1
Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә.Ж.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Электронды оқу құралы
Алматы, 2014
2
УДК 94(574) (075.8)
ББК 63.3(5 Каз) я 73
А 93
Баспаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми кеңесі
және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор м.а. т. ғ. к.-
Картаева Т.Е.
ҚазҰАУ профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы -
Борбасов С.М
.
Алматы ҚызМПУ аға оқытушысы, т.ғ.к. -
Ахметова Ж.К
ISBN 978-601-241-491-2
Қазақстан тарихы пәнінен электронды оқу құралы Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің барлық мамандықтан студенттерге арналған. Бұл басылымда
ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын Қазақстан тарихы
қарастырылады. Сонымен қатар студенттердің өздігінен ізденуіне арналған
сұрақтар мен тест тапсырмалары көрсетілген.
ISBN 978-601-241-491-2 © Ахантаева Ә.Ж., Буйраева Ж.Ө., 2014.
3
АЛҒЫ СӨЗ
«Қазақстан тарихы» Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі мамандықтардың 1 курс
студенттерін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытуға арналған оқу құралы.
Кеңес дәуірі кезеңінде Қазақстан тарихы КСРО тарихының мүддесіне сай жазылды.
Қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасына айтарлықтай мән берілмеді. Қазақ халқы
«тек» көшпелі болды, оларда «қала» мәдениеті болмады деген жаңсақ пікірлер де орын
алғаны белгілі.
«Қазақстан тарихы» курсы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынысымен бекітілген
және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша
жоғары оқу орнында оқытылады.
Қоғамның обьективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін, Қазақстан тарихы
үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі заманға
дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету «Қазақстан тарихы»
пәнінің негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |