63
алып азап тартып жүрген осы бір қиялшыл, арманшыл баланың ендігі көңіл
жұбатары өзінің жанынан шығарған қызықты ертегілері… Одан кейін,
жағасынан жусан исі бұрқыраған ағасының ескі пальтосы…
Аян өзінің көрген жәбіріне, Тұржан сияқты қатыгез адамдардың иттігіне
деген қарғыспен сол ертегілермен айтушы еді. Ол өзі аңсаған дүниедегі
жақсылық атаулының бір
-
бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық
та, әйтеуір, адамға тән небір асыл қасиеттің барлығы да сол ертегілерінде
болушы еді.
Айта кететін нәрсе
-
әңгімеде басынан аяғына дейін Аян тағдыры
суреттелетін әр эпизодтың бірінен
-
біріне жалғасқан сайын бояуы қалыңдай,
әсерлілігі күшейе түсетіндігі. Мысалға бірнеше үзіндіні алып көрелік.
«Жарғақ Сары тон киген Аян күлімдеп
тұратын қара көзі шарасынан
шыға үрейге толып жаутаңдап, өңі боп
-
боз, есігінің алдында тұр екен».
«Онан соң Сары тонының омырауына тұмсығын тығып, суық сорған өңі
өкпеңбек боп бозарып біздің ойнымызға қарап, шетте үнсіз состиятын да
тұратын.
«Бас демей, көз демей былшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы
даусы шығып шырқырап:»Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін
мүлдем үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді».
«Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген қара құрым киіздің
үстінде, кір
-
кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен».
«Лауылдап жатқан сабанның арасы бытыр
-
бытыр ете қалғанда, Аян
арық қолын отқа тығып жіберіп, шала пісіп қалған күйелеш масақты лып
дегізіп суырып алатын.».
«Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып
солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де, қорадан
шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып
-
қызыл боп кетіпті».
Мінеки, бұл суреттердің бәрі де шығарманың көркемдік мазмұнын
қоюлатып, тұтастығын сомдай түскен.
Соңғы бірыңғай әңгіме жанрында еңбектеніп жүрген жазушы
Достарыңызбен бөлісу: