ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дары төңірегіне топтасқан жас ақын-
жазушылардың, әдебиетші-сыншы -
лардың арасында әдеби мұ раға деген
оң көзқарас туып, оның тарихилығы,
халықтығы және жанр лық ерекше-
лігін терең сөз етпесе де, әдеби-та-
рихи талдау жа сауға ұмтылғандары
аз емес. Сон дықтан «Әдебиетта ну-
дың алғашқы дәуірінде айтылған осы
ой-пікірлерді бүгінгі эстетикалық
биік тен қарап даттауға болмайды,
қай та анықтама, тұжырымдардың
бір ден-бірге қомақтана, нақтылана,
мән дене түскеніне назар аударған
жөн» деп білу керек [31, 74]. Бұл жер-
де маркстік-лениндік әдіснаманың
ал ғашқы кездегі жетекшілік рө лін
жоқ қа шығаруға болмайды. Фоль-
клор лық шығармаларға таптық по-
зиция тұрғысынан келгенімен, 1920
жылдардың алғашқы жартысын-
дағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де ол сөз арасында жалпылама ай-
тылғандықтан, кейіпкердің қай тап-
тан шыққанына байланысты ба ға лау
тым өріс алып кетпеген еді. Фоль-
клорлық мұраның көптеген үл гілері
«бай-феодалдар табының мүд десін
көздейді» деген секілді ба ға лаулар
болғанымен, оларды жи нап-жариялау
мен зерттеудің алғаш қы қадамдары
жасалып жатты.
Әдеби мұра, оның ішінде халық
ауыз әдебиеті туралы әртүрлі пікір-
лер мен көзқарастарды бір арнаға
салу 1924 жылғы қазақ білімпаз-
дары бірінші құрылтайының күн
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі
болды. Құрылтайда 1917-1924 жыл-
дар аралығында халық шығарма-
шылығының үлгілерін жинау, жа-
риялау жұмыстары қорытындылана
келе, оның алдағы уақыттағы қыз-
метіне бағыт-бағдар берілді. «Ха-
лық ауыз әдебиетін қалай, қайтіп
және кімдер жинау керек?» деген
мәселелермен қоса, жаңа дәуірдегі
қазақ фольклорының да шығарма-
ларын жинау, оларды басып шы ғару,
жеке халық ақындарының өлең дер
жинағын шығару сияқты пробле-
малық мәселелер терең сөз болды.
Құрылтайға жиналғандардың «бі-
рыңғай ағым теориясы» мен «тұр-
пайы социологизм» бағытындағы
көзқарасты жақтаушылар болып
екі ге бөлінуі, әдеби мұра туралы ай-
тыс-тартысты ерекше күшейте түсті.
Мә дени мұраға ғылыми тұрғыдан
қа рау бұрмаланып, қазақтың халық
ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауды
бір жүйеге салу туралы шешім тұ-
жырымдалмай қалды. Алайда құ рыл-
тайдың әдеби мұра жөніндегі көз-
қарастағы бір қателікке, яғни «халық
ауыз әдебиеті құриды, жа ңа дәуірде
оның дамуына ешбір мүм кіндік жоқ»
деген пікірге қатты тойтарыс беріп,
фольклордың жазба әдебиетпен қа-
наттаса отырып дами беретіндігіне,
оны да жинап, басып шығару, халық
шығармашылығының өкілдерін қам-
қорлыққа алу керек тігіне назар ау-
дарғанын атап өткен абзал.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У