Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет17/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

ЕКІНШІ САБАҚ
Жұлдыздармен танысамыз
Бұл сабақта
• Қазақ елі;
• Қазақстан тұрғындары;
• Қазақ отбасы туралы 
оқимыз
.
• Қазіргі ғылым, кино, театр, саясат, эстрада жұлдыздары туралы;
• Ресми, ресми емес жағдаятта танысуды;
• Өзін таныстыруды, өз жасы мен ұлтын айтуды;
• Мекенжайын хабарлауды, телефон нөмірі мен факсты айтуды;
• Өзі туралы, отбасы туралы әңгімелеуді;
• Өзге отбасы туралы әңгімелерді түсінуді;
• Таныстардың аты-жөнін, мекен-жайын, телефонын жазып алуды;
• Бланктер мен анкета толтыруды 
үйренеміз.
Біз 
• ілік септігінің берілуін, 
• жатыс септігінде жас мөлшерінің берілуін, 
• көмектес септігінің бірлескен іс-әрекеттегі мағынасын 
білетін боламыз
.
 
Бірінші орында отаның 
мен ата-анаң, содан соң 
балаларың және отбасың 
болуы керек. 
 
(Цицерон)
Жұлдыздар адамдарды әрқашан қызықтырған: аспандағы жұлдыздар да, адам жұлдыздар да. 
Шет тілін оқи бастағаныңызда, тек қана жаңа грамматикамен, жаңа сөздермен таныспайсыз,
елмен де, адамдармен де, ұлттық дәстүрлермен де, мәдениетпен де танысасыз.
Күнде танымал адамдардың есімімен танысамыз, оларды теледидардан көреміз, даусын 
естиміз. Кино, спорт, театр, саясат, ғылым мен өнер жұлдыздарының өмірі туралы газеттер мен 
журналдар жазады, радио мен теледидарда айтады, достарына, таныстарына және әріптестеріне 
айтады. Сондықтан да шетелдіктер де, әдетте, басында жұлдыздармен танысады. 
Теледидарды қоссаңыз, «Жұлдыздар фабрикасы», «Қалай жұлдыз болуға болады?»,
«Екі жұлдыз», «Жұлдызды қонақ үйлер» және тағы басқа туралы көріп жүреміз.
Сіздерде де осылай шығар?


29
Аспандағы және жердегі жұлдыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет