Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет289/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жылдар бойы зерттеу нысанасынан 
тыс қалуға апарып соқтырды. Ай-
тыстан соңғы жылдарда ол солақай 
сынға таптырмас тақырып болса, 
Шәкәрім, Нарманбет, М.Ж.Көпеев 
мұраларына байланысты соңғы кез-
ге дейін орын алып келгені тарихи 
шындық. 
Айтыста Абай мұрасын зерттеу-
дің «идеялық-теориялық жағынан 
тө мен дәрежеде қалып отырғаны, 
«ақын дық мектебі» деген буржуа-
зия лық-обьективтік концепцияның 
уағыз далып келгендігі, тарихи шын-
дықтан аулақ бұл концепциядан 
Абай шәкірттері деген жалған бағыт 
туындағанын, ол ақынды халыққа 
жат және буржуазияшыл-ұлтшылдар 
деңгейінен асырмай, әдебиет та-
рихындағы өнерпаздың тұлғасы мен 
дәстүрін төмендетуге дейін апар ған 
қателіктердің орын алғаны» және 
т.б. саяси қателер ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірге үлкен айып бо-
лып тағылды. Ол осы айтыстың 
қорытындысында: «Абай мектебінің» 
концепциясын тұңғыш рет қазақ әде-
биетінің тарихына профессор М. Әуе-
зов енгізді. Дәл осы сияқты саяси 
қатені С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев
Е. Ысмайылов, А. Жиреншин жаса-
ды, бұлар бірсыпыра еңбектері мен 
оқу құралдарында марксизмнен аулақ 
кетіп, тарихи-әдебиеттік процесті ре-
акцияшыл «бірыңғай ағым» рухын-
да көрсетті», – деп тұжырымдалды. 
Абайдың тарихтағы орнын жақсарту 
мен ұлылығын көрсету үшін шә-
кірттерін күмәнді адамдармен тол-
тыру Абайға қиянат деп табылды. 
Айтпаққа орай, «тұрпайы социо-
логизм» ықпалына бой алдырған, 
нигилистік көзқарасты дәріптеуге 
бет алған әдеби сын «Социалистік 
Қазақстандағы» «Абайды зерттеу-
дегі бұрмалаушылыққа қарсы» (4 
шілде) деген бас мақаладан өріс 
алды. Б. Сахариев «Абай шәкірт-
тері деген кімдер?», Қ. Туғанбаев 
«Абайдың ақындық мектебі тура-
лы», М. Сильченко мен Н. Смирнова 
«Қазақ әдебиетінің тарихы партия 
жолымен, марксизм-ленинизм жо-
лымен зерттелсін», «Правдиво ос-
вещать жизнь и творчество Абая» 
(284), М. Сильченко «Состояние и 
задачи научной разработки наследия 
Абая» секілді мақалалар жариялап, 
әдебиетші-ғалымдар арасындағы ұлт-
шылдық бұрмалаушылыққа барған 
«зиянкестерді» әшкерелеу науқанын 
жалғастырып жатты. Оларда Абай 
мұрасын маркстік-лениндік әдіснама 
негізінде зерттеп, түзету талап етіліп 
жатқанымен, әсіре тапшылдыққа 
салынудың салдарынан тұрпайы со-
циологизм мен нигилизм сарыны 
айқын сезіліп тұрды.
Ұлттық әдебиеттану ғылымына 
ұлтшылдықты әшкерелеу саясаты-
на сүйенген «тұрпайы социоло-
гизм» теориясының шабуылы абай-
тануға байланысты ғана жүргі-
зілген жоқ. Ол қазақ фольклорын, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


308


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет