ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
С. Қирабаевтың «С. Сейфуллин»
(1962), Е. Ысмайыловтың «Ақын және
революция» (1964), Т. Кәкішевтің
«C. Сейфуллин» (1967) секілді ең-
бектері мен көптеген зерттеу мақа-
лалар сәкентану ілімінің негізі қалана
бастағанын танытты. Жеке дарын-
дар шығармашылығын осы кезге
дейін қол жеткізген монографиялық
очерк немесе портрет дәрежесінен
тереңдете зерттеу шұғыл қолға алын-
ды. Оған осы 60-жылдардың ішінде
ғана жарық көрген М. Дүйсеновтің
«Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын
мұраты» (1967), Т. Нұртазиннің
«Б. Майлин творчествосы» (1966),
«Жазушы және өмір» (1960), Б. Ыс-
қақовтың «C. Дөнентаев» (1966),
Ы. Дүйсенбаевтың «С. Торайғыров»
(1967), Б. Наурызбаевтың «Б. Май-
лин прозасы» (1967), М. Қаратаевтың
«М. Әуезов» (1967), Т. Әбдірах-
манованың «Ақын сыры» (1965)
секілді монографиялары айқын дә-
лел. Бұлар ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің кемелдене бастағанын
ғана емес, жеке ақын-жазушылар
мұрасын тұтас, толық және жан-
жақты зерттеудің үлгісін көрсетіп
берді. Идеялық-шығармашылық мә-
се лелері осы шақта жетекші болып
отырған әдіснама талап-тілектері-
не сай қарастырылғанымен, ұлттық
әде биеттануға үлес болып қосылған
қорытындылар жасалғанын жоққа
шығаруға болмайды. Ал шынына
келгенде, қазақ әдебиетінің идея-
лық-шығармашылық мәселелері әде -
биеттің
таптығы,
халықтығы,
пар тиялығы қағидаларына тіке-
лей байланысты еді. Осыған сай
20-30-жылдардағы қазақ әде бие-
тінде идеялық-шығарма шылық прин-
циптердің орнығу процесі де арнайы
зерттеле басталды. М. Қаратаевтың
«Қазақ прозасында социалистік реа-
лизмнің қалыптасуы» (1965), Б. Кен-
жебаевтың «20-жылдардағы қазақ
совет әдебиеті» (1961), Т. Кәкішевтің
«Октябрь өркені» (1962), «Дәуір
суреттері» (1967) секілді еңбектерінің
жарық көруі заман талабынан туған
еді. Олардан қазіргі көзқарасқа сай
қате ой-тұжырымдар табу оп-оңай.
Бірақ, қазақ әдебиеттану ғылымының
қалыптасу жолын маркстік-ленин дік
әдіснама қағидаларына орай болса
да орнықтыру жолындағы ғылыми
ізденіс ретінде көрінетін тұ жы рым-
дарын жоққа шығаруға еш болмай-
ды. Себебі, ғылыми-зерт теушілік
ой-пікірдің басқа жолға бара алмаған
тұсаулы кезеңіндегі хал-жағдайын
тү сіне отырып, басшылыққа алынған
әдіснама негізінде болса да дамытуға
жол бастағанын теріске шығара-
тын болсақ, 1970-1980 жылдардағы
көптеген ғылыми еңбектердің жа-
зылуының барлығы дұрыс болып са-
налмас еді.
Орайы келгенде айта кету ке рек,
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен
әріге бармауының себептері де бар.
Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У