137
бейнелілік, яғни образдап сөйлеу ұлттың бар болмысы мен дүниетанымынан
хабар беруімен құнды.
Диссертациялық жұмыстың келесі міндеті - жоғарыда аталған ақындар
өлеңдері, мысал, айтыс, дастандарындағы символдық бейне жасау тəсілдерін
саралау болатын. Сыр сүлейлерінің мысал, айтыс, дастандарындағы əдеби
бейненің
көрінісін өсиеттік, аңыздық, дастан хикаялық, мысал айтыстар деп
топтап талданды. Т.Ізтілеуовтің «Лұқпан Хакім», «Ата мен бала»,
Ш. Омарының «Маймыл», «Жарлы Тəліп», Ж. Қадірбергенұлының «Ағайынды
үш жігіт», «Жүкті қыз», Бұдабай Қабылұлының, Ү.Жұманазардың,
Т. Үркімбаевтың, мысалдары ғылыми айналымға түсті. Сыр сүлейлерінің
мысалмен ой қозғауы арқылы мысал айтысын тудырғаны сөз болды. Мысал
өзіндік ерекшелігі бар жанр болғандықтан, ақындардың сөз саптауы мен
образды, бейне жасаудағы ерекшелігі де ашылды. Күлдіру, əшкерелеу, ой
қозғау, ойды қиялмен жеткізу шеберліктері дəлелденді.
Ақындардың өмірді образ арқылы ойлауы, тануы, бейнелеп берудегі
ерекшелігі сөз болғанда, ойды бейнелі жеткізуі назарда болды. Іс-əрекетті түрлі
əдіспен бейнелеп берудегі, кейіпкер бейнесін жасаудағы сөз қолданыстары
ашылды. Образдылық пен суреткерлік, халық тілінің
шұрайлы кестелері Сыр
сүлейлеріне тəн құбылыс деген тұжырым жасап отырмыз.
Сыр сүлейлерінің мысал, дастандарындағы əдеби бейнеге талдау жасап,
біршама оң нəтижеге қол жеткіздік. Мысал, дастандардағы образдылықты
салыстыра отырып, авторлардың айтпақ ойын, сөз қолданысындағы
ерекшеліктеріне тұжырым жасадық.
Талдау барысында, мынандай қорытындыға келдік:
- Ұлттық мінезді, образдың типтілігін екі түрге бөліп қарастырдық,
ұлттық мінез жəне типтілік;
- шығарма мазмұны ғана емес, пішіннің өзгеруі мінез ықпалына
байланысты болады;
- Барлық образдарды қазақ болмысына сай жасаған;
- Түрлі кейіпкерлердің мінезін ашуда диалог пен монологты басты тəсіл
ретінде қолданған;
- Ақындар қолданған тілдің көркемдегіш құралдары теңеу, эпитет,
метафора, метонимия, символ т.б. ойды ықшамды,
образды барынша бейнелі
етіп суреттеуде ерекше қызмет атқарған.
Келесі міндет өлке əдебиетін оқытудың əдіснамасын, ғылыми-теориялық
негіздерін, дидактикалық жеке пəндік ұстанымдарын айқындау. Бұл міндетті
шешу барысында оқытудың жалпы принциптеріне талдау жасай келе, жоғары
оқу орындарында əдебиетті оқытудың жекелеген принциптерін анықтадық.
Олар: Әдебиетті сөз өнері ретінде оқыту принципі; көркем шығарманы оның
пішіні мен мазмұнынының бірлігі негізінде талдау принципі; тарихилық
принципі; нақты автор шығармашылығындағы дəстүр мен жаңашылдық
принципі; пəнаралық байланыс принципі; əдебиет тарихы мен теориясының
негізгі
ұғымдарын меңгеру принципі; тарихи-мəдени ақпарат пен рухани-
эстетикалық ұғымдарды түсіну принципі; қазақ тілінде сөйлеудің көркем
138
тəсілдерін меңгеру принципі. Аталған принциптерге сипаттама беріліп,
əдебиетті оқыту əдістемесіндегі орны анықталды.
Зерттеу жұмысының соңғы міндеті-студенттердің кəсіби қарым-қатынас
дағдыларын дамытуда оқытудың мазмұндық жəне құрылымдық моделін жасау
жəне оны оқу процесіне енгізудің тиімді əдістерін жүйелеу. Бұл мəселе ЖОО-да
əдебиетті оқыту процесін біршама жылдан бері зерделеп, біліп келе
жатқандықтан, Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік
мəселелерін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оны оқытудың біз
анықтаған тиімді жолдарымен жоғары
оқу орындарының білім беру
бағдарламаларына енгізсе, ұлттық білім мен ғылымның өркендеуіне үлкен үлес
қосатынын бірден түсіндік. Сондықтан Сыр сүлейлері шығармаларындағы
əдеби бейне мен бейнелілікті оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделін
жасап, оны оқу процесіне қалай енгізу керектігі көрсетілді. Соның нəтижесінде
«ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне дəне бейнелілікті
оқыту» атты элективті курс бағдарламасы жасалып, силлабусы əзірленіп, оқыту
үдерісіне енгізілді. Бұл жұмыстардың тиімділігі эксперимент арқылы
дəлелденді.
Сонымен қатар ақындар поэзиясындағы суреткерлік дүниетаным
тұрғысынан поэзиялық туындыларға талдаулар жасалынып, ақындардың
өзіндік ерекшеліктеріне баға берілді. Соның нəтижесінде ұлттық əдебиетке
əкелген тың серпін, теориялық бағыт қарастырылды. Төмендегідей мəселелер
ғылыми шешімін тапты:
- нысанға алынған шығармалардағы ұлттық сипат пен мінез жəне
көркемдік ойлау формалары жинақталып, жүйеленді;
- Сыр сүлейлері қолданысындағы көркем бейне дəйегі айқындалып, жазба
айтыстар мен мысал, дастандардағы Сыр сүлейлерінің көркемдік кестесі,
бейнелілік нақыштары ғылыми тұрғыдан дəйектелді;
- Сыр өлкесі қаламгерлері шығармашылығын оқытудың дидактикалық,
жеке пəндік ұстанымдары айқындалды;
- Студенттердің кəсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытуда оқытудың
мазмұндық жəне
құрылымдық моделі жасалып, оны оқу процесіне енгізудің
тиімді əдістері жүйеленді.
Алынған қорытындылар мен негізгі тұжырымдар əдебиетті оқыту
курсында қолданылды, тəжірибеден өткізілді, алынған нəтижелерге сараптама
жүргізілді. Сондықтан диссертациялық жұмыстың материалдары мен
нəтижелерін жоғары оқу орындарындағы «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен
əдебиеті» білім беру бағдарламаларында, сондай-ақ, өлке əдебиетін зерттеуде,
оның
ұлттық-танымдық
ерекшеліктерін
айқындауда,
ал,
зерттеудің
практикалық нəтижесін орта арнаулы оқу орындары тəжірибесінде,
мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау институттары мен жалпы
орта білім беретін мектептердің білім беру үдерісінде пайдалануға болады.
Біздің зерттеу жұмысымызда Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне мен бейнелілік мəселесі əдеби-теориялық
тұрғыда алғаш рет
қарастырылды. Бүған дейінге көптеген зерттеу еңбектері Сыр сүлейлерінің мол