Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет128/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 159.9(075.8) 

 

ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ 

 

Жангозиева М.С. 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 

университеті, Қазақстан 

 

Аңдатпа.  Мінез-құлқы  мен  көзқарасы  енді  қалыптасып  келе  жатқан  жеткіншектің 

ғаламторға  тәуелді  болуы  қауіпті    соматикалық  жүйедегі  ақаулар  мен  балалар  неврозы      пайда 

болуына әсерін тигізуде. Осыған орай, мақалада қазіргі таңдағы  интернетке тәлелділіктің балалар 

психикасына зияны  өзекті мәселе болып отырғаны туралы баяндалады. 

Түйінді сөздер: ғаламтор,тәуелділік,әлеуметтік желі, суицид. 

 

Бүгінде  ғаламторға  тәуелділік  атты  жаңа  дерттің  пайда  болғаны  жасырын  емес.  The 



Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе 

марихуанаға  тәуелділікпен  бірдей  екен.  Негізінен,  компьютер  тұтынушыларының  5-10  пайызы 

ғаламторға  тәуелді.  Ересектерді  былай  қойғанда,  бұл  күнде  жасөспірімдер  мен  бүлдіршіндер  де 

ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай, елімізде ғаламтордан зиян шеккен 

балалар туралы дерек жоқ. Өйткені ел аумағында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмейді.  

Әйткенмен мектеп жасындағы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» 

айналғалы  қашан.  Телефон  ұстап  отырған  балаларды  кез  келген  жерден  кездестіреміз.  Мектепте 

сабақ  үстінде  ұялы  телефон  арқылы  хат  алысатын  оқушылар  да  жеткілікті.Өзгесін  былай 

қойғанда,  балалар  ғаламтор  арқылы  бейтаныс  жандармен  танысып,  «сәбиқұмар»  жауыздардың 

құрбанына да айналып жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ғаламтор әлемі озбырлық пен асқан 

қанішерлікті де кеңінен насихаттайтыны жасырын емес. Тіпті ғаламтор арқылы баланы суицидке 

итермелейтін  жандар  да  бар.Жақын    арада  ғана  «Көк  кит»  аталатын  ойынының  елді    біраз 

дүрліктіргенін  білеміз.Ал ата-ана баланы интернеттен қорғай алмай әлек [1].  

Шыны  керек,  бүгінде  балалар  ғаламтор  арқылы  таратылатын  түрлі  ақпараттан  сақтанып 

отырған жоқ. Бүкіләлемдік желі  балалар үшін қауіпті екені  де түсінікті  жайт.  Осы мәселені  алға 

тартып,  қазақстандық  режиссер  Рубен  Казарян  «Интернеттегі  балалар»  атты  қысқа  метражды 

көркем  фильм  түсірді.  Айналасы  20  минутты  қамтитын  туынды  да  ғаламтордың  балаларға  кері 

әсері  жөнінде  айтылады.  Фильмнің  сюжеті  бойынша,  мектеп  оқушысына  ата-анасы  компьютер 

сыйлайды. Баласының «ғаламторға қостырып беріңізші» деген өтінішін жерге тастамай, ата-анасы 

ғаламтор  желісін де қостырады. Бірақ  күні-түні  монитордан бас алмайтын баланың мінез-құлқы, 

өмірге көзқарасы өзгере береді.  «М-агент» арқылы қаскөй педофилмен танысқан бала жауыздың 

арбауына түседі. Бірақ ата-ана дер кезінде қауіп төнгенін аңғарады.  




271 

 

Кейде  ата-аналар  ғаламтордың  баланың  өміріне  қаншалықты  әсер  ететінiне,  онлайн-



озбырлықтың  басым  екеніне  зер  салмайды.  Тіпті  бұл  ата-аналар  үшін  елеуге  тұрмайтын  ұсақ-

түйек мәселе ғана. «Бала түгілі, ересек адамдар ғаламторға тәуелділіктің бар екенін білсе де, одан 

көз алмайды. Ал балалардың психикасы бәрін сол қалпында қабылдайтыны белгілі. Теріс ақпарат 

әп-сәтте баланың миын жаулауда. Біз осы қауіп жөнін­де айтқымыз келді» дейді фильм режиссері 

Рубен Казарян. Режиссердің айтуынша, елімізде интернеттің адам баласына төндірер қаупі туралы 

арнайы  зерттеу  жұмыстары  жүргізілмейді.  Дегенмен  арам  пиғылын  жүзеге  асырғысы  келетін 

педофилдер  үшін  ғаламтор  құрбан  іздеудің  таптырмас  құралы.  Тіпті  фильмді  түсіру  тобы  Ішк 

істер  департаментінің  мамандарымен  де  тілдесіп  көрген  екен.  Арнайы  мекеме  қызметкерлері 

ғаламтор  арқылы  педофилмен  танысып,  тілдесіп,  кездескен  балалардың  бар  екендігін  айтыпты. 

Фильмді  түсіріп,  жарыққа  шығаруға  «Microsoft  Қазақстан»  компаниясы  қолдау  білдірген. 

Фильмде  Windows  жүйесінде  балалардың  ғаламтордағы  әрбір  ісін  бақылауға  арналған  «Ата-ана 

бақылауы»  атты  бағдарлама  туралы  да  айтылады.  Аталмыш  бағдарлама  арқылы  әрбір  ата-ана 

баласының  іс-әрекетін  толыққан­ды  бақылап,  қауіп-қатердің  алдын  алады.  Рубен  Казарянның 

фильмі  көпшілікке  ой  салатын  туынды  болғандықтан,  ғаламторға  таратылып,  мектептерде 

көрсетіледі [2]. 

Деректерге  жүгінсек,  халық  арасында  «В  контакте»,  «Мой  мир»,  «Твиттер»,  «Фейсбук» 

сынды әлеуметтік желілер кеңінен танымал. Бір минутта әлеуметтік желілер арқылы кем дегенде 

20 миллионға жуық хабарлама жазылады. Ал минут ішінде 8 адамның жеке мәліметтері ұрланады 

екен.  Бір  қарағанда,  компьютер  алдында  отырған  баланың  не  істеп,  кіммен  тілдесіп  отырғаны 

елеуге  тұрмайтын-ақ  жайт.  Дегенмен  әртүрлі  ойындарды  ойнап,  мінез-құлқы  мен  психикасы 

бұзылған  жасөспірімдер  баршылық.  Мәселен,  2001  жылы  Ресейде  үш  бала  ойынға  беріліп, 

өздеріне  қол  салса,  АҚШ-та  Шон  Вуллей  есімді  азамат  виртуалды  әлемге  еніп,  ақыры  суицид 

жасады. Дәл сол кезде Шонның анасы: «Бұл тәуелділік. Сен не өлім құшасың, не жынданасың, не 

тірі  қаласың.  Менің  ұлым  өлім  құшты»  деген  еді.  Расында,  ғаламтор  әлемі  балаларға  жапа 

шектіреді. Бала түгілі, ересек адам ғаламторға тәуелді болатыны соншалық, ұйқы мен жұмысты, 

тіпті жеке өмірді кейінге ысырады. Ал мінез-құлқы мен көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан 

жеткіншектің ғаламторға тәуелді болуы қауіпті-ақ.  

Сондықтан  «интернеттегі  балалардың»  қауіпсіздігін  бір  сәт  ойланған  жөн.  Қазіргі  таңда 

мектеп  жасына  дейінгі  баланың  өзі  жазу-сызуды  білмесе  де,компьютердің,телефон  арқылы 

интернетке кіруді   жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле 

бермейтін  әке–шешелері  «қазіргі  балалар  іштен  біле  туады»  деп  те  айтып  жатады.  Компьютерге 

осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе,бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге 

болады.Сондықтан  болар  компьютерлік  ойындар  балалардың  құмартып  ойнайтын  ойындарының 

біріне  айналды.Енді  мамандар  зерттеулеріне  сүйене  отырып,  бұл  озық  технологияларды  ұзақ 

пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек.  

Біріншіден,  шамадан  тыс  ақпараттар  тасқыны  баланы  енжарлыққа  душар  ететін  көрінеді. 

Интернетті  өзінің  бірінші  серігі,  ал  компьютерді  «досы»  етіп  таңдаған  жан  айналасындағы 

адамдарменеркін  араласу  қабілетін  лезде  әлсіретіп  алады  екен.  Бұл  туралы  мамандар:«Өзгенің 

адами  мұң  мұқтажын    түсінбейтін,айналасындағылардың  жан  қиналысын  сезіне  бермейтін,  яғни 

жүрегі  селт  етпейтін  халге  жетеді»,–дейді.  Адамдармен,  тіпті  өзінің  жақын-жуықтарымен,әке-

шеше,бауырларымен  араласудан  қашқақтайтын  ондай  бала,  абайламаса,шынайы  мынау  өмірді 

виртуалды,  жансыз  «өмірге»  айырбастап  жіберетіндей  дәрежеге  жетеді  екен.  «Компьютерге 

байлану»  ауруы  негізінен  кімдерде  пайда  болады?»  деген  сауалға  мамандардың  жауабы: 

«негізінен,  шынайы  өмірде  өз-өздеріне  сенімсіз,  сондай-ақ  тұрмыста  кездесетін  қиын  түйіндерді 

шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». 

Олар:«компьютерден  тыс  жерде  тірлік  ету  уақытты  босқа  жоғалтқанмен  бірдей»,–деп  есептейді 

екен. [3].  

Қазіргі  жаңа  технологиялардың  ішіндегі  ең  көп  қолданылатының  бірі  ол-компьютер. 

Бүгінгі  өмірді  компьютерсіз  елестету  мүмкін  емес.Компьютер  адамзаттың  өркениет  жолымен 

дамуына  ықпал  ететін  басты  құралдардың  бірі  екені  даусыз.  Қай  салада  болмасын  компьютер 

кеңінен қолданылып,  адамдар  тіпті  онсыз  өмір  сүруін  елестете  алмайтындай  дәрежеге  жетті.  Ал 

компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген 




272 

 

тәуелділігі күннен-күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын 



психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді. 

Психологтардың зерттеуіне қарағанда, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, 

эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін анықтаған. Қияли әлемге 

жіпсіз  байланғандардың  көпшілігі  күнделікті  өмірде  көптеген  қателіктерге  бой  алдырады  екен. 

Себебі,  компьютердегі  бейнелер  шынайы  өмірге  мүлдем  ұқсамайды.  Сондықтан,балаларды 

компьютермен емес, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету керек [4].  

Компьютерден  басқа,  қазіргі  жастар  ұялы  телефонға  да  тәуелді  болды.  Қазақстандағы  2,5 

миллионнан  аса  оқушының  қазіргі  кезде  ұялы  телефон  ұстамайтындары  кемде-кем 

шығар.Баланың  «соткасы»  күні  кешке  дейін  қалтасында  жүретіндіктен,  ата-аналар  ұл-қызының 

қалайша  әлеуметтік  желінің  шырмауына  түсіп  қалғанын  байқамай  қалып  жатыр.  Ақпараттық 

технологиялар  қаншалықты  қарыштап  дамыған  сайын,  олардың  кері  әсері  соншалықты  үдеп 

барады. 


Ұялы телефон хат алысып, хабарласатын байланыс құралы ретінде өмірімізге етене жақын. 

Соңғы  уақыттарда  қарапайым  байланыс  құралынан  функционалдық  әлеуеті  жоғары  көп 

қолданбалы  құрылғыға  айналуы  оған  деген  сұранысты  да  арттыра  түсті.  Әсіресе,  смартфон  мен 

3G-4G  технологияларының  кәдеге  жарауы  бізді  өзіне  одан  сайын  тәуелді  етті.  Ұялы  телефон 

байланыс құралы ғана емес, әлеуметтік желіге тікелей шығатын құралға айналды. Оны сөйлесуге 

емес, әлеуметтік желіге кіру үшін қолдана бастады. Осы әлеуметтік желілер ішіндегі ең атақты да, 

көп қолданатын бірі ол «maіl.ru» желісі болып табылады [5]. 

Бүгінде «maіl.ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» 

қатары  күн  санап  көбейіп  келеді.  «Maіl.ru»  компаниясының  деректеріне  жүгінсек,  «м-агент» 

қызметін  айына  9  миллион  адам  пайдаланады,  ал  оған  бір  уақытта  2  миллионнан  аса  адам 

қосылады  екен.  Компьютерді  былай  қойып,  енді  қалта  телефонына  еніп  алған  бұл  байланыс 

желісінің  тиімділігі  айтпаса  да  түсінікті.  Әлеуметтік  желілер  бала  психикасын  уландыратыны 

сөзсіз. Тәулігіне 24 сағат болса, бала оның 12-13 сағатын осы қалта телефонмен өткізеді. Мектеп 

оқушыларының көбі, оны сабақ үстіндепайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы 

әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне 

агент  арқылы  «хат»  жазып,  сабаққа  тіпті  көңіл  бөлмейді.  Бұл  тірлік,  өкінішке  орай,  үйге  келген 

соң да қайталана береді.Көптеген балалар, жастар түнде ұйықтар алдында ұялы телефонмен ойын 

ойнауға,  әлеуметтік  желілерде  жазба  оқуға  құмар.  Бұл  бір  жағы,  телефонға  шектен  тыс 

тәуелділіктен туындаса, екінші жағы, ұйқысыздыққа ұшыраған тұрғындарының телефонды ермек 

ете тұру пиғылынан туған теріс әдет [6]. 

Сондай-ақ мұндай  тұтынушылардың басым бөлігі көзі жұмыла бастаған бетте телефонды 

жастықтың  жанына  қоя  салып,  ұйқыға  кетеді.  Телефон  радиациясынан  өзге  ағзаларға  қарағанда 

адамның  басы  анағұрлым  көп  зақым  алады  екен.  Мұндай  бұрыс  дағды  адамдарды  бас  ауру,  бас 

айналу,  көз  қарауыту,  зеңу,  ұйқысыздық  дерттеріне  шалдықтырып,  уақыт  озған  сайын  ауру 

белгілері созылмалы, қайталанатын сипат алады. Ал, бұл әрине психикаға өз әсерін тигізеді.  

Ұялы  телефонға  тәуелділік  бұл  қазіргі  заманның  ең  өзекті  мәселелері  деп  айтуға  болады, 

себебі балалар шың өмірде емес виртуалды әлемде, әлеуметтік әлемде өмір сүреді. Тіпті,мемлекет 

басшысы  қазақстанды  оқушыларды  әлеуметтік  желілерде  көп  отырмауға  шақырды.«Твиттерде» 

немесе басқада әлеуметтік желілерде отырып, уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы 

өз араларыңда көп әңгіме-дүкен құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін 

ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер 

деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп 

өтеді»,-деді Н.Ә Назарбаев [7]. 

Қорыта келгенде, жаңа технологиялардың жақсы жақтары ғана емес, сонымен қатар зиянды 

жағы  бар  екеніне  көз  жеткіздік.  Компьютерсіз,  ұялы  телефонсыз,  интернетсіз  біздің  өмірімізді 

қазіргі таңда елестету мүмкін емес. Бірақ, осы технологияларды керек кезде және дұрыс пайдалана 

білу  керек.  Өз  еліміздің  ұрпақтарымызды  осы  тәуелділіктен  құтқарып,  виртуалды  әлемнен 

шығарып қоғамда өмір сүруге шақыру тиіспіз.  

 

 



273 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Антон Платов. Дети, Сеть и родители. Мир компьютеров.-No 3.–2004. 

2.  Гордеева  А.  В.  Увлеченность  компьютерными  играми:  психологический  аспект.–К.–

2004. 


3. Хоперская О. Осторожно, компьютер! // Природа и человек. Свет.-No 8.–2000. 

4. Шлимович Б. Компьютеры и дети. // Наука и жизнь.-No 11.–1998. 

5.Сымбат  Абешова.  Жеткіншектің  компьютер  тұтынушысы  ретіндегі  мотивациясы  мен 

қарым-қатынасы. // Қызықты психология. Алматы.-No 2.-2011. 

6. Әркімбай. Н. «Компьютер баланың қасы ма, досы ма?» // «Ана тілі».-No 8-2011. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет