Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет237/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
көздері мен ақындық мектебі тура-
лы зерттеушілік ой-пікір абайтану-
да алғаш көрсетілген болса, Қ. Жұ-
бановтың «Абай – қазақ әдебиетінің 
классигі», Ә. Мәметованың «Абай –
кезеңінің дана ақыны» мақала-
ларында үздік ақын, классик екені 
тұжырымдала дәлелденді. Әсіресе, 
Қ. Жұбанов өз мақаласында ақын 
шығармашылығындағы тақырып пен 
идея, образ, ақындық шеберлік мә-
селелеріне баруы әдеби-теориялық 
ой-пікірде үлкен жаңалық болды. 
Ал Ш. Әлжановтың «Абайдың педа-
гогика туралы көзқарасы», Қ. Қуа-
нышұлының «Абай», Ә. Лекер-
ұлы
ның «Абай және оның дәуірі», 
Ғ. Тоғжанұлының «Абайды әлі толық 
білгеніміз жоқ» секілді мақалалар 
социологиялық арқауы басым бол-
ғандықтан 
пікір 
қайшылығына 
ұшы рай отырса да, Абайдың дү-
ние танымын өмір сүрген заман 
шындығына орай қарастыруда тың 
бастама салды. Абайды педагог, ағар-
тушы-демократ деген бағалаудың 
алғаш айтылуы соны ізденістердің 
қолға алынғанын дәлелдейді. Абай-
ды ғылыми жолмен зерттеудің бас-
талған шағында тұрпайы социоло-
гизм теориясына сай көзқарастағы 
мақалалар да жарияланбай қалмады. 
«Абай шығармашылығы туралы 
айтыстың» тууына байланыс ты 
Ә. Қоңыратбайұлының «Абай дың 
әлеуметтік беті туралы» («Қа зақ 
әдебиеті», 1934, №30), С. Мұқан-
ұлының «Абайды тану жолындағы 
пікірлер» («Қазақ әдебиеті», 1934, 
№30), Қ. Өтепұлының «Абай шығар-
машылығының әлеуметтік негіздері 
туралы» («Социалды Қазақстан», 
1934, № 267) сияқты мақалаларда 
Абайды ұлт ақыны деген бағаға 
келісе отырғанымен, үстем тап ор-
тасынан шыққандықтан, «Либерал-
буржуазияшылдығы» басым ақын 
болғанын дәлелдеу бағытындағы ой-
пікір көрініс тапқан. 
Абайдың қайтыс болғанына отыз 
жыл толуына орай жазылған ма-
қалалардың бір сарасы ақын шы-
ғармашылығына әдебиет теория-
сының категориялары мен ұғымдары 
негізінде зерттеуге арналды. Бұл жеке 
ақын шығармашылығын теориялық 
тұрғыда тексеруге жаңа бастама 
салды. Сол арқылы өлеңтану мен 
сюжет, композиция, образ, тақырып 
және идея, тілдің көркемдегіш құрал-
дары туралы қисындар әдебиет тео-
риясының заңдылықтарына орай 
сөз болды. Ұлттық әдебиеттану ғы-
лымының туу кезеңі үшін бұның да 
елеулі табыс екенін атап айту лә зім. 
І. Жансүгіровтің «Абайдың сөз өр-
негі» («Әдебиет майданы», 1934, 
№11-12), Е. Ысмайылов пен З. Шаш -
киннің 
«Абайдың 
композиция-
сы» («Қазақ әдебиеті», 1934, №30), 
«Абай дың өлең өрнектері» («СҚ», 
1934, №301) атты мақалалары тек 
Абай шығармашылығын ғана емес, 
қазақ поэзиясын өлең сөздің теори-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет