Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет74/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. М.Әуезовтiң «Дәрменнiң монологын» мәнерлеп оқып жатқа айту.
2. Б.Майлиннiң «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» атты диалогын рөлдерге бөлiп 
оқыңдар.
3. Жоғарыда берiлген шығармалардан тыс, одан басқа да монолог пен 
диалогтардан мысалдар келтiрiңдер.
Е Р Т Е Г I Л Е Р Д I О қ У 
 
А я з б и
 
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзiнiң 
заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзiрi бар екен. Бiр 
күнi хан уәзiрлерiнен мәжiлiстес болып отырып: 

Уәзiрлерiм! Сендер қырқың да асып тұрған ақылды, данышпан 
едiңдер. Мен сендердi бiр жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегi 
адамның жаманын, құстың жаманын және шөптiң жаманын тауып әкелiңдер. 
Он бiр ай уақыт беремiн. Сол он бiр айдың iшiнде тауып әкелмесеңдер, 
жазалы боласыңдар, 

дептi. 
Хан бұйырған соң амал жоқ, уәзiрлерi өзара ақылдасып, iздеуге 
кiрiседi. 
Көп iздеп, азап шегiп, шеңгел деген шөптi тауып: «Өзi 
– 
тiкен, 
арасынан жүрсе киiм жыртады, мал жемейдi екен, шөптiң жаманы осы ғой», 

деп шеңгелдi алады. қырғауыл деген құсты тауып: «үстiнде жүнi жоқ, 
ұсқыны келiссiз, құстың жаманы осы екен», 

деп қырғауылды атып алады. 
Ендi адамның жаманын таба алмай, қырық уәзiр келе жатса, таудың етегiнде 
үстiнде жыртық тоны, басында терi тымағы бар, ұсқынсыз бiр адам бес
-
он 
қойды бағып жүр екен. Уәзiрлер таңырқап: «Адамның жаманы, сiрә, осы 
болар 
-
ау», 

деп тұрғанда, әлгi адам:

Уа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? 
– 
дептi.
Уәзiрлер ханның сондай бiр жұмысқа жұмсағанын, шөптiң, құстың 
жаманын тауып, ендi адамның жаманын таба алмай, ол адамның ұсқынын 
көрiп таңданып, «адам жаманы осы болар», 

деп таңырқап тұрғандарын 
айтыпты. 


151 
Жаман тұрып: 

Болды, адамның жаманы керек болса, мен боламын. Ханға менi алып 
барсаңыз, сiздердiң жұмысыңыз бiтедi, 

дейдi. 
Уәзiрлер:

Олай болса жарайды, 

деп Жаманды аттың артына мiнгестiрiп алып, 
ханға жөнеледi. Ханға келе жатып, Жаман: 

Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бiрақ шөптiң, құстың 
жаманын таба алмаөан екенсiздер. Шөптiң жаманы 
– 
қара қоға, құстың 
жаманы 
– 
сауысқан едi, 

деп уәзiрлерге қырғауыл мен шеңгелдi тастатып, 
олардың орнына қара қоға мен сауысқанды алдырады. Уәзiрлер мәнiсiн 
сұрайын деп едi ол:

Хан алдында айтам, 

деп сөйлемедi. Уәзiрлер келген соң, хан әкелген 
адамның ұсқынына қарап:

Әкелген адамың жарайды. Мұнан жаман кiсi дүниеде жоқ шығар. 
қазiр аспазшыға апарыңдар, көже мен нан берсiн, сыйласын. Ертең ортаға 
алып, тамаша етемiз, 

деп Жаманды ас үйге жiбердi. 

Бiрақ, құстың жаманы мен шөптiң жаманын таба алмаған екенсiңдер. 
құстың жаманы 
– 
қырғауыл, шөптiң жаманы 
– 
шеңгел едi. Осыны көре, 
бұларды әкелулерiңнiң не мәнi бар едi? 
– 
деп хан уәзiрлерiне қатулана 
бастады. 
Сонда уәзiрлер:

Тақсыр, айтқаныңыз дұрыс. Бiз шөп жаманы деп шеңгелдi, құс 
жаманы деп қырғауылды алып едiк, бiрақ жолшыбай әлгi Жаман: «Шөптiң 
жаманы 
– 
қара қоға, құстың жаманы 

сауысқан»,

деп бiзге оларды 
тастатып, қара қоға мен сауысқанды алдырды, 

деп жауап бердi. 
Хан аз кiдiрiп:

Е, Жаманның не бiлгенi бар екен?! Шөптiң жаманы 
– 
қара қоға, 
құстың жаманы 
– 
сауысқан екенiн қайдан бiлдi? Алып кел, сұралық! 
– 
деп 
бұйрық еттi. Жаманды
ханға алып келдi. 
Хан Жаманның бетiне қарап:

Мен құстың жаманы 
– 
қырғауыл, шөптiң жаманы шеңгел деп 
ойлаушы едiм, сен оларды уәзiрлерге тастатыпсың. Сен шөптiң жаманы 
– 
қара қоға, құстың жаманы 
– 
сауысқан екенiн қайдан бiлдiң? 
– 
дедi. 

Тақсыр хан,
елу жасқа келiп жаман болған жоқпын, жасымнан
-
ақ 
жаман едiм. Өмiрiмде отын
-
су тасып, еткенiм кiсiнiң құлшылығы болды. Сол 
уақытта шеңгелдi әкелiп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңге дейiн 
сексеуiлдiң шоғындай жайнап жататын едi. Сол уақытта: «Киiм жыртып, мал 
жемейтiн шеңгел отын ретiнде пайдаға асады екен
-
ау», 

деп ойлаған едiм. 
Ал ендi қара қоғаны алып отқа жақсам, отқа жанбайтын едi, үрлесем, 
жалыны мен шоғы бiрге сөнiп, күлi бұрқырап, үйдiң iшiн алып кететiн едi. 
Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, мал жаманы сиыр екеш, сиыр да 
мұрнын шүйiрiп жемейтiн. Сонан соң қара қоға тiптi пайдаға аспайтын шөп 
қой деп ойлаушы едiм. қара қоғаның жаманын сонда бiлдiм, 

дедi Жаман. 

Сауысқанның жаман екенiн қайдан бiлдiң? 
– 
дедi хан. 


152 

Қырғауылдың жүнi жоқ
болса да, қанаты бар, адамның пайдасына 
жарайтын адал құс едi. Бiреудiң сиықсыз болуы 
– 
тәңiрдiң iсi. қырғауылдың 
айыбы 
– 
тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүнi ала болғаны сияқты, өзi де 
ала, бiрлiгi жоқ. Екеуi бiрiгiп ұшпаған, екеуi бiрiгiп қонбаған, адам
пайдасына аспайтын арам құс едi. Сондықтан құс жаманы сауысқан деймiн. 

Хош, сауысқан мен қара қоғаның жамандығын бiлдiң. Ендi өзiңнiң 
жамандығыңды қайдан бiлдiң? 
– 
дедi хан.

Уа, тақсыр! Менiң жасым елуге келдi. Мен қатарлылар әйел алып, 
бала көрдi, келiн жұмсап, қызық көрiп отыр. Мен қайда болса сонда, әлi 
күнге дейiн әркiмнiң артына мiнгесiп, басқа бiреудiң құлшылығында жүрмiн. 
Ендi мен жаман емей, жақсымын ба? 
– 
деп Жаман ханға қарады. Хан басын 
шайқап:

Апыр
-
ай, сен жаман болсаң жарар едi... құстың, шөптiң өзiңнiң 
жамандығыңа дәлел айттың, жарайды... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет