интергылыми әдістер қолданылады:
• экстрополяция - ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи
кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалган заңдар мен
тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• интерполяция - қүбылыстардың динамикалық қатарында
корінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу
негізінде параметрлерді, функцияларды, корсеткіштерді табу;
• модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың
логикалық, информациялық жэне графикалық құрылымын жасау,
ягни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу — түп
нүсқаның зертгеушіні қызықтыратын қажетгі жақтарының дэлме-дэл
көшірмесін түсіру арқьшы зерттеу;
• ретроспекция - объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу
үшін зертгеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның эртүрлі
уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік багалау - экспертгің немесе эксперттердің
тұжырымдары мен ойлары.
Жогарыда айтылып өткен әдістердің немесе тэсілдердің
ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізділігін, дэлділігі мен
дәйектілігін қажегті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті
зерттеуде жогары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің
жиынтыгын пайдалану гана тиімді бола я ляпы
Ғылыми-педагогикалық зерттеу объектілері: педагогикалық
жүйелер, қүбылыстар, процестер (білім беру, тэрбие, жеке түлғаны,
үжымды қалыптастыру); пэні: педагогикалық объектінің нақты
аймагында шешімін табуды кажет ететін элементтер, байпаныстар,
қатынастар бірлігі.
Педагогикалық
зерттеулер
классификациясы: Теориялық: бұрынырақ
ашылған
фактілерді
түсіндіруге
жэне
олардың
болашақтагы дамуын болжауға мүмкіндік беретін, негізгі және жаңа
педагогикалық
заңдылықгар
ұсынылып
қалыптастырылады;
61