65
Біз, бұл әңгімені шынайы көркем шығарма ретінде талдағанда, осындай
ой
-
пайымдауларға барамыз. Ал, жалпы, мәселенің қойылуында көңілге
түйткіл түсіретін бір нәрсе
-
Ршыман мен Торғынның бір
-
біріне
ғашықтығында. Әрине, мұндай жағдай өмірде болмайды деп айта алмаймыз.
Талаптан Ахметжанның «Мұң» кiтабындағы хикаяттар мен әңгiмелерде
естiлер тiршiлiк
-
тұрмыс кедергiлерiне ұшырап жәбiрленген есуас есер, топас
желбуаздар құрметтелiп, жоғарыға екпiндеп өрлеп әлпештелген безбүйрек,
әдiлетсiз, рақымсыз жалған дүниенiң көрiксiз суреттерi мен қайшылықтары
аяусыз әшкереленедi. Бұған «Нобель сыйлығы»
хикаятындағы ар
-
ұят
перiштесiнiң «Мен пенделердiң ұйықтап кеткен ар
-
ұятын оятуға әзiрмiн»
деген лебiз айғақ.
Жазушы Талаптан Ахметжан лирикалық прозаның майталманы
екендiгiн, оның шығармаларына сыршылдық, күйшiлiк, нәзiктiк, көркемдiк
тән екендiгiн байқауға болады.
Дидахмет Әшiмхановтың «Әңгiме емес әңгiмелер» үш бөлiмнен тұрады.
Мейлi көркемсөз туралы сөз қозғасын, мейлi замандастар туралы ой
толғасын, мейлi ұлт жайлы
көкейдегi ойын ортаға салсын, қалайда кiсi
оқитындай етiп шегелеп жазған.
Соңғы уақытта әңгiме, новелла жазумен айналысып отырған
жазушылардың бiрi
–
Бексұлтан Нұржекеұлы. Оның «Бейтаныс әйелдiң
құпиясы» атты әңгiмелер жинағында ол қандай тақырыпты қамтиды, ненi
көрсетедi, мазмұны қандай, қандай мәселенi көтередi деген сияқты сұрақтар
туындайды.
«Махаббат мәңгiлiк тақырып», ол өзiнiң жазушылық ғұмырында осынау
мәңгiлiк тақырып
–
махаббаттты жырлап келе жатқан Бексұлтанның 2002
жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген бұл жинағандағы әңгiмелердiң
негiзгi өзегi де әйел мен еркек арасындағы сезiм сырлары.
Кiтаптың атына
таңдап алынған «Бейтаныс әйелдiң құпиясы» да оқырманның көз алдына
бейтаныс әйелдiң құпиясын айқара ашып салатын психологиялық шығарма.
Жазушы аты
-
жөнi белгiсiз келiншектiң күнделiгiн ойда
-
жоқта қолына
түсiредi де, үйiне алып келiп, бастан
-
аяқ оқып шығады. Бар әңгiме осы.
Күнделiктi жазбалар ғашықтық дертiне ұшырап, не iстерiн өзi де бiлмей,
екiұдай күй кешкен бейтаныс әйелдiң бүкiл құпиясын, яғни жан дүниесiндегi
толқыма толқыныстарын,
құбылмалы құбылыстарын, сезiм сергелдеңдерiн
толық ашып берген:
«Жаным! Әр күнiм әр түнiм сiздi ғана ойлауға арналатын болды. Қайда
жүрсем де, не iстесем де сiз миымда, көз алдымда тұрасыз да қоясыз.
Тұтқыныңызға мықтап түсiрген екенсiз. Торыңызға қалай, қай уақытта
шырмалып қалғанымды да бiлмеймiн. Осынша естен айрылуға болады деп
кiм ойлаған?! Әсiресе менiң жағдайымда жалғыз ғана үмiтiм
–
сiздiң маған
деген көңiлiңiз. Сiз суып кетсеңiз, ол соққыны көтере алмайтын шығармын.
Суымаңызшы!» деген әйел күнделiгiндегi жазулардан сыр суыртпақтан автор
оған өз ойын тiркеп, көзқарасын бiлдiрiп отырады. «Сөз сыңайынан әйелдiң
жас, еркектiң егде екендiгi бiрден аңғарылады. Оның үстiне әйелдiң күйеуi,
66
еркектiң әйелi бар болу керек. Әсiресе, менiң жағдайымда,»
-
деуi, сiрә,
сондықтан.
Әңгiме бастан
-
аяқ осындай тәсiлмен жазылған. Алдымен күнделiктен
үзiндi келтiрiледi де, соңынан
автордың да соған деген ой
-
топшылаулары
қосарланады.
Көркем әдебиетте бiр адамның өзiнен басқа ешкiм бiлмейтiн, бiлуге
тиiстi де емес жан сырын қойма қопарғандай ашып көрсететiн ең оңтайлы
көркемдiк тәсiлдердiң бiрi болып табылады. Осылай басталған бейтаныс
әйелдiң құпия сезiмiне автормен бiрге оның оқырманы да қызыға түседi,
құныға оқиды.
Кеудесiнде жаны бар тiрi пенде секiлдi сезiмнiң де туатын, өмiр сүретiн,
өлетiн
-
өшетiн мезгiлi болатыны айдай анық. Оны осы әңгiмеден де анық
аңғаруға болады. Бiрақ бейтаныс әйелдiң оған окiнiш
-
күйiнiшi жоқ сияқты,
қайта өзiн бақытты санайды. «Мен
бәрiбiр бақыттымын, өйткенi шын сүю
дегеннiң не екенiн аз уақыт болса да бастан кештiм, рахатын да таттым,
азабын да таттым. Сол үшiн сiзге ризамын. Қалғанын келешек көрсетер».
Құпия күнделiк осындай көңiл
-
күйде аяқталады. Бұл автордың
тәжiрбиелiлiгi. Өйткенi күнделiктегi жазбаларды бұдан әрi соза берудiң еш
мән
-
мағынасы жоқ. Бәрi түсiнiктi.
Шығарманың соңына дейiн әйелдiң кiм екенiн бiлмесек те, түр
-
түсiн,
кескiн
-
келбетiн ажырата алмасақ та, жазбалары
арқылы оның қандай адам
екенiн жазбай танимыз. Iшкi ойлары, сезiм сырлары, санасындағы сан алуан
толқыныс
-
бұлқыныстары
арқылы
жанының
нәзiктiгiн,
жүрегiнiң
нұрлылығын, табиғи болмысының мөлдiрлiгiн, сезiмге адалдығын айтпай
-
ақ
бiлемiз. Көз алдыңызға өзi де, жаны да сұлу әйелдiң бейнесi елестейдi…
Күнделiк, сөз жоқ, бейтаныс әйелдiң сырт көзге көрiнбейтiн iшкi сырын
көрсету мен оның образын ашуда маңызды рөл атқара алған.
«Қандай өнердiң болса да ең биiк қасиетi
–
оның шынайылығы»
(С.Рахманинов). Бұл әңгiме де шынайы жазылған. Шындыққа суарылған.
Жалғандыққа ұрындыратын, жасандылыққа бой алдыратын, сенiмсiздiк
тудырар тұстары жоқ. Өмiрдiң өзiнен ойып алғандай шынайы.
Адам жүрегінің мәңгілік күйі
-
махаббат туралы өзінге толғап, сонны ой
-
пікірлер түйіндейтін шығарманың бірі
–
Достарыңызбен бөлісу: