ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
көрсетілген. Бұдан кейін сол ақын-
жазушының шығармашылығы жай-
лы жазылған әдебиеттану мен сын
еңбектерінің басты-бастыларының
тізімі берілген. Бірақ бұл схема
барлық ақын-жазушы тұсында толық
сақталмапты. Мәселен, неге екені
түсініксіз, библиографияда кейбір
ақын-жазушылардың өмірбаянынан
ешқандай дерек жоқ. Ақын-жазу-
шылардың әр тұста шыққан кол-
лективтік жинақтарының тізімі ар-
наулы бөлімде көрсетілген. Бұдан
кейін библиография да әдебиеттану
мен сынға арналған бөлім бар. Ол
бөлімнің өзі әдебиеттің жанрларына,
әдебиеттанудың негізгі мә селелеріне
байланысты бірнеше та қырыпқа бө-
лініп жіктелген. Бұл – библиогра-
фияның алғы сөзінде атап көрсе-
тілгендей, көпшілік оқу шыларға
ұсынылған (рекомендательная) биб-
лио г рафиялық көрсеткіш. Биб лио -
гра фияның алға қойған осы мақ-
са тымен тікелей байланыс ты, әсі-
ресе, әдебиеттану мен сын бөлі-
мінде көптеген материалдар қалып
қойған.
Ғылыми
библиография
бол ма ғандықтан мұндай көпші-
лікке ұсынылатын (рекомендатель-
ная) библиографияның толық бол-
мауы заңды. Қазақ әдебиетінің
Ұлы отан соғысынан кейінгі он
екі жылдық мерзімінен көптеген
мағлұматтар беретін бұл көлемді
библиографияның қазақ әдебиетінің
сол тұстағы жай-күйімен танысқысы
келетіндер үшін де, қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеп жүрген әдебиетші
ғалымдар мен сыншыларға пайдасы
тиетіні сөзсіз.
Қазақ Ғылым академиясы жүйелі
түрде шығарған қазақ әдебиетінің та-
рихына арналған том-том еңбектер-
дің ішіндегі библиографиялардың
да әдебиет библиографиясы тари-
хынан алатын өзіндік орны бар.
Атап айтсақ: «Қазақ әдебиетінің
тарихы». І том. Фольклор (1948),
«Қазақ әдебиетінің тарихы» ІІ том.
(1961), «Қазақ әдебиетінің тарихы».
ІІІ том. «ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті» 2-ші кітап. (1966). Жалпы
еңбектердегі библиографияны жи-
нап толықтырғандар Ғ. Әбетов және
Ә. Нарымбетовтер болатын. Төңке-
рістен бұрынғы қазақ тілінде шық-
қан мерзімді баспасөзде қазақ әде-
биетіне қатысты көптеген мате-
риалдардың жарияланғаны бар-
шаға аян. Соңғы кезге дейін ол ма-
териалдардың белгілі бір жүйеге
түскен арнасы библиографиясы жоқ
еді. Әдебиет библиографиясындағы
осы бір олқылықты библиограф
Ү. Сүбханбердинаның 1961 жылы
«Айқап» бетіндегі хат-хабарлар маз-
мұндалған библиографиялық көр-
сеткіші. Бірінші бөлім. Алматы, Қазақ
Мемлекеттік баспасында шықса,
«Қазақтың төңкерістен бұрынғы
мерзімді баспасөзіндегі материал-
дар» мазмұндалған көрсеткіш. Екін-
ші бөлім. Алматы, Қазақ ССР Ғылым
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У