І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Бір айта кететін жағдай, тәуелсіз-
дік алғанымызға дейін Ә. Бөкейха нов
есімін атауға тыйым салынған ке ңес
дәуіріндегі талап-тілекке сай бұл
том дағы Абай туралы пікірлерді орыс
ғалымы А. Н. Седельниковке апа рып
таңып жүрген тұжырым абай тану
ғылымында әлі күнге дейін орын алып
отыр. Еуропацентристік көзқарасқа
әбден мойынсұнып, бізге барлығын
орыстар жасап берді деп өзімізді
өзіміз мансұқ етіп келгеніміздің бұл
да бір мысалы. ХVІІІ томдағы қазақ
әдебиетінің тарихы, оның көрнекті
өкілі Абай туралы пікірді А. Н. Се-
дельниковке апарып таңғанда, оның
қазақ фольклоры мен әдебиеті тура-
лы басқа орыс фольклористермен са-
лыстырғанда жартымды ештеңе жаз-
бағанын да естен шығардық. Оның
қазақ даласын зерттеудегі негізгі ны-
санасы географиялық жағдайлары
мен жануарлар, өсімдіктер дүниесі,
этнографиясы болған. Әзірге бізге
белгілі еңбегі «Распределение насе-
ления киргизского края по терри-
ториии, его этнографический состав,
быт и культура» деп көрсетіліп
жүр. Бұл – біз жоғарыда сөз еткен
ХVІІІ томдағы Ә.Бөкейханов жазды
деп отырған тарау. Оның авторы
Ә. Бөкейханов екенін мына дерек
дәлелдей түседі. Осы тараудағы Абай
шығармашылығы туралы айтқан-
дағы «Семей әншілерінің ауызынан
«Татьянаның хаты» атты өлеңін
тыңдауға болады» деп жазған пікірін
1905 жылы «Семипалатинский лис-
ток» газетіндегі «Абай Құнанбаев»
(не кролог) атты мақаласында «1899 го-
ду в Кокенской волости киргизский
певец Адылхан предложил нам по-
слушать «Письмо Татьяны» под
аккомпанемент его скрипки», – деп
нақтылай түскен болатын. Ә. Бө-
кей хановтың басқа да ғылыми
еңбектерімен тарихи және стильдік
жағынан салыстыра зерттесе көп сыр
ашылатыны анық. Өкінішке орай,
бұл тарау 1995 жылы шыққан Ә. Бө-
кейхановтың таңдамалы жинағына
енгізілмеген.
Бұл томдағы қазақ әдебиетін сөз
еткен тарауды Ә. Бөкейханов жазған
дегенде Әлихан мен Абай бір-бірін
білген бе деген мәселе туындайды.
Бұл, әсіресе, Абай өмірбаяны туралы
алғаш жазылған К. Ысқақов пен
Әлихан мақалалары төңірегінде жиі-
рек айтылып жүр. Бұл мәселені ше-
шіп алу – абайтану ғылымы жә не
Бөкейханов мұрасын зерттеу үшін
ғана емес, ұлттық ғылыми-зерт теу-
шілік ой-пікірдің қалыптасу жолын
көрсетуде де маңызы бар. А. Н. Се-
дельников жазсын, Әлихан жазсын
әйтеуір Абай тұлғасы орыс жұртшы-
лығына осы еңбек арқылы таныл-
ды ғой деп «жауырды жаба тоқып»
кете беруге енді болмайды. Бұған
Әлихан, Кәкітай мақалалары мен
басқа да еңбектерді сөз еткенде әлі
де тоқталамыз. Әзірше, осы томдық-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У