Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет337/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
арқылы дәлелдей отырып тану, білу, 
кейбіреулерінің туындыларындағы 
қайшылықтарды аша отырып, маркс-
шілдік сын көзімен пайдалану» ба-
сты мақсат тұтылды. Сол себептен 
және бұрын көбірек зерттелгендіктен 
де Махамбет, Абай, Ыбырай, Шоқан 
шығармашылықтарына мол орын 
беріліп жан-жақты сөз болған. Ал 
Шернияз, Сүйінбай, Біржан, Ақан 
сері, Әсет шығармашылығын сөз 
етуде өмірбаянды деректер мен 
қалдырған мұрасының зерттелу 
дең гейін, өлең-жырларының тақы-
рыптық, мазмұндық сипатын таны-
ту жағы басым түскен. Керісінше
«өмір құбылысын, әлеуметтік мәсе-
лелерді феодалдық таптық көзқа-
расымен түсінген» – Бұқар жырау, 
«керітартпа көзқарас пен ескішіл 
идеядағы ағымның өкілі» – Дулат, 
«ескішіл ақын, феодал табының 
мұңшысы, жаршысы, идеологы» – 
Шортанбайларға арналған тараулар 
үлкенді-кішілі мақала деңгейінен 
аспады. Олардың мұрасына 1959 
жыл ғы конференцияда айтылған тұ-
жырымдардан әрі тереңдеп бармау-
дың салдарынан ескішіл-феодалдық 
ағымдағы қайшылығын ашу басты 
назарда болса да, қазақ әдебиетін 
дамытудағы үлестері бұрмалана тү-
сіндірілді. Жалғыз дастанымен әде-
биет тарихына енген Алмажан, не-
месе әлеуметтік болмысты таптық 
тұрғыдан түсініп айтысқан Сүйінбай 
деңгейіндегі бағаға да ие бола алма-
уын замана қысымынан болды деп 
қана түсіну қажет. Бұдан ұлттық 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
маркс тік-лениндік әдіснаманың тап-
тық, халықтық қағидасы бұғауын-
дағы хал-ахуалы бір көрінсе, 
екіншіден, «тұрпайы социологизм» 
теориясындағы көзқарастан да әлі 
толық арылып бітпегені байқалады. 
Ол еңбекте қате бағаланған ақын-
жыраулар тұлғасымен ғана шек-
телмейді. Әдебиет тарихынан орын 
алмақ түгіл, аты да аталмай қалған М. 
Мөңкеұлын, немесе «Бес ғасыр жыр-
лайды» жинағы бойынша санағанда 
ХVІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Шал 
ақын бастаған алты ақынның, болма-
са ХІХ ғасырдағы жиырмадан астам 
ақын-жыраудың шығармашылығын 
еске алсақ, бұған да болса шүкіршілік 
деп қазақ әдебиеттануы «тұрпайы со-
циологизмге» бой алдыра отырса да 
ғасырлар мұрасын зерттеудегі қатып 
жатқан тоңды бұзды демеске бол-
мас. Шындығында, ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә-
уіріндегі ғылым талаптарына сай 
болса да қазақ әдебиетінің бар-жоғын 
түгелдеуге деген ұмтылысының за-
ман ыңғайына орай көрінген ізденісі 
еді деп бағалау орынды болмақ.
Міне, осы сипаттағы бағыт-бағдар 
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке 
арналған осы томның 2-кітабында 
да көрініс тапқан. Екі түрлі мәдениет 
туралы қағида басшылыққа алын-
ғандықтан, еңбекте ағартушы-де-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


357


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет