ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
циядан соң іле-шала-ақ өз ұсыны-
сын көпшіліктің ой-талқысына салу
мақсатында «Қазақ халқының жаз-
ба әдебиетінің тарихы қайдан, кім-
нен басталады» («Қазақ әдебиеті»,
1960, 22 шілде) деген ғылыми мәні
зор мақаласын жариялаған бола-
тын. Дайындалып жатқан ІІ томның
1-кітабында (1961) айтылады ғой
деген тоқмейілсу көңіл ме, әлде да-
улы мәселеден қашқақтау ма, ғалым
ұсынысын қолдаған бірді-екілі мақала
болмаса, кең көлемде талқылауға ат
салушылар шыға қоймады. Қ. Жұ-
малиев «Қате пікір қағидаға айнал-
масын» («Қазақ әдебиеті», 1960, 29
шілде) атты қарсы мақала жазып, өз
концепциясын қорғап қана қойған
жоқ, әдіснамалық тұрғыда негіздеп
тастады. Оны кейінде айтылғандай,
«Шын ғылым айтыстан тумақ.
Осы тұрғыдан келгенде академик
Қ. Жұмалиев әдебиеттануды кері
кетірген жоқ, қайта әдебиетімізге
негіз болған ежелгі жазба жәдігер-
лік тердің тезінен зерттелуіне белгілі
дәрежеде қозғау салды» (268, 224)
деп көлгірси бағалаудың жөні жоқ.
Бұны біз кемелдене бастады дей
отырғанымызбен, ғылыми-зерт теу-
ші лік ой-пікірдің осы бағытта ізде-
ністер жасауға мүмкіндігі бола тұрса
да жан сала кіріспеген кемшілігін,
әдебиетші-ғалымдардың «жоғарыға»
жалтақтаудан
аса
алмағанын
көрсету мақсатында айтып отыр-
мыз. Міне, сондықтан да болар
қазақ әдебие тінің тарихи курсын
жасауға арналған мо нографиялар
жазу кейіндей берді. Оған 60-жыл-
дары Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әде-
биеті тарихының мәселелері және
Абай поэзиясының тілі» (1960),
Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Ок-
тябрь алдындағы демократияшыл
әдебиеті» (1966) атты еңбектерден
бас қа монографиялардың болмауын
айтсақ та жеткілікті.
Бұдан ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір әдебиеттанудың басқа сала-
ларында соны қадамдар жасау ға
ұмтылысқа бармады деген ұғым
тумайды. Көп томдықта (ІІІ том,
1-кітап) 30-жылдардағы әдебиет тану
ғылымының табысы деп бағалан-
ғанмен, не себепті қолданудан шыға-
рылып қалғаны түсіндірілмеген
Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теория сы»
(1938), Е. Ысмайыловтың «Әде биет
теориясының мәселелері» (1940)
секілді еңбектерден кейін қазақ әде-
биетінің теориялық мәселелерін
тұтас қамтыған іргелі зерттеу туа
қоймаған-ды. Е. Ысмайыловтың
«Ақындар» (1956) монографиясы,
Б. Кенжебаевтің «Қазақ өлеңінің
құрылысы» (1955) атты кітапшасы
болмаса, 1940-1950 жылдары ғылыми
мақалалардан әріге бара қойған зерт-
теу болмады .
Міне, қазақ әдебиеттануының
кешеуілдеп қалған осы саласын
зерттеу жұмысы қызу қолға алын-
ды. Қ. Жұмалиев өзінің 1938 жылғы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У