Педагогика әдіснамасының мәні



Дата16.10.2023
өлшемі14,52 Kb.
#116211

Педагогика әдіснама: мәні, ғылыми мәртебесі, құрылымы
Педагогика әдіснамасының мәні туралы түрлі көзкарастар бар. Кейбір зерттеушілер әдіснамасының, теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; баскалары таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншісі - күрделі практикалык мәселелерді шешудің негұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы; төртіншісі теориялык және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ак, осы жүйе туралы; бесіншісі - ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды. «Әдіснама» терминінің мағынасы: танымның ғылыми әдісі туралы ілім; тізбеде көрсетілгендей, әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдіснама - нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.
Әдіснамалық рефлексияның құрылымына зерттеудің ғылыми аппаратының жеке компоненттері кіреді. Мәселен, зерттеу мәселесі (бұрын соңды қарастырылмаған нені зерттеуге болады?); зерттеу тақырыбы (бұны калай атаса болады?); тақырыптың өзектілігі (аталған мәселені неліктен осы уақытта зерттеу қажет?); зерттеу объектісі (нені қарастырамыз?); зерттеу пәні (объект қалай қарастырылады, берілген зерттеу қандай жаңа қатынастарды, касиеттерді, функциялар мен аспектілері қарастырылады?); болжамдар мен қорғалатын позициясы (объектіде не байқалмай тұр, зерттеуші өздері көрмей тұрған қандай сипаты бар?); зерттеу мақсаты (зерттеуші кандай нәтижелерді алғысы келеді, ол нәтижені қалай көреді?); зерттеу міндеттері (мақсатка қол жеткізу үшін не жасау кажет?); зерттеу жаңашылдығы (өзгелермен жасалмаған қандай жаңалық бар, кандай нәтиже алғаш рет алынды?); ғылым үшін мәні (оның мәнін құратын, ғылымның дамуына бағытталған, кай ғылым саласына өзгеріс енгізеді?); төжірибе үшін мәні (тәжірибелік педагогикалық іскерліктің кандай нақты кемшіліктерін зерттеу нәтижесінде алынған нақты нәтижелер арқылы түзеуге болады.
Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесі. Ғылымдардың кең арнасы ішінде педагогика ғылымы өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Себебі педагогика қазіргі заманның ең көкейкесті мәселесі пәні ретінде педагогикалық, зерттеу мен оны қамтамасыз ету әдістері кіретін педагогика әдіснамасының шеңберіндегі арнайы пән ретінде: осылайша, педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәнін зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерді қосатын және тар мағынада жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау, түсіндіру мен түсіндірудің әдістері, білімдер жүйесі ретінде қабылданады. Қазіргі кезде көптеген әлемдік маселелерді шешуге педагогика ғылымының да айтарлықтай үлесі бар. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы саяси, әлеуметтік экономикалык, рухани ағартуда, т.б. жүріп жатқан іргелі жаңарулар, сайып келгенде, адам мәселесіне келіп тіреледі. Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы және педагогикалық зерттеулер әдіснамасын (М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев, Б.Т Лихачев, А.М. Новиков, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, Г.П. Щедровицкий және т.б.) басшылыққа алып, педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістерін жүйелеген. Бұл жүйеде педагогиканың әдіснамасы ғылымның әдіснамасының тікелей көшірмесі емес, педагогиканың әдіснамасы жеке дербес ғылыми білім саласы ретінде берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет