ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
«Әдебиеттану ғылымы мен сыны-
ның дәрежесі жоғары болсын» (1956,
22 наурыз) атты бас мақала мен
«Казахстанская правда» газетіндегі
М. Қаратаевтың «Нужна подлин-
но научная история қазахской ли-
тературы» (1956, 14 қазан) деген
мақаласы болды. Оларда партияның
көркемөнер иен ғылым саласын-
дағы жаңа саясаты түсіндіріле келіп,
әдебиеттану мен сындағы орын ал-
ған кемшіліктерді түзету мен жаңа-
ша зерттеуде лениндік әдіснаманың
қағидаларын басшылыққа алудың
жолдары методологиялық тұрғыда
негізделді. Бұл «Қазақ әдебиеті»
газетінің «Әдебиет және әдебиеттану
ғылымы» аталатын бас мақала-
сында кеңірек сөз болды да, қазақ
әде биетінің ғылыми тарихын жасау
мәселесі нақты қойылды. Осы секілді
жаңаша көзқарастан қуат алған ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
бұған дейінгі өткен жолындағы бар-
жоғын түгелдеуге батыл кірісті.
Р. Бердібаевтың «Қазақ әдебиеті
тарихының
кейбір
мәселелері»
(«ӘжИ», №2), Ә. Дербісалиннің
«Байсалды зерттеуді қажет ететін
мәселе» («Қ. Ә.», 4 мамыр),
М. Дүйсеновтің «20-жылдардағы
қазақ совет әдебиеті», С. Сейітовтің
«Казах ская советская литерату-
ра перио да довоенных пятилеток»
(1956, ҒА-ның Хабарлары, V кітап),
Б. Кен жебаев тың «Қазақ совет әде-
биеті кезеңдері жөнінде» («Қ. Ә.»,
7 желтоқсан), Ә. Қоңыратбаевтың
«Сынның сырқаулары» («Қ. Ә.»,
3 ақпан) секілді мақалалары ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің әрі-сәріде
тұрған кезіндегі алғашқылығымен
ғана емес, жаңа арнаға бастайтын
батыл барлаулар жасай алуымен құн-
ды. Ең бастысы, тұрпайы социоло-
гиялық көзқарастағы бағалаулардың
әдебиеттің таптығы қағидасын асы-
ра дәріптеуден туғандығының сы-
ры ашыла бастады. Бұл – бір. Екін-
шіден, 1920-1930 жылдардағы әде-
биетті іштей бірнеше кезеңдерге
бөлу жолындағы алғашқы түсініктер
қалыптасты. Орыс әдебиеттануының
осы бағыттағы қадамдарына сүйене
отырғанымен, Б. Кенжебаев өзінің
1941 жылғы «Қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті» атты кітапшасындағы қа-
зақ әдебиетін дәуірлеу туралы көз-
қа расын жалғастыра отырып, оның
«Совет әдебиеті» деген бесінші
кезеңін енді «Қазақ совет әдебиеті»
деп атады. Оны іштей «қазақ совет
әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі»,
«соғысқа дейінгі бесжылдықтар дә-
уіріндегі әдебиет», «Ұлы Отан со-
ғысы кезіндегі әдебиет», «соғыстан
кейінгі жылдардағы әдебиет» деген
кезеңдерге бөлуді ұсынды, ғылыми-
зерттеу жұмыстарды осы жүйеде
жүргізуге шақырды. Осының бар-
лығы 20-30-жылдардағы әдебиеттің
туып-дамуына үлес қосқан ақын-
жазушылар
шығармашылығының
жа ңаша бағалана бастауына, зама-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У