327(574: 62) Мырзабеков М. С. (т.ғ. к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті) Мырзабекова Р. С.



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата09.10.2024
өлшемі268,9 Kb.
#147365
  1   2   3   4
Байланысты:
sciPaper18939




327(574:62) 
Мырзабеков М.С.
(т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика 
кафедрасының доценті) 
Мырзабекова Р.С. 
(т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының доценті) 
Беделова Г.С. 
(т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының доценті) 
Алтын Орда мен мамлюктік Египет арасындағы дипломатиялық 
қатынастар 
Түйін 
Алтын Орда тарихы халықаралық контексте әлі күнге дейін толық зерттелмеген 
мәселелер қатарына жатады. Алтын Орда мен мамлюктік Египеттің байланыстары да ӛз 
деңгейінде зерттелмеген. Шыңғыс ханның ислам дінін алғаш қабылдаған ұлдарының бірі, 
Алтын Орда ханы Беркемен дипломатиялық қатынастар орнатқан Бейбарс.
ХІІІ ғасыр түркі халықтарының тарихында маңызды кезеңдердің бірі болып 
табылады. Бұл ғасырда әлемнің геосаяси картасы ӛзгерді – қуаты ешкімге дау тудырмаған, 
әлемдік маштабтағы – Алтын Орда деп аталатын мемлекет пайда болды. Египеттегі билік 
осы уақытта мамлюк-қыпшақтардың қолына ӛтіп, түрік династиясын қалыптастырды. 
Ұзақ уақыт бойы бұл екі мемлекет одақтас болды. Оларды ортақ мақсат, дін бірлігі, 
туысқандық, ортақ тек біріктірді. Египет сұлтанының мамлюктері Алтын Ордадан шықты.
 
Түйін сөздер: 
Алтын Орда, Батый, Бейбарыс, Берке, Мысыр, мамлюктер, Египет.
Батый негізін қалаған еуразиялық мемлекет – Алтын
Орда 1242–1243 
жылдары құрылып, құрамына шығыста Ертістен, батысында Дунайға дейінгі 
дала иелігі кірді. Осы мемлекет шығыс деректерінде «Кӛк Орда», ал орыс 
жылнамаларында «Алтын Орда» деп аталады. Алтын Орданың сыртқы 
саясаттағы орнын ерекше атап ӛтуге болады: Орта Азия, Иран және 
Мысырмен дипломатиялық, мәдени-сауда байланыстарын жүргізді. Алтын 
Орда мен мамлюктік Мысыр мемлекеті арасында әскери-саяси, 
дипломатиялық байланыстарды орнатуда сұлтан Бейбарыс пен Берке ханның 
орындары ерекше.
Мамлюктер Египетті 1250 жылдан 1517 жылға дейін биледі. Бұл 
мемлекет Қайыр сұлтанаты деп аталды, ал династия – түрік династиясы еді. 
1250–1381 жылдар аралығында «бахрит» мамлюктері – түркілер, олардың 
бекінісі ас-Салих салған Ніл ӛзенінің аңғарындағы аралдардың бірінде 
болды. 1382–1571 жылдары «бурдж» мамлюктері биледі – Қайыр қаласының 
бекіністерінің біріне орналасқан черкесс тобы. Египеттің мамлюктік кезеңі 
Осман жаулап алушылығымен 1516–1517 жылдары аяқталды.
Алтын Орда мен мамлюктік Египет арасындағы байланыстың дамуына 
ықпал еткен негізгі себептер – біріншіден, Шыңғыс хан империясының 
құрылуы мен күшеюі және одан кейінгі уақытта Жошы ұлысы, яғни, Батый 
негізін қалаған империя Алтын Орда мемлекетімен Құлағу ұлысының тарихи 
сахынаға шығуы – Алтын Орда мемлекетімен мамлюктік Египеттің 
жақындасуындағы алғышарттарының бірі болды. Екіншіден, «Мысыр мен 



Шам елін билеп отырған Аюбилер әулетінің арасында ӛзара бәсекелестік пен 
қарама-қайшылықтардың шиеленісудің нәтижесінде бұл аймақтағы әскер 
санының түркі мамлюктерінің есебінен күрт кӛбеюі, ХІІІ ғасырдың ортасына 
қарай Таяу Шығыс аймақтарына Батыс Еуропа тарапынан крестшілер 
жорықтары мен шығыстан монғол жаулаушылығына қарсы тойтарыс бере 
алатын бірден-бір әскери күшке айналдырып, әскери билікпен қоса, олардың 
саяси билікті ӛз қолдарына алуына негізгі алғышарттарын жасады» [1]. 
Алтын 
Орданың 
мамлюктік 
Египетпен 
дипломатиялық 
қатынастарының пайда болуына ықпалын тигізген факторларды атап 
кӛрсетуге болады: біріншіден, Берке ханның Құлағу және Абағамен соғысы 
салдарынан ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІV ғасырдағы Алтын 
Орданың мамлюк сұлтанының билігінде болған Египетпен интенсивті 
дипломатиялық қатынастары артады. Екіншіден, «Құлағидтік Иран 
мамлюктік сұлтанға қауіп тӛндіргендіктен, Бейбарыс Берке ханмен одақ 
құруға асықты» [2]. Бұл байланыс Алтын Орда ханы Берке мен Мамлюк 
сұлтаны Бейбарстың (1260–1277) тікелей қатысуымен басталды. Мұндай 
саясат Таяу Шығысқа, ең алдымен Египетке, Алтын Орда мемлекетінен 
қоныс аударушылардың күрт ӛсуіне алып келді. «Мейрам күндері Каирде 
киіз үйлер тігіліп, қымыз ішілді» [3].
Сұлтан Бейбарс Алтын Ордамен тікелей байланыс орнатуға ерекше 
кӛңіл бӛлді. Араб тарихшылары кӛрсеткендей, оның себебі тек Құлағу 
иеліктеріне қарсы әскери одақ құру емес, туған жерімен байланыс орнату 
және ӛз ұлтының ұлдары мен қыздарының Мысыр жеріне келуін қамтамасыз 
ету болды. «Олардың патшалары ӛз туыстарына бейімділігін сезініп
олардың санының ӛсуіне әрекет жасады» [4].
ХІІІ–ХІV ғасырлар аралығында Мысырда қыпшақтар саны кӛбейіп, 
1300 жылы Каирде олардың саны миллионға жеткен. Египеттің астанасында 
қыпшақтар тұратын кварталдар пайда болады. Сондай кварталдардың бірі 
«Орда» деп аталған [5].
Тизенгаузеннің деректеріне сүйенетін болсақ: «661 жылдың 6-
дзульхидджасында (1263 жылдың 11-қазаны) баспана іздеген және мұсылман 
дінін қабылдауға ниет еткен үлкен топтар отряды Египетке келді. Олардың 
саны мыңнан асты. Бұл топ бір кездерде Құлағуға кӛмекке жіберілген Берке 
жақтастары еді. Олар оның (Құлағудың) қоластында бірнеше уақыт болып, 
Берке екеуінің арасында қақтығыс ӛршіп, жауластық күшейгенде, Берке 
оларға, Құлағуды тастап Берке иелігіне келуді тапсырады, ал егер ӛте алмаса, 
Египет әскерінің иелігіне қосылсын» – деген мәлімдеме берді [6].
Ибн Абдузаһир ӛз кітабында Құлағу иеліктерінен Бейбарыс сұлтанның 
қол астына қашып келген түркі тайпалары туралы жазады: «… Берке ханның 
жақындарымыз деп бір топ татарлар Құлағуден қашып келді… Сұлтан 
Бейбарыс Шамдағы орынбасарларына хат жазып, оларды жақсылап күтіп 
алып орналастыруды тапсырды. Оларға және олардың әйелдеріне сый-
сыйяпат кӛрсетуді жүктейді. Олардың тӛрт басшысын жылы қабылдап, 
Мысырға келіп орналасуға рұқсат береді. Оларға қажетті қой, жем, қант және 



тағы басқа заттарды бергізеді. Сұлтанның ӛзі оларды қарсы алуға шығады» 
[7]. Осы деректер Египет сұлтаны қыпшақтардың санының кӛбеюіне жағдай
жасағанын кӛрсетеді. 
Кейбір зерттеулер «Бейбарыс сұлтанның Алтын Ордамен одақ 
құруындағы кӛздеген мақсаты қарапайым еді» – деп кӛрсетеді. «Құлағуидтік 
Иран Египеттің кӛршісі болған, Сирияны иемденген. Иран – мамлюктік 
Египеттің қарсыластарының бірі. Сондықтан, мамлюктік Египеттің сыртқы 
саясатындағы негізгі мақсаты – монғолдар арасындағы қақтығыстарды 
ӛршіту болды. Соның нәтижесінде Бейбарс пен Берке хан арасында жиі 
елшілік алмасу жүрді» – деп кӛрсетеді [8]. Бейбарыс сұлтан Алтын Орданың 
мұсылмандануына мүдделі болды. «Бейбарыс сұлтан Құлағу мен Берке хан 
арасындағы бақталастықты шебер пайдаланып, Құлағуға қарсы Алтын 
Ордамен одақ құрды» [9].
Тарихшы У. Әлімгереев Бейбарс пен Беркенің жақындасуы мен 
достасуының тӛрт себебін кӛрсетеді: Біріншіден, «Алтын Орда – мамлюк 
сұлтанының отаны. Сондықтан, кез-келген адам, қандай елдің сұлтаны болса 
да ӛз елінің, жерінің перзенті болып қала береді. Екіншіден, «Берке – оның 
әйелінің әкесі». Үшіншіден, «Египет сұлтаны Беркенің саяси және діни 
кӛзқарастарын жақтады». Тӛртіншіден, «Бейбарыс пен Алтын Орда ханының 
үлкен әскерлерімен бірігуі арқылы ғана Құлағуды жеңе алатынын түсінді» 
[10].
Бейбарс пен Берке хан арасындағы дипломатиялық хат алмасу жайлы 
араб хронигі Ибн-абд-аз-Захыр мәлімдейді: «660 жылы (1262) татарлардың 
патшасы Беркеге хат жазды. Онда ол оны Құлағидтерге қарсы бағыттап, 
екеуінің арасындағы жаугершілікті ӛршіктіруді кӛздеп, татарлармен, (яғни, 
Иран монғолдарымен) қасиетті соғысты ӛзіне міндеттеп жүктейді. Берке 
оның туысы болғанымен, ол мұсылмандықты қабылдағандықтан, мұсылман 
еместермен соғысу оның міндеті екендігін айтады [11]. 
Сұлтан Бейбарс 1262 жылы Берке ханға Шариғат пен Ислам 
заңдарының білгірі Маджид ад-Дин мен Нафранды және Әмір Сейфеддин 
Күшбек бастаған елшілік жұмсайды. Олармен бірге татардан келген екі 
адамды қосып жібереді. Солардың қатысуымен ислам ісі жайлы хат жазады. 
Онда ол Беркеге ханды «Джихад» соғысына шақырады. Бейбарыстың 
елшілері 1262 жылы 15 қарашада жолға шығып, Константинополь қаласына 
жетеді. Сол жерде Берке ханның елшілерімен кездеседі. Бейбарспен 
жіберілген елшілер 1264 жылы 4-қыркүйекте Берке әміріне келеді. 1263 
жылы Берке хан елшілері теңіз арқылы Александрияға келіп жетеді. Сұлтан 
елшілерді қамалда қабыл алады. Берке ханның жолдаған хаты сол жерде 
оқылады. Мазмұны сәлем мен ризашылық білдіру. Сонымен бірге Құлағуға 
қарсы кӛмек сұрайды. Хатында: «Мен және менің тӛрт бауырым ислам 
шырағын орнату үшін, тура жолды қалпына келтіру үшін, имамдар мен 
үмбеттің кегін алу үшін, онымен барлық бағыттарда соғыстық» –дейді [12]. 
Сонымен қатар Құлағудың жолын бӛгеу үшін Бейбарстан Евфрат маңына 
әскер жіберуді сұрайды. Сұлтан жауап хатын жазып, артынан Берке ханға 



арнайы сыйлықтар дайындайды. Ол туралы Рукн-ад-Дин: «Сұлтан – Берке 
ханға сыйлық ретінде түрлі заттар дайындайды; кестеленген, қызыл атласпен 
қапталған, ішінде матамен жабылған тері қорапшаның ішінде Құран кітабы; 
кесілген, күміспен күптелген, піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған кітап 
қоятын тұғыр; кӛп мӛлшерде таңғажайып Венециандық маталар; неше түрлі 
намаздық (жайнамаз) жастықтар мен түрлі-түсті кілемдер; бірнеше түрлі-
түсті левканттық кілемдер; теріден тігілген жастықтар және асылмасымен 
кілемдер; ӛте кӛп шамшырақтың астына қойғыштар; күміспен күптелген 
қылыштар; алтын жалатылған темір шоқпар; шеті күміс франктердің 
дулығалары; күміс ілме шам; күміс ер-тұрмандар; таңдаулы Хорезм ер-
тұрманы; Дамаск ұстарасы; маймылдың шұбар терісінен жасалған сӛмкелер; 
жібек жіп; ала маймыл терісі; шам астына қоятын күмістелген ыдыс; терімен 
қапталған сандықшаларда әдемі жасалған садақ оқтары; алтын жалатылған 
үлкен люстра; күміс шынжыр; кӛп құлдар; аспаз-күңдер; ғажайып тоты 
құстар; жабайы есектер; бірнеше жүйрік аттар; араб иық жапқыштары, науба 
сирек түйелері; үйретілген маймылдар; ӛте кӛп мӛлшерде түйе ертұрмандары; 
жираф және тағы басқа да сирек жасалынған заттар; үлкен патшаның 
қазынасында жоқ дүниелер жӛнелтілді» – деп кӛрсетеді [13]. 
Берке хан да Бейбарспен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылды, 
оның елшілерін құрметпен қарсы алды. Араб елшісі әл-Муфаддалдың Египет 
сұлтаны Бейбарстың Алтын Орда ханы Беркеге жіберілген елшілігін 
суреттеуі Берке хан жайлы бағалы мәлімет береді: «Берке хан бұл уақытта 
56-ға келген, селдір сақалды, беті жалпақ, терісінің түсі сарғыш, шашы 
құлағының артына қайырылған, құлағында асыл тас қадалған сырға. Киген 
киімі – үстінде шапан, басында сарақұш, алтын белдігі гауһар тастармен 
безендірілген, белінде былғары жасыл сұлық, аяғында қызыл хуфф, беліне 
қылыш байлаған, белдігіне алтынмен апталған қисық мүйіздер ілінген» [14].
Бейбарс пен Берке хан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 
әскери-саяси жағымен қатар, діни бірліктерін жоғары тұтып, соның жолында 
бірлесіп соғыс қимылдарын жүргізгенін айту керек. Ислам әлемі үшін 
қасиетті Мекке, Медине, Құдыс қалаларымен қатар, мамлюк иелігіндегі 
мешіттерге сұлтанның есімінен кейін Берке ханның есімінің берілуі, діннің 
саяси мәселе ретінде басты орынға ие екендігін кӛрсетеді.
Берке ханнан кейін 1266 жылы таққа Мӛңке Темір келеді. Ол 
монеталарға алғаш рет ӛз атын жазды. Мӛңке Темір таққа отырысымен, 
Египет сұлтаны оған хат жолдап, құтықтап, сонымен бірге әкесіне кӛңіл 
айтады. Сӛйтіп оны Құлағудың ұлы Абағаға қарсы үгіттейді: «669 жылы 
Египетке Ису-Ноғайдың елшілігі келеді. Ондағы мақсаты – сәлемдеме мен 
құттықтау және «Берке ханның саясатын ары қарай жалғастыра отырып, 
ислам дінін қабылдау» [15]. Хатқа жауап ретінде сұлтан Бейбарыс Беркемен 
басталған ісінің тоқталмайтындығын айта келе, мұсылман дініне ӛтушілердің 
кӛптігіне ризашылығын білдіріп, мұсылман дінін қабылдаған Ису-Ноғайды 
құттықтайды. 



682 жылы Египетке елшілермен бірге қыпшақ дін уағыздаушылары 
келеді. Олар Тӛде-Мӛңкенің жазбаша үндеу хатын ӛз қолдарымен тапсырады. 
Хатта Тӛде-Мӛңке ӛзінің мұсылман дінін қабылдап, таққа отырғандығын 
және ӛз иелігінде мұсылман заңдарын орнатқандығын хабарлайды. 
Уағыздаушылар сонымен бірге былай дейді: «Ол (Тӛде-Мӛңке) бізді Ұлы 
сұлтанымыздан мұсылмандық есім сұратып жіберді. Сонымен ол аталып, 
халиф пен сұлтаннан алған ұран ретінде дін жаулауларына қарсы шыға 
алмайтындығын айтады» [16].
Жоғарыда келтірілген деректерден біз Берке ханнан кейін де елшілік 
алмасу, қарым-қатынас жалғасын тапқандығын кӛреміз. Алтын Орда тағына 
Тоқты хан (1291–1312) келгеннен кейін де байланыс ӛз жалғасын тауып 
жатты. Тоқты хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда тағына Ӛзбек хан 
келеді. Оның тұсында да дипломатиялық қатынас орын алып, күшейеді.
1342 жылы Ӛзбек хан да қайтыс болады. Баласы Жәнібек мемлекетті 
жалғыз ӛзі басқарады. 1360-жылы Бердібектің қазасымен Алтын Орданың 
істері кері кете бастады. Соған байланысты екі мемлекет арасындағы қарым-
қатынаста ұзақ мерзімдік бәсеңдеушілік орын алып, тек Ӛзбек ханның ұлы 
Тоқтамыс ханның таққа келуімен ғана байланыстар қайта жаңғырды. 1394 
жылдан кейін екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар ұзақ уақытқа 
үзіледі. 
Оның 
себебі 
ретінде 
Алтын 
Орданың 
Темірланның 
жаулаушылығынан күйзеліске ұшырауы, – деп кӛрсетуге болады. Бұл ұзақ 
мерзімді үзілістен кейін, екі мемлекеттің билеушілері дипломатиялық 
байланыстарды жаңғыртуға тағы талпыныстар жасағандығы жӛнінде 
деректер бар. Сұлтан әл-Ашраф Барысбай Тоқтамыс ханның ағасының 
баласы Мұхаммед ханға 1431 жылы елшілік жіберіп, хат алмасады. Қырым 
билеушісі Мысыр билеушісіне 1436 жылы елшілік жібереді. Дешті мен 
Қырымның билеушісі Мұхаммедханның Мысыр сұлтанына 1438 жылы 
жіберілген елшілігі екі мемлекет арасындағы соңғы елшілік болды. Сӛйтіп, 
Мысыр мамлюк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы дипломатиялық 
байланыстар толығымен тоқтайды. 
Сонымен, саяси жақындасудың ең жоғарғы деңгейі Берке хан мен 
Бейбарс сұлтан тұсында орын алды. Бұл кезде неке саясаты орын алып, діни 
фактордың әсері күшті болғанын айтуға болады. Тоқта хан кездерінде де 
Мысырмен қатынастар жоғары деңгейде болды. 1279–1290 жылдар арасында 
Египет сұлтаны Қалауын тұсында да байланыстар мықты болды. Қалауын да 
Бейбарс секілді құл болған, ол да қыпшақ жерінен шыққан. Қалауын сұлтан 
Бейбарстың орталықтандыру саясатын жалғастырады. Мамлюк сұлтандығын 
нығайта түседі. Сұлтан Алтын Ордамен қатынасын жақсартты. 1293–1341 
жылдар екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастың ең күшейген кезі 
болды. Екі мемлекетті біріктірген діни фактор бұл кезде негізгі себеп 
болмаса да, байланыстарды одан әрі нығайту үшін, неке саясаты қажет болды. 
1382–1389 жылдары сұлтан Барұқ пен Тоқтамыс хан тұстарында да 
дипломатиялық қатынас күшейеді. Бейбарс пен Берке хан кезінде құрылған 
әскери-саяси одақты жаңғыртып, екі мемлекет Темірлан тарапынан туған 



қауіпке қарсы бірлесіп соғысуға келісім жасайды. Бұдан кейін Алтын Орда 
тарапынан орын алған бірнеше дипломатиялық елшіліктер тек бұрынғы 
байланыстарды жаңғыртуға бағытталған әлсіз талпыныстар сипатында болып, 
оның бұрынғыдай саяси және әскери мәні болмады. 
Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың Шығысқа 
тән сипатының бірі – құдалық байланыстар. Мамлюк мемлекетінің 
сұлтандары мен Алтын Орда хандары арасындағы құдалықтар тақырыбы 
кейбір зерттеу еңбектерінде біршама айтылғанымен, бұл мәселе арнайы 
зерттелген емес. Жалпы алғанда, құдалық, яғни, қыз берісіп, қыз алысу ерте 
замандардан мемлекеттер немесе елдер арасында саяси мәні үлкен 
әрекеттердің бірі болғанына тарихи мысалдар кӛп. Оны жүзеге асырудың 
негізгі мақсаттары мен себептерін тӛмендегідей бірнеше топқа топтастыруға 
болады. Олар: жауласып жатқан екі елдің ӛзара татуласуы; ортақ жаудың 
қаупі алдында оған қарсы одақтасу; екі елдің саяси және экономикалық 
мүддесін нығайту; достық қарым-қатынас орнату мен оны күшейту. 
Екі мемлекет арасында ӛзара құдаласуға негіз болған кӛптеген 
факторлардың біріншісі – туысқандық фактор. Яғни, Мысыр мамлюктері мен 
Қыпшақ елін мекендеген халықтың тектік негізінің бірлігі. Бұл олардың 
арасындағы болған ресми хаттардан анық байқалады. Қаны бір, діні бір, 
мүдде-мақсаттары мен саяси бағыттары біріккен екі ел арасындағы неке 
саясаты оңды және нәтижелі болды. Деректер неке саясатының нәтижесі 
туралы былай дейді: «Мысыр Мамлюк мемлекетінің негізін салған, сұлтан 
Аз-Захир Бейбарс Дешті Қыпшақпен саяси-әскери одағын нығайту 
мақсатымен Берке ханның қызына үйленуі екі мемлекет арасындағы саяси 
некелерге жол ашып берген ең алғашқысы болды» [17].
Жалпы, мамлюктер ӛздеріне жат тектен қыз алмағаны белгілі, яғни, 
кӛшпелі түркі-монғол халықтардың ӛкілінен басқаларға үйленбеген. Бұл тек 
мамлюк сұлтандары әмірлеріне ғана қатысты емес, жалпы түркі-монғол текті 
мамлюк атаулының бәріне ортақ заң болып қалыптасып, әсіресе Мысыр 
Мамлюк мемлекетінде қатты сақталған. Мамлюктер, саны жағынан ӛздерінен 
кӛп басым, тегі бӛтен араб елінде, ӛздерінің тегі мен қанын таза сақтап, 
жергілікті халық тарапынан ассимиляцияға түсіп, этнос ретінде жойылып 
кету қауіпінен сақтанып, кейін дәстүрге айналған шаралардың бірі болса 
керек. Сұлтан Бейбарыстың «Шариғат» бойынша алған тӛрт әйелі оған дәлел 
бола алады. Олар – Хисам ад –Дин, Берке ханның қызы; Сайф ад-Дин, 
Ноғайдың қызы; Сайф ад-Дин, Керейдің қызы; Сайф ад-Дин Ноғай ат-
Татаридің қызы [18].
Алтын Орда мен мамлюктік Египет арасындағы дипломатиялық 
байланыстарды қорытындылайтын болсақ, Алтын Орда мен мамлюктік 
Египет арасындағы саяси одақ мамлюк мемлекетіне кӛп пайда алып келді. 
Мысыр сол кезде экономикалық жағынан ең күшті дамыған мемлекет бола 
отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың маңызды транзиттік 
орталығына айналды. Мамлюк сұлтандары дипломатиялық шеберлігінің 
арқасында ӛздерінің мақсаттарына қол жеткізіп отырды. Египеттің түрік-



қыпшақ мемлекеті Алтын Орданың қыпшақтарынан рухани, әскери қолдау 
алып отырды.
Дипломатиялық байланыстар бойынша тӛмендегідей тұжырымдар 
жасауға болады: Екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың пайда 
болуына ішкі және сыртқы факторлар әсер етті. Атап айтсақ, мұсылман 
еместерге қарсы күрес, мамлюктік Египеттің Құлағулық Иранға қарсы одақ 
құру мақсаты және монғолар арасындағы ӛзара билік үшін күрес. Алтын 
Орда мен мамлюктік Египет арасындағы байланыс барысында әр елдің 
алдына қойған ӛз мақсаттары болды. Бұл байланыс екі елге де азды-кӛпті 
пайдасын алып келді. ХІІІ–ХІV ғасырларда дипломатиялық қатынастың 
кӛрінісі екі елдің тарих сахнасындағы беделін кӛтерді.
Екі мемлекет арасындағы одақ әулеттік некемен бекітілді. Екі ғасырға 
жуық уақытқа созылған қарым-қатынастың барысында орын алған мәдени 
байланыстардың ықпалы мен әсерінің нәтижесінде мәдени синтез жүзеге 
асты. Мысыр мамлюк мемлекеті мен Алтын Орда арасында діни байланыстар 
орнап, дін жолындағы дәстүрлер мен істер арқылы кӛрініс табады. Жалпы, 
ғасырларға созылған мамлюктік Египет арасындағы байланыстар жан-жақты 
жүргендігін айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет