Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет75/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1.Ертегi дегенiмiз не?
2.Ертегiлердi оқу техникасының жүйесi бойынша келiстiрiп оқыңдар.
3.Ертегiлердiң жанрлық ерекшелiгiне көңiл бөлiңдер.
4.Ертегiлердi мәнерлеп оқығанда ондағы кейiпкерлердiң iс
-
әрекетiне 
байланысты жайттарды ескерiңдер.
ДРАМАЛЫҚ ШЫFАРМАЛАРДЫ ОҚУ 
 
Дулат Исабековтың «Әпке» атты драмасы
 
Ә п к е 
 
Екi бөлiмдi драма 
(Ықшамдалып алынды) 
Қамажай
Омар
-
iнiсi
Темiрбек, Тимур
– 
iнiсi
Ермек
– 
iнiсi
Нәзiла, Наз
– 
сiңлiсi
Гауhар
– 
Назиланың құрбысы
Кәмила, Кама
– 
Тимурдың сүйген қызы, кейiннен әйелi
Сұлтан
– 
Тимурдың досы
Сұлухан, Светлана
– 
Сұлтанның қасындағы қыз
Қабен
Көршi әйел 
Б i р i н ш i а к т 
Үстел басында қамажай, сiңлiсi, сiңлiсiнiң құрбысы тамақ iшiп отыр.
Нәзила. Илансаң бар ғой, әпке, таңертеңнен берi Гауhар екеумiз дым 
сызған жоқпыз.
Қамажай. Немене, ақшаларың болмай қалды ма?


153 
Нәзила. Гауhар да құр алақан емес. Уақыт жоқ. Ателъеге барып едiк, 
қырғын, адам көп екен, шаршап өле жаздадық. Так что, әпкешка, бүгiн 
алдымызға күнжара қойсаң да жей беремiз.
Қамажай. Ақшаларың болмаса, ателъеге неге барып жүрсiңдер?
Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерiм еске түсiп… Ателъеге ақшалы 
адамның баруы жаңалық емес. қолыңнан келсе, ақшасыз барып көр. (күлiп.) 
Жай айтқаным ғой. Әпке деймiн, Ателъеге маркизет түсiптi. Гауhарда азын
-
аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едiм. Жете алмадық. Жете 
алмағанымыз да дұрыс болды. Әйтпесе, кейiн қайдан тауып берер едiк.
Қамажай. Неге?... Тауып беремiз… Тимур ертең айлық алады. 
Нәзила. Оның айлығы өзiнен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен 
оны паркте бiр қызбен көргем. Менiңше, финанс жағын сол кiсi басқаратын 
болу керек. Ал, ендi iске кiрiселiк. 
Екi құрбы сықылықтай күлiп, тамақтан тарбытып жеуге кiрiседi. 
Қамажай. Ойбай
-
ау… Сендердiң қарындарыңның аш екенiн бiлмей 
қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едiм. Әлгi Темiрбек бiр жолдасымды 
ертiп келем деп едi. Сол екеуiнiң… Жарайды, сол екеуiнiң сыбағасын салып 
берейiн.
Гауhар. Жо
-
жоқ, апа, керек емес. Бiзге осы да жетедi. 
Қамажай. Азаннан берi дым сызбасаңдар қайдан жетсiң. Оларға… 
котлет қуырып бере салармын. Әкелiңдер ыдыстарыңды. 
Нәзила. Бiздiң әпкешка бала сияқты. Не айтсаң соған сене бередi.
Үйге Темiрбек және гитара көтерген бiр жiгiтпен екi қыз сау етiп кiрiп 
келедi. Бәрi көңiлдi. Қамажай тамақ қамын ойлап, аңырып тұрып қалады.
Нәзила. Әпкешка, котлеттi көбiрек қуыр. 
Темiрбек. О
-
о, бiздiң үйде
той боп жатқан
-
ау шамасы. Мамуля, мен 
бiлмейтiн бұл қандай той.
Қамажай. Ә
-
ә… той емес… Жай, өзiмiз. Жiгiттер. Қыздар, жоғары 
шығыңдар. Ермекжан, сен өз бөлмеңе бара ғой, кәне. (Ол кетедi.) Ал, 
төрлетiңдер.
Темiрбек. Мамуля, бiздiң үйде той жоқ дейсiң, неге той жоқ? Той бар. 
Ендi болады. Бүгiн екi жылдан берi бiр заводта iстеп келе жатқан менiң ең 
жақсы досым Сұлтанның туған күнi. Және ол бiздiң босағаны бiрiншi рет 
аттап отыр. Демек, бiздiң үйде бiр емес, екi той өтуi тиiс. Ал, Кәмила шығар 
сумкадағыларыңды. 
Нәзила. құп болады!
Қамажай. Темiрбек
-
ау. Мынау… Күнi бұрын неге айтпадың? Ұят боп 
қалды
-
ау, ә? Ылғи да асығыс. Тым болмаса телефонмен бiр айта салсаң, еттi.
Темiрбек. Ничего, ничего, мамуля. қуаныш атаулының ойда жоқта 
болғаны жақсы. Күнi бұрын
бiлген қуаныш

қуаныш емес. Эффектiсi аз 
болады. Ал, Сұлтан, бұл кiсi 
– 
менiң әпкем, өзiм мамуля деп атап кеткем. 
Мына қыз 
– 
қарындасым, оның қасындағы 
– 
подружкасы. Екеуi институтта 
бiрге оқиды. Ал, мына екi қыз 
– 
Кәмила және Светлана. қазақша аты 
– 
Сұлухан. Аты 
– 
не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбiз. Все 
мы уже знакомы, моя миссия окончено, теперь прошу за стол. 


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет