№12 Лекция тақырыбы: Діни топ және жамағаттардың ӛзара
байланысы
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Білімгерлерге діни топ және
жамағаттардың ӛзара байланысы, абсолютизм, монополизм және фанатизм,
діни тӛзімділік және плюрализм, діни топтар арасындағы бәсекелестік және
қақтығыс, діни топтар арасындағы инклюзивизм, диалог және бірігіп жұмыс
жасау талпыныстары т.с.с. тақырыптарды баяндау..
Лекцияның мазмұны: Дін социологиясы тұрғысынан діни топ пен
жамағаттардың бір бірімен ӛзара байланысын зерттеудің маңызы аса зор.
Ӛйткені бұл мәселе социологты діни топ пен жамағаттардың бір біріне деген
ұстанымдары мен осылардың нәтижесінде пайда болған проблемаларға алып
бару арқылы оның дін мен қоғамның байланысы және діннің адам мен қоғам
ӛміріндегі орны мен функциялары тұрғысынан маңызды мәселелерді
анықтауына мүмкіндік береді. Осылайша діни топ пен жамағаттардың бір
бірімен ӛзара байланысы аясында, мысалы діни абсолютизм, эксклюзивизм
(монополизм), діни тӛзімсіздік (интолерантизм/толерантсыздық), фанатизм,
бәсекелестік, қақтығыс, плюрализм, діни тӛзімділік т.с.с. кӛптеген ұғымдар
мен осылармен байланысты ар-ұждан, дін, құлшылық пен ритуалдық
еркіндік, лаицизм т.с.с. кӛптеген мәселелерге тоқтала отырып сӛз қозғауға
мүмкіндік туады. Осы ұғымдар мен осыларға байланысты пайда болған
мәселелер болса діни топ пен жамағаттардың бір бірімен байланысы
мәселесінде абсолюттік, эксклюзивистік, діни тӛзімділіксіз ұстаным мен ол
жол ашқан фанатизм мен қақтығысқа бейімділік және толерантты, құрмет
етуші және осыған байланысты тіл табысушы және плюралистік (кӛпшілдік)
ұстанымның негізгі басты екі ұстаным екендігін ұғынуымызға мүмкіндік
береді.
Бізден басқаша ойлайтын, сенетін, іс-әрекет ететін және ӛмір сүретін
басқа адамға түсіністікпен қарамау деп кӛрсетілген толерантсыздық
ұстанымы, әсіресе дін туралы сӛз қозғалған кезде адамның негізгі әрекеті
екендігі және осы тұрғыдан да «діни тӛзімділік» ұғымының түбірінде бір
қарама-қайшылықты білдіретіндігі жиі айтылады. Бұл пікір барлық діндердің
дінге шақыруы мен оның мотивін құрайтын «ақиқатқа тек ӛзі ғана ие
екендігі» жӛніндегі абсолютизм идеясы және осының нәтижесінді ретінде
пайда болған монополизм ұстанымы және діни фанатизм әрекетіне
негізделген. Негізінде ӛз сенімі мен әрекеттеріне қоса жер бетіндегі одан
басқаша ойлайтын, сенетін, әрекет ететін және ӛмір сүретін басқалардың да
бар екендігі және сол себепті де олардың ӛзінікінен мүдем ӛзгеше болған осы
сенімдеріне, құндылықтарына және ӛміріне құрметпен және тӛзімділікпен
қарау керектігін білдіретін «діни тӛзімділік» (толеранттылық) ұғымы Батыста
ХҮІ ғ. католиктер мен протестандардың арасындағы соғыстардың
нәтижесінде пайда болып, кейіннен басқа елдерге жайылған. Дәл сол секілді
плюрализм ұғымының да пайда болуы Қайта Ӛрлеу дәуірінен бастау алған.
1.Абсолютизм, монополизм және фанатизм
Шын мәнінде адамзат қоғамында дін құбылысы тұрақты феномен
ретінде орын алуда. Қоғамдар мен мәдениеттер секілді діндердің де тарихта
ӛте маңызды түрленіп ӛзгерістерге ұшырағандығын кӛруге болады. Сондай-
ақ атеизм мен сенімсіздік те үнемі ӛмір сүріп келді. Осы тұрғыдан
адамзаттың кӛне тарихында орын алған тайпалық, рулық діндер мен ұлттық
діндер олардың ортақтаса құтылатындықтарын уәде ете отырып ӛзінен басқа
ешқандай ақиқатты қабылдамауға үндеді. Осылайша нақтылық пен
абсолюттік идеясы мен осы шеңбердегі монополистік ұстаным дін мен сенім
мәселесінде белгілі бір тӛзімсіздік пен фанатизмді алып келді деп те айтуға
болады.
Сонымен қатар осындай діндердің абсолюттік идеясы мен әлемдік
діндердікінің арасында маңызды айырмашылықтар да кӛрініс табады. Г.
Меншингтің пікірінше жалпы дін типологиясы шеңберінде ұлттық діндер
категориясына жатқызған ру, тайпа немесе ұлтқа тән діндерде ішкі және
интенсивті абсолютизм мен монополизм бар. Бұл бойынша осындай
қоғамдар мен діндер үшін ең маңыздысы ӛз мүшелерінің болмысы, амандығы
мен қауіпсіздігі болып табылады. Осындай егоцентристік болмыс пен
қауіпсіздік түсінігі белгілі бір ішкі қоғамдық және діни егоизм мен
монополизмге бейімділікті тудырады. Яғни ӛзі ұстанған дінді жақтау және
дінге жат нәрсеге қарсы шығу үлкен мәнге ие болады. Сол себепті олар ӛз
діндерін жаю үшін миссионерлікпен айналыспайды. Бірақ уақыт ӛте келе
ұлттық діндер миссионерлік әрекеттермен айналысқан. Сондай-ақ ӛз діндері
мен ұлттық болмысын жоғалтпау үшін басқа діндердің киелі нәоселерін ӛз
пантеондарына қосып алғандықтарын да кӛруге болады. Кӛне Греция мен
Римде жаулап алу басқа елдің құдайын ӛз пантеондарына айналдыру арқылы
жүргізілген.
Аталған дін типі секілді тайпамен немесе ұлтпен шектелмейтін,
пайғамбарлық тәжірибеге сүйенетін «үммет типіндегі» әлемдік діндерде де
абсолюттік және монополистік характер болды. Сонымен қатар бір жағынан
олардың осы абсолюттік және монополистік бейімділіктері ішкі және
интенсивті характерге ие. Ӛйткені олар кӛбінесе шындық пен азаттықты
ӛздерінің монополияларынан кӛреді. Сондай-ақ олар дінді жаю характеріне
де ие. Олар бұл арқылы тек ӛздерін ғана құтқарып қоймай, сонымен қатар
басқалардың да құтқарылуын, яғни үммет болып әлемдік деңгейде
құтқарылуды кӛздейді. Бұл жағдайда әлемдік діндердің абсолютизмі
интенсивті монополизмнен алыстап «экстенсивті» (жайылушы) характерге ие
болады. Мысалы Буддизм, Христиандық және Ислам діндері (Али Имран,
85). Діннен шыққан адамға ӛлім жазасы берілген, орныққан сенімнен шығу
адасу ретінде саналған. Сол себепті «михнат дәуірі» (Ислам), инквизиция
(христиандық), дін жолындағы соғыстар, мазхабтар арасындағы тартыс, дау-
дамайлар т.б. орын алған.
2.Діни тӛзімділік және плюрализм
Басқалардың сеніміне, кӛзқарасына, дініне, ұстанымына, іс-әрекетіне
құрмет есебіндегі толеранттылық пен діни тӛзімділік және осылардың
негізінде пайда болған ар-ұждан еркіндігі, діни сенім бостандығы, лаицизм
қоғамда уақыт ӛте келе қалыптасып, соңғы жылдары күш алған секілді
болып кӛрінгенімен бұлар бұрынғы дәуірлерден бері әрдайым бар болған.
Әлемдік діндерде кӛрінген монополизм мен тӛзбеушілік тек шындықтың бір
бетін ғана кӛрсетеді. Діндердің киелі жазбаларын терең талдар болса,
тӛзімділік пен плюрализмге қатысты кӛптеген мәліметтерді кездестіруге
болады. (Дінде зорлық жоқ, Бақара, 25; жақсылық істеуде жарысыңдар,
Маида, 48; Юнус, 99; тақуа, Бақара, 13). Индуизмнің мистикалық формасы
болып табылатын вишнуизмде құтылуға әр түрлі жолдармен жетуге болады
делінеді. Христиан социологиясының маманы Е. Трельч христиан
мистицизмінің де басқа діндерге діни тӛзімділікпен қарайтындығын айтқан.
Исламдағы сопылықтың да бір ерекшелігі діни тӛзімділіктің кең кӛлемде
орын алуында жатыр. Жапондарда да діни тӛзімділіктің мысалын кӛруге
болады.
3.Діни топтар арасындағы бәсекелестік және қақтығыс
Діни топтар мен жамағаттардың осы абсолюттік және монополистік
және сонымен қатар жағдайға қарай толерантты және құрметті
ұстанымдарынан басқа бір бірімен арадағы қарым-қатынасқа байланысты
пайда болған жаңа шарттар кейде оларды бәсекелестікке алып барады.
Рулық, тайпалық және ұлттық діндер жалпы алғанда миссионерлік сипатта
болмағандығын жоғарыда атап кеткенбіз. Бірақ кейбір ұлттық діндердің
уақыт ӛте келе миссионерлік бағыт алып, әлемдік характерге ие болғандығын
діндер тарихынан кӛруге болады. Мысалы Кӛне Иранның діні Зороастризм
кейінірек түрік халықтары арасында тарала бастаған. Иудаизм болса
Оңтүстік Арабия мен Эфиофияда, Хазар түркілері арасында таралды.
Жалпы ұлттық діндердің бір бірімен ұшырасуы осы діндердің жайылу
ерекшелігі болмағандықтан теориялық деңгейде айтарлықтай проблема
туғызбаған. Дегенмен күштірегі екіншісіне ӛз үстемдігін жүргізуге тырысқан.
Мысалы германдардың діні кельттердің дініне маңызды әсер еткен. Сол
секілді кӛне түркі діні де Үнді және Иран діндерінің азды кӛпті ықпалына
ұшырады. Негізінде түркілер мұсылмандықты ирандық ықпалмен
қабылдады.
Ұлттық діндер мен әлемдік діндер арасында, әлемдік діндердің ӛз
арасында, тіпті әлемдік діннің ішіндегі мазхабтарда немесе секталарда
бәсекелестік пен қақтығыс орын алған. Ең әуелі әлемдік діндер басқа елдерге
жайылған кезінде сол жергілікті ұлттық және әлемдік діндермен
бәсекелістікке түсіп, кейде қарама-қайшылыққа немесе қақтығысқа, кейде
тіпті соғысқа алып барған. Жалпы «мистикалық діндер» тӛзімді болу
сипатына ие. Олар жергілікті діндерге әсер еткенімен олармен қақтығысқа
бармаған. Кӛне Грек және Рим діні осыған мысал. Бұған керісінше
миссионерлік сипаттағы әлемдік діндер барған жеріндегі жергілікті дінмен
бірден қақтығысып, кӛбінесе жеңіске жетіп отырған.
Бәсекелестік пен қақтығыс кӛп жағдайда әлемдік діндердің арасында
орын алған. Мысалы Крест Жорығы.
4.Діни топтар арасындағы инклюзивизм, диалог және бірігіп жұмыс
жасау талпыныстары
Діндер арасындағы қақтығыстар мен бәсекелестіктердің нәтижесінде
диктаторлық, монополистік фанатизм т.б. орын алып қоғамның
бӛшектенуіне, қауіптің артуына байланысты діндер арасындағы ӛзара
достық, құрмет тӛзімділікке негізделген диалог пен бірге атсалыса отырып
қоғамдағы күрделі мәселелердің түйінін шешуге түрлі діндерді итермелеуде.
Осылайша бұрынғы абсолюттік және монополистік, басқаны кеудеден кері
итеруші әрекеттердің орнына ӛзара құрмет пен тӛзімділікке негізделген
«қамтушы» (инклюзивті) дін түсінігі келуде.
Достарыңызбен бөлісу: |