгіме дегеніміз өмірде жие 
кездесетін жәй әңгімені субъективті эмоцияны және әңгіме айтушының бағасын 
қоса беру арқылы жасалатын әңгіме. Әңгіме айтушы ақпарат беру барысында 
болған оқиғаға жәй ғана констатация жасамай оған өзінің жеке басының 
эмоциясын қосып және сол оқиғаға өз бағасын береді. Сөйтіп тыңдарманды, 
оқырманды өзіне тартуға тырысады, берген ақпаратына қызықтырады. 
Тарихи оқиғалар бір-бірімен себеп-салдарлар байланыста болатындығы белгілі. 
Нарративті әңгіме айтушы осы оқиғаларды қисынды байланыстырады. 
Мысалы: 1812 жылы Бородино түбінде орыс әскері шегінуге мәжбүр болды. 
Бұл жәй әңгіме түрі ал енді осы әңгімеге оның себебін білдіретін сөздерді 
қоссақ ол нарративті әңгіме болып шығады. 1812 жылы «орыс әскері тактика-
лық қулық жасап Бородина түбінде елдің ішкі аудандарына қарай шегінді десек 
бұл нарративті әңгіме болып шығады. Мазмұны жағынан бұл әңгіменің екі 
нұсқасының да бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ, дегенмен екінші нұсқадағы 
«тактикалық қулық жасады» деген сөз тіркесі жәй әңгімені нарративке 
айналдырып отыр. Бірінші нұсқасында субъективтілік көзқарас жоқ, ал екінші-
сінде субъективтік көзқарас негізгі ойды білдіріп тұр.
Жалпы, нарратология ХХ ғ. 60-70 жылдарында жазба әңгімелерді, көркем 
мәтіндерді зерттеудің структуралистік әдісі ретінде пайда болды. Оның негізгі 
міндеті әңгімелеудің астарында жатқан «терең құрылымдар» мен «әмбебап 
грамматиканы» іздеу деп белгіленді. Нарративті тарих аясында оқиғалардың 
мағынасы түбегейлі негізделген тарихи процесс деп емес, оқиға туралы әңгі-
менің контексінде туындайтын және интерпретациямен ішкі байланыста 
болады деп түсіндірілді. Нарративтік талдаудың көмегімен фактілер, оқиғалар 
іріктеледі және түсінік беріледі.
Олар белгілі бір «сюжетке» айналып, оқиғалар неге дәл осылай болу мәнісі 
ашылады. Нарратив шындықты түсіндіру моделін жасайды, тәртіпке келтіреді, 
ұйымдастырады, сендіреді. Ол аудитория назарын бір құбылыстарға аударады, 
ал екіншісін тасада қалдырады. Нәтижесінде құбылыстар әлеуметтік және 
коммуникативтік контексте мән мағынаға ие болады. Нарратив арқылы субъект 
өзін әлеуметтік аудиторияға белгілі бір қоғамның, мәдениеттің өкілімін деп 
таныстырады. Нарративтің ерекшелігі де осында, өйткені когнитивтік 
практикасын түсіндіруші субъект таным процесінің «ішінен шыққан».
Нарратив 6 элементтен – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет