ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тұсындағы тұрмыстық ұсақ белгі,
ұсақ өзгерістерін де жақтырмайды.
Шошынып, тыжырынып, немесе күр-
сініп отырып, сынап шенейді.... Шор-
танбай шығармалары оны ескілік
үшін және діншілдік үшін күрескен
феодалдар тобының жыршысы қып
шығарады... Мұрат ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы жаңаға бой
ұсынбай кеткен, ылғи ескімен болған
зар заман ақындарының соңы», – деп
бағаланады [52, 72].
Оқулық жаңашылдықты құпта-
ған, одан үйренуді, мәдениетке жету-
ді насихаттаған ақындар деп Абай
мен Ыбырайды ерекше атай отыр-
са да, шығармаларының ағартушы-
демократтық сипатына терең мән бер-
меген. Оларды Әбубәкір, Шәңге рей,
Мәшһүрлер деңгейінен көреді. Со-
ның салдарынан әдебиеттің өркен деу
процесі айқындықпен жіктелін бей
қалғаны аңғарылады. Әйтсе де осы
дарындар туралы берген бағалары
сол кездегі ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір үшін соны тұжырымдар
еке нін де байқаймыз. Олар Абай-
ды: «Бұл дәуірдің ақындары, әсіресе
Абай жалғыз өзі, өз тұсының айна-
сы емес, өзінің алдындағы бірқатар
заманды да сөз қылып, суретке ба-
сып, өзі де танып, өзгеге де нық та-
нытып кеткен ақын болады. Сондай
ірі ерекшеліктерімен қатар жиын-
да білім беріп, бұрынғының өмірін
танытып, дәулердің таптық сырын
ашатындық жағынан Абай бүкіл ХІХ
ғасыр әдебиетінің ең үлкен тұңғы-
шы боп саналады» десе, Ыбырайды
«Алтынсарыұлы – қазақ әдебиетіне
өнер мен техниканы жырлау сары-
нын енгізген ең бірінші адам. Ба-
тыс мәдениетіне шақыру пікірі, ба-
тыстың техникасын жырлауы қазақ
даласындағы жаңаша қозғалысқа
өту тұсынан әкелген жаңалық олжа-
сы», – деп, қазақ әдебиеті тарихында
алатын орнын белгілеуге алғашқы
қадам жасайды. Бірақ Абай мен
Ыбырайдың өнерпаздық тұлғасын
сөз еткенде, олардың қазақтың клас-
сикалық жазба әдебиетінің негізін
салудағы еңбегі атап айтылып, ғы-
лыми тұрғыда дәлелденбеген. Оны
белгілі ғалым, әдебиетші Т. Кәкішев
атап айта келіп: «Ауыз әдебиетінің
дәстүрінде көрінген ақын-жазу шы-
лардың шығармашылығын білгір-
лікпен байқап, қажетті жерінде
тео риялық тұрғыдан қисын ай-
тып, эстетикалық түсіндірме беріп
отыр ған авторлар Ыбырай, Шәң-
герей шығармашылығының негізгі
сипа тын көп ақын-жыраулар ағы-
нына қосып жібереді де, қазақ әде-
биетінің тарихында сыншыл реа-
лизмді, ағартушы-демократтық ба-
ғыт тағы... жазба әдебиеттің сапа лық
жаңалығын айшықтап көрсет пей
кет кенін, сондықтан бұл дарындар
хро нологиялық ұзақ-сонар баян-
дау дың өрісінен шыға алмай, зор
тұлғаларын көрсете алмай қалғанын
байқаймыз», – деп жазады [31, 56].
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У