Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет90/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мұраны игеру мәселесін дұрыс шешіп 
алуына кедергі жасады.
Осындай қате көзқарастарға қа-
рамастан, халық әдебиеті нұсқала-
рынан «Батырлар», «Аяз би», «Өтірік 
өлең», «Тазша», «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу», т.б. жинақтар жарық көрді. Со-
нымен қатар, сол дәуірдегі мерзімді 
баспасөз бетіндегі пікірталастағы 
пікірлердің, жеке мақалалардың бар-
лығы бірдей қате концепцияларға 
мүлде бой ұрған көзқараста болды 
десек қателесер едік. Әдеби мұраны 
көптеп жариялап, олардың жина-
луына қолғабысын тигізгендердің 
баспасөз арқылы ауыз әдебиеті, оның 
жекелеген нұсқалары туралы ғылы-
ми-зерттеу мәніндегі мақалалары да 
шығып жатты. Мысалы, М. Әуезовтің 
1922 жылы «Шолпан» журналын-
да жарияланған «Қазақ әдебиетінің 
қазіргі дәуірі» (№ 2, 3) мақаласынан 
қате көзқарастағы теориялар да, 
маркстік-лениндік әдіснаманың тап-
тық принципі де байқалмайды [30]. 
Бұл секілді мақалаларда әдебиет 
туралы жалпылама айтылғанмен, 
негізінен әдеби мұра, оның ішінде 
халық ауыз әдебиеті, оның жанрла-
ры, өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала 
отырып, жазба әдебиетпен байла-
нысы, фольклорлық нұсқаларды 
жи нау, жариялау, зерттеу, олардан 
үй рену мәселелеріне назар аудары-
лады. Қазақ фольклоры мен эпосы-
на ғылыми-тарихи тұрғыдан қарап, 
пікір білдірген зерттеу дәрежесінде 
көрінгендері де бар. М. Әуезов 
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» 
атты мақаласында «ескі ел әдебиеті» 
жайында қомақты ой айтып, хал-
қымыздың өте бай мұрасының жал-
пы тарихын білу, бай дәстүрін пай-
далану туралы принципті мәселе 
кө терді. Автор қазақ ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинаушы орыстың ориен-
талист ғалымдарының пікірлеріне 
сүйене отырып, қазақ фольклорының 
дәстүрін, қазақ халқының мәде-
ниетіндегі орнын, оны сақтаушы 
ақын дар қызметін бағалауда ғылыми 
толымды ойлар айтты. Бұл мақала-
ның кейбір ұшқары топшылаула-
рына қарамастан қазақ әдебиеттану 
ғылымында әдеби мұраның қо-
ғамдық, халықтық сипаты туралы 
алғаш сөз қозғалды. Сол сияқты 
М. Әуезов «Қобыланды батыр» ма-
қаласында эпостық жырлардың об-
раздарын, сюжеттік ерекшелігін, 
та рихилығын зерттеу проблемасын 
кө терді. Халық арасында кең тараған 
«Қобыланды батыр» жырына әдеби-
тарихи талдау жасай келіп, «әдеби 
ескерткіш» деп бағалайды.
1920 жылдардың бас кезінде жа-
рияланған осы мақалалар әдеби 
мұраның озық үлгілерін халықтың 
рухани игілігіне айналдыру үшін 
нигилистік көзқарастың дауылы кө-
терілуіне қарамастан әдеби-тео рия -
лық таным мен әдеби-тарихи тал-
даудың ғылыми дами бастауы на 
ықпал етті. Кейбір баспасөз орын-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет