ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жолындағы зерттеу жұмыстары тез
арада қолға алынсын деген байлам
жасалды.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әде-
биетінің дамуына зор үлес қосқан
алашшыл арыстардың шығар ма шы-
лығы рухани және ғылыми ортадан
мүлде аластатылды, зерттеу нысана-
сына алыну мүмкіндігінен мүлде ай-
ырылды. Оларға ұлтшылдықтың қара
таңбасы мықтап басылды. Бұлардың
өздерін ғана емес, шығар маларын
оқығандарға да, ғылыми зерттеу
еңбектерде қосымша қарастыр ған-
дарға да ұлтшылдық қамытын кигізіп
жіберетін қасіретті керағар түсінік
қалыптасты.
5. Конференция социалистік реа-
лизмді бүкіл кеңес әдебиетінде се-
кілді қазақ әдебиетінде де ең бас-
ты көркемдік әдіс болатынын тео-
риялық тұрғыда негіздеп берді.
М. Қаратаев өз баяндамасында
бұл әдістің өзі түгіл атауы да жоқ
болған 1920 жылдардағы сын-
шыл реализм дәстүрінде жазылған
шығармаларды социалистік реа-
лизмге барар жолдағы ізденістер мен
алғашқы қадамдар еді деп икемдей
баяндауы осыны көрсетеді. Бұдан
баяндамашы социалистік реализмді
маркстік-лениндік ілімнің әдебиеттің
партиялығы, халықтығы, таптығы
секілді принциптерінің аясына қа рай
негіздеуді мақсат тұтты демеске лаж
жоқ.
Бұл айтылғандардан шығатын
қо рытынды: ұлттық ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікір әдеби мұраны
маркс тік-лениндік
әдіснаманың
әлем дік ғы лым дамуынан тыс, тота-
литарлық жүйеге сүйенген құрсаулы
қағидаларына, атап айтқанда, әде-
биеттің таптығы, партиялығы, ха-
лықтығына сай ғана зерттеуге бір-
жола душар болды; В. И. Ле ниннің
екі түрлі мәдениет туралы пікірі
әдеби мұраны игеруде басшылыққа
алынатын бірден-бір айнымас қағи-
да болып тұжырымдалды; ұлттық
мүддеге қарай тамыр тартатын жа-
ңаша ізденістерінің барлық жолы
кесілді; кеңес дәуіріндегі әдебиет
ғана емес, бүкіл әдеби мұра тек
осы қағидалар шеңберінде идеялық
жағынан дұрыс, лениндік әдіснама
жағынан ғылыми терең, партиялық
тұрғыда әділ бағалануы қатаң ба-
қылаумен орнықтырылды; қазақ
әдебиеттану ғылымының ғасыр ба-
сынан бері ұлттық таным-білікке
сай жүргізілген соны табыстары-
ның көпшілігі жоққа шығарылды;
еуропацентристік пиғыл мен ұлы
державалық шовинизмнен, нәсілдік
менсінбеушіліктен де тартынбаған,
тіпті қажет жерінде «тұрпайы со-
циологизмді» де пайдаланып қа-
лып отыратын маркстік-лениндік
әдіснаманың толық билігі орнады.
Қандай да болсын ұлт республика-
ларында сол халықтың мүддесіне
сай жаңа қадамын қырағы қадағалап
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У