Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет234/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мақала жаздым. Ол «Лениншіл жас» 
газетінің 1933 жылғы февраль-март 
айларының 4-5 нөмірінде жария-
ланды», – деп автор атап жазғандай, 
«Қызыл ат» поэмасына арналған 
пікірталасқа байланысты жазылған 
болатын [69, 268]. 
ҚазАПП сыншыларынан, әсіресе, 
М. Қайыпназарұлының баяндама-
лары мен мақалаларындағы солақай 
сыншылдықтан көз ашпаған Сәкен 
шығармашылығы «Қызыл ат» по-
эмасы жазылғанда да ерекше талқыға 
түсті. Арнайы ұйымдастырылған 
пікірталаста поэманың колхоз құры-
лысына жабылған жала екені, онда 
ауыл мен қаланы бір-біріне қарсы 
қоюшылық басым көрінетіні, қызыл 
ат деп отырғаны астармен айтылған 
кедей-шаруа екені, оның өткен күнін 
артық көріп, сол уақытын аңсайтыны 
баса айтылып, саяси айып тағуға 
дейін барған пікірлер оңды-солды 
айтылып жатты. Осындай шақта 
жазылған М. Қаратаевтың мақаласы 
И. В. Сталиннің колхоздастырудағы 
асыра сілтеушіліктің болғанын әш-
керелеген «Табыстан бас айнал-
ғанда» атты еңбегінің жазылуымен 
және социалистік реализм әдісін 
бүкілодақтық деңгейде теориялық 
негізделуімен тұспа-тұс келді. Сол се-
бептен де автор бұл әдістің негізгі ны-
санасы социалистік өмір шындығын 
жырлау екенін ашып беру арқылы 
«Қызыл ат» поэмасын солақай 
сыншылдықтан сақтап қалды. Міне, 
С. Мұқановтың, М. Қаратаевтың осы 
мақалаларынан бастап социалистік 
реализмнің қазақ әдебиеттану ғылы-
мындағы «алтын дәуірі» басталды. 
Әдеби сын мен әдеби-теориялық 
ой-пікір социалистік реализмді на-
сихаттау, үлгі-өнеге ету науқанына 
белсене кірісті. Қ. Өтепұлының «Со-
циал ды реализм» (Әдебиет майда-
ны, 1933, №2), З. Шашкиннің «Әде-
биет және со циалды реализм» (Со-
циалды Қазақстан, 1933, 18 ақ пан). 
Ғ. Тоғжанұлының «Қазақ әде-
бие тіндегі сын туралы кейбір өз-
гешеліктер» (Социалды Қазақстан, 
1933, №195), Ә. Қоңыратбаевтың 
«Әд ебиетіміздегі реализм тура-
лы» (Әдебиет майданы,1934, №5), 
т.б. мақалалардың жазылу соның 
айғағы. Оларда маркстік-ленин дік 
әдіснаманың әдебиеттің таптығы, 
халықтығы, партиялығы принцип-
теріне тереңдеп бара қоймағаны-
мен, осы ұғымдардың берік орын 
тебуіне жолбасшылық сипат таныл-
ды. М. Қаратаевтың жоғарыдағы 
мақаласының ізімен қазақ әдебие-
тіндегі социалистік реализмді анық-
тау мен көркем шығарманың осы 
әдісте жазылуын қадағалау басты 
назарда ұсталды. «Біздің творчество-
лық тәжірибеде қолданатын көркем 
әдісіміз де, оны зерттейтін ғылыми 
еңбектерде қолданатын принципі-
міз де айдан анық. Ол – маркстік-
лениндік дүниетанымға сәйкес со-
циалистік революция дәуірінде туып 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет