Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет10/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

хунну (ғұндар)
еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай 
деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) әр түрлі тайпаларды біріктірген. 
Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларында айтылады. Олар Тынық мұхиты 
мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да 
таралып отырған саяси құрылым. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін 
белгілі жері болды.
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде «шаньюй» деп аталған. Б.з.д. 3 
ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір 
одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп 
соғысты. Б.з.д. ІІІ ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені соншалық, қытай императорын 
Ұлы қорғанды тұрғызуға мәжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй 
басқарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына 
жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен 
әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне көз 
тігуінен бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас 
иіп, онымен «өзара тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қояды. Бұл шарт бойынша 
Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беріп және жыл сайын салық төлеп 
тұруға міндеттеледі. 


17 
Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы «шығыс ху» тайпаларын бағындырады, ал 
оның құрамына Керулен және Онон өзенінің алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань 
тайпалары кіретін еді. Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасайды. 
Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына 
дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына кірген 
тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді. 
Ертедегі деректерге қарағанда ғұндар Саян-Алтай тайпаларына жорықтар жасаған. 
Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік және солтүстік-батысқа қарай жорықтарын 
жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырған. 
Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді 
алып жатты. 
Б.з.д. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай өңірін мекендеген тайпаларды түгелдей дерлік 
бағындырды. Одан кейінгі жылдарда олар батыста да белсенді әрекет жасайды. Б.з.б. 177 
жылы Мөде шаньюй көршілеріне қарсы әрекет жасамақ болды деген сылтаумен өзінің 
батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың 
атты әскерлері Чжанье-Ганбчжоу ауданы маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жатқан 
бірлестігінің төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады. Бұл жөнінде шаньюй былай дейді: 
«Аспанның рахымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юечжилерді жойып, 
жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, өз билігін нығайтты. Лоулань, Үйсін, 
Хуцзе және оларға шектес 36 иелік (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардың бәрі 
сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды». 
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар 
кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке 
бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз 
саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті. 
Б.з.д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен қатар 
бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып 
екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй 
басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз 
тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен 
батысқа қарай қоныс аударды. 
Б.з.д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың 
жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл 
әрекетінен нәтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, бірақ 
үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік 
ғұндар оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады. 
Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік-батыс Моңғолиядағы 
Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші 
тайпаларына жорық жасап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи 
бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.
Тарихшы С. Өтениязов «Рим және Ғұн империялары арасындағы қатынастар тарихы» 
атты еңбегінде: «Хун Ордасы мен Рим империялары арасында 441 жылға дейін тек достық 
және одақтастық қатынастар болды…Әттең осынау тарихи шындықтар көбіне айтылмайды. 
Сондықтан қазіргі ұрпақ екі империя арасында тек соғыс қана болды деп ойлайды. Хун 
басшыларының қайсысы болса да Рим империяларымен достық қатынаста болуға тырысты. 
434 жылдан бастап мемлекет басында болған Аттила да осы істі жалғастырды. Достық 
келісімдерді бұзған тек Рим басшылары болды. Оның ақыры 441 жылдан соң басталған 
қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Осы мәселелерді кеңнен зерттеген ағылшын ғалымы 
Томпсон болатын… 
ІV ғасырдың ақырына дейін Хун ордасының күшейгені соншалық Днестр өзенінен өтіп 
Қара теңізге құятын Дунай өзенінің (сол кезде Истра деп аталатын) сол жағын түгелдей 


18 
иеледі. Ал Дунай (Истра) өзенінің сол жағының біраз жерлері ежелден Рим империясына 
бағынышты болатын.
Еділ-Жайық пен осынау Дунай (Истра) өңіріне дейінгі өте үлкен территорияда Хун 
ордасының аса мықты әскери мемлекеті үстемдік жүргізді. Ал, Римнің екі империясы да 
күннен күнге әлсірей берді. Қара теңіз жағалауы мен Қырымдағы готтарды талқандаған 
хундарға Рим басшылары көп назар аударды. Көп ғасырдан бері келе жатқан империяның 
жері мен байлығына көз тіккен варвар тайпалардың бір-бірін талқандап, қырылыса бергені 
Римнің екі империясына да тиімді болды. Олар готтармен де, хундармен де жақсы 
қатынастар жасады және оларды бір-біріне қарсы айдап салып соғыстыра беруді көздеді. Ал, 
готтар мен хундар Римнің мұрасына шын мәнінде бақталас болды», - деп жазады. 
Аттила мемлекет басына келген күннен бастап Руғила атасының дипломатиялық істерін 
жалғастырды. С.Өтениязовтың айтуынша, Руғила тұсында Хун ордасы бұрынғыдан бетер 
күшейді және түгелдей бір орталыққа бағынды. Хундар әскери мемлекет болғанмен шын 
мәнінде толық бір орталыққа түгелдей бағынған жоқ еді. Оған дәлел хундардың өзі көп 
тайпалы ел. Оның үстіне Кавказ бен Қырым және Қара теңіз бен Днестр өңіріндегі көптеген 
халықтар Хун ордасына бағынды. Сондай-ақ герман тайпаларының бірі остготтар түгелдей 
Хун ордасына бағынғанмен басқа да герман тайпаларының үлкенді-кішілі бөліктері осы 
орданың қарамағында болды. Мысалы, вестгот, герул тайпаларының азғантай бөліктері. 
Сондықтан осы тайпалардың бәрі рубасылары арқылы басқарылатын еді. Кейбір 
тайпалардың басшылары Орталыққа бағынбай өз бетімен қимыл жасайтын еді.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. 
Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып 
енеді. Б.з. ІV ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы 
Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Олар Шығыс Рим 
империясының жерлеріне шапқыншылықтар жасайды. Әсіресе, V ғ. басында Руғила 
патшалық құрып тұрған кезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы 
римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) жерінде жаңа мемлекет 
– Батыс ғұн империясы құрылады. Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 
жылы Руғила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың (Еділ батыр) 
қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін Еуропаның көптеген халықтарын өзіне 
бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғұн 
империясы ыдырап кетті.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат 
баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен 
шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде 
аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. 
Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба 
рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған. Елді шексіз 
билік иесі – шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. 
Деректер ғұндарда малға және жерге де жеке меншік болғанын білдіреді. Ер азаматтардың 
барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрады. 
Ғұндар жауынгер халық еді. Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы 
Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық 
Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл 
тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға 
елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет