Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Оразбек 
Сәрсенбаевтың
бұл саладағы өзіндік ізденісі көз қуантып, көңіл 
толтырарлықтай. Автор әңгімелерінің нақты өмір шындығын салмақтай 
отырып, қилы
-
қилы тағдырларды, әр алуан пиғыл
-
ниеттерді ашып
-
айқындау 
арқылы әлеуметтік мәселелерді қозғау, көтеру басым жатады. Қаламгер 
творчествосының өзіне тән ерекшелігі де осындай сипаттардын туындап 
жатса керек. Автор көбіне ауыл өмірі жайлы жазады. Оның «Жиде 
гүлдегенде», «Жақсының көзі» жинақтарындағы әңгімелерден бүгінгі ауыл 
адамдарының тіршілігін, түйсік
-
сезімін, қайшылық
-
қақтығыстарын көруге 
болады. Автордың «Қосқұлақтың басында» атты әңгімесінен де осы 
айтқанымыздай жақсы нышандар байқалады.
Облыстық газет редакторы Бәкір Жарылқасынов бастаған бір топ 
шаруашылық басшыларының, мал мамандарының шопандар аулын аралауын 
сөз ете отырып, автор олардың әрқайсысының мінез
-
құлқынан, характерінен 
хабардар етеді.


64 
Қора
-
қопсысы сайланбаған, жағдайы мәз емес шопан үйіне тосыннан 
келген облыстық газет редакторының алдында жергілікті басшылар қатты 
қысылады. Бұдан олардың малшы жағдайына қырсыздығы көрініп қалады. 
Бірақ бұл әрекеттерін бүркелемек болып, олар кінәнің бір ұшын шопан 
Көбентайдың өзіне әкеп тірейді. Әңгіменің алғашқы беттеріндегі осы бір 
көріністерден кімнің кім екені шаң беріп қалады. Шопан жағдайымен 
бажайлап танысқан Бәкір «бұл қалай» демесе де, «сезікті секірер» 
дегендейін, шаруашылық басшылары өздерін өздері әшкерелейді. Колхоз 
председателінің маңғаз көлгірлігі, ферма меңгерушісінің таяз да жалтақ 
жарамсақтығы байқалып қалады. Осылайша характерлер қақтығысы 
басталып келе жатқан әңгіменің негізгі арқауы шегініс арқылы Тасмағамбет 
тағдыры суреттелетін тұста тарқатылып, тіпті, үзіліп қалғандай әсер етеді. 
Бұл шегініс тым ұзақтау ма деп ойлаймыз. Шегініс Бәкірдің өмір жолын 
танытуда, оның бала кезін еске түсіріп, өскен жерін көріп толқуын, 
тебіренуін көрсетуде белгілі дәрежеде жүк арқалап тұрғанымен, әйтеуір, 
әңгіменің негізгі идеясына қабыспайтын сияқты болады да тұрады.
Сондай
-
ақ, автор шегіністе сырттай баяндауларға көбірек жол беріп 
алған секілді. Жоғарыда біздің тым ұзақтау, шұбалаңқылау көрінеді дегеніміз 
осыдан болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет