108
Бүгінгі жастар шығармаларындағы стилистиканы осыдан 10 жыл бұрын
жорыққа шыққан әдеби зерттеулер мен өлшей алмайсың. Жаңа ағымдағы
жазушыны зерттейтін жаңа зерттеуші дүниеге келуі шарт. Маған: «Дидар
Амантайдың кейіпкерлері дұрыс сөйлемейді» деп жатады. Нег ол кейіпкер
дұрыс сөйлеу керек. Егер сол кейіпкер әдеби тілмен сөйлесе, бұл нанымсыз
болады ғой. Қазіргі қазақ қоғамындағы кейіпкер бүгінгі тілмен сөйлеуі шарт.
Қалай болғанымен де әдебиетімізде жақсы құбылыстар орын алып жатыр.
Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жаны» атты кітабы постмодернистік
ағымның талаптарына сай келеді. Бұл кітапта тек қана автордың емес, өзінің
замандастарының мысқылы да бар.
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм ағымының бастауы
–
Тұрсынжан
Шапай. Оның әңгімелерін уақыты тапшы оқырманға оқып беруге де
ыңғайлы. Одан кейін осы ағымға бейімделген шоғырлы топ деп мына
авторларды атауға болады: Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлзат Шойбек, Дидар
Амантай, Асылан Жақсылықов, Нұрғали Ораз, Мадина Оралова, Мәди
Алжанбай, Мақсат Мәлік т.б. Мысалы: Нұрғали Ораздың кейіпкерлері
әлемдік мәдениетті меңгерген парасатты адам ретінде сипатталады.
М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы» шығармасы
–
осы ағымның сарынымен
жазылған туынды. М.Мағауин бұрынғы классикалық әдебиетті қорытып,
мақсатты түрде осылай жазуға бекіген. Ал, Тұрсынжан шапай алдына ондай
белгілі бір мақсат қоймай
–
заман сұранысына сай көркем бейнелеу тәсілі
мен түрін тапқан. Сонымен қатар, Тынымбай Нұрмағамбетовтың жарық
көрген соңғы дүниелері де осы ағым үлгісінде жазылып жүр. Бұл да көңіл
қуантарлық нәрсе.
Постмодернистерде өз қоғамына көңілі толмаушылық жиі кездеседі. Жас
қаламгерлер шығармаларынан осы дүниенің іздері байқалады.
Батыс европа постмодернистерінің шығыстық үлгіде жазылған
жазушылар шығармалары мойындалмай жатқан себебі, олар тудырған
әдебиетте құдай жоқ, ал ондай шығармалар бір күні оқырманды таң
қалдырса, екінші күні ұмыт болады.
Достарыңызбен бөлісу: