Әлемде сарапшылардың пікірінше, 19 ғасырға дейін мемлекеттің, қоғамның дамуы негізі
ғасыр білім мен зияткерлік ғасыры болмақ. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің
экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақ дамуын
интеллектуалды адам капиталы айқындайды. Жаппай жаһандану дәуірі қоғам дамуының жаңа
талаптары мен міндеттерін алға тартуда. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқынмен
294
дамуы қоғамдық сананы өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болуда. Білім мен ғылымның қоғаммен
байланысы мүлде жаңа арнаға ауысты. Міне, сондықтан ақпарат тасқынына шайылып кетпей,
бәсекелестік бәйгесіне ілесу үшін интеллектуалды әлеуетті арттырудың маңызы зор [1].
Қазіргі таңда, 21 ғасырдың талаптары негізінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы 1
ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020"мемлекеттік бағдарламасы қабылданған
болатын. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда
"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі
мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті
адам капиталына бай елге айналдыру еді [2].
Әлем қазіргі таңда үздіксіз өзгеру үстінде. Заман талабы тек жастардың білім алуын қанағат
тұтпайды, себебі бәсекеге қабілетті болуы үшін өздігінен жұмыс жасап білуі керек екендігін
дәлелдей түсті.
Мемлекеттің интелектуалды әлеуетін негізгі көрсеткіші – сапалы білім, терең ғылым.
Білікті, бәсекеге қабілетті білімді мамандарды дайындауда, еліміздің интелектуалды әлеуетін
дамыту – жоғары оқу орындарының орны ерекше.
Бүгінде Қазақстандағы ЖОО-лар 200-ден астам мамандық түрі бойынша кадрлар
даярлайды екен. 1990 жылдан бері елімізде ЖОО-ларда оқитындар саны үш есе артты. Сөйтіп
Қазақстан ЖОО-лар саны жағынан әрбір миллион тұрғынға шаққанда Ұлыбритания, Германия,
Жапония сияқты көшбасшы елдердің өзін басып озыпты. Ең өкініштісі, ЖОО жүйесіндегі сандық
көрсеткішке сапалық дәреже мүлде сәйкес келмейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі
бойынша, елімізде ЖОО бітіргендердің 50 пайызы ғана алған мамандықтары бойынша еңбек етеді
[2]. Міне осы тұста бітіруші мамандардың интелектуалды әлеуетін арттыру ЖОО-дары үшінде,
бітіруші түлектер үшінде маңызды, ең бастысы мемлекеттің болашағын сенімді қалыптастыру,
стратегиясын жүзеге асыруда орны ерекше.
Жалпы интелектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға
негізделген жаңа және арнайы мамандарылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы
пайда болған білім, құзіреттіліктерді тек өзіне емес, өзінің айналасына, қоршаған ортасына, ұлты
мен Отан мүддесіне жарата алған азамат.
Дана Абай ұсынған «жанның тамағы» деген философиялық тұжырымы тұлғаның бойында
болатын адами, рухани күш жігерінің қалыптасуына бағытталған ғой. Сол Абайдың «толық
адамы» туралы тұжырымының негізгі қағидасы – арлылық, ақыл, рахым, парасат, әділеттілік пен
қайырымдылық секілді қасиеттер инттеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың негізгі көзі болып
табылады. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында қамтылған қағидаларды ұлы Абайдың «толық
адам» идеясымен сабақтастырып отыр.
Интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда Еуропа елдері 20 жыл бұрын интеллектуалды
қоғамды құруды өздеріне мемлекеттік деңгейде негізгі мақсат етіп қойған.
Франция мен Германия мемлекеттерін алатын болсақ, осы елдерде Еуропа одағына кірудің
бірден бір себепкері, интеллектуалды тұлға мен ұлт қалыптастырудағы көзқарастарының ұштасуы
Еуропа елдеріндегі интеллектуалдық қорлардың басты көрсеткіші ретінде білім мен ғылым
дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды
айқындау маңызды саналады. «Интеллектуалды азаматты» қалыптастыру жолында олардың
қоғамдық санасына ықпал етерлік қоршаған ортаның тынысы мен болмысын танып білу де
маңызды рөл атқарады [1]. Мәселен, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға Германия елі үлкен
мән береді. Ал интеллектуалды тұлға ұғымын Сабина Бергман-Поль енгізген болатын. Оның
«Неміс халқы» деген еңбегі бүкілхалықтық сайлауда мемлекеттік жоба ретінде ұсынылған. Онда:
«Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші – халық. Халыққа бар жағдай жасалуда. Ал
халықтың мемлекетке беруі тек салық емес. Сонымен қатар, өзін «Неміс еліне» лайықты ету.
Сондықтан да Бундес елінде интеллектісі жоғары адам ғана болуы керек. Егер адам интеллект
болса, ол өмірдің барлық қыр-сырын қамтиды» делінген. Жалпы, немістер адамдарды
психологиялық тұрғыдан дайындап, жетілдіруді мектеп кезеңінен бастаса да, балабақшада арнайы
психологиялық кабинеттер жұмыс істейді. Яғни, бұл азаматтарды туғаннан бастап тұлғалыққа,
өзін-өзі басқаруға үйретеді. Интеллект тұлға қалыптастыру әрбір елдің жетістікке қол жетуінің
алғышарты деп саналады [1].
295
Мемлекеттің алдына қойылған негізгі мақсат – бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұрпақты
қалыптастыру. Осы мақсатқа сай тұжырымдамада берілген негізгі қағидаларды және Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың 2017 жылы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында
негізгі «Бәсекеге қабілеттілік» бағыттарының бірінде көрсетілген және арнайы бағыт бағдарды
негізге ала отырып келесі оқу жылынан бастап университеттің оқу-тәрбие үдерісіне
эксперименттік тұрғыда студенттерге «Болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін
қалыптастыру негіздері» атты пәнді енгізуді ұсынамын[3].
Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз
жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы
жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Ағымдағы ғасыр адамзат баласының
алдында шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам
басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үрдісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері
мен олардың білім жүйелері жаһандану үрдісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары
мен жобаларын ұсынуда. Мұны Елбасы біліп, көріп, күрделі кезеңде еліміздің қайткенде аман
алып шығудың қамын ойластырып жүргені бүкіл әлемге аян.
Еуропа елдерінде мектеп түлектерінің тек 20 пайызы ғана жоғары білім алуға ден қояды.
Жоғары білімсіз де қоғамға қажетті нағыз кәсіби мамандық иесі болуға болады. Білікті мишинист,
іскер шаштараз да қоғамның қозғаушы күші болуға лайық. Жалпы, білім мен біліктілік
ұштасқанда ғана экономика жемісті болмақ. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы бойынша
елімізде өскелең технологияларға негізделген жаңа өндіріс орындары ашылып, бұрынғы зауыт-
фабрикалар жаңғыртылуда. Міне, осыған байланысты елімізде жұмысшы кадрларының
тапшылығы айқын көріне бастады. Бұрынғы жұмысшылар басқа жаққа қоныс аударған немесе
зейнет жасына жеткен. Ал жергілікті жастар қатарынан зауыт-фабрикаларға келіп, аға буынның
ісін жалғастырар жұмысшы кадрлар жоқтың қасы.
«Біздің металл өңдеу зауыты жаңа технология бойынша қайта жаңғыртылды. Құрал-
жабдықтардың бәрі бар, техникалық кадрларға деген тапшылық қолбайлау болып отыр.
Электрмен дәнекерлеушілер де, білікті токарьлар да жоқ. Тіпті, қарапайым слесарьлардың өзі
жетіспейді», дейді жақында іске қосылған зауыт басшысының бірі. Еңбекпен қамту
орталықтарының деректері бойынша, бүгінде біздің елімізде кәсіптік-техникалық оқу орындарын
бітірген маман жұмысшыларды қажет ететін 20 мың жұмыс орны бос тұрған көрінеді [1].
Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесі аталып өтілер кезеңде елімізде озық заманауи
технологияларға негізделген ондаған өндіріс орындары ашылды. Экономикамыздың әлеуетін
еселеп, еліміздің әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті болуы үшін бұл жаңа өндіріс ошақтарының
қосар үлесі зор.
Осы заманауи өндіріс ошақтарын білікті инженер-техниктермен, кәсіби жұмысшы
мамандармен қамтамасыз ету ел Үкіметінің алдында тұрған кешенді міндет.
Ендеше, интеллектуалды ұлт белгісі – жаппай білімді ғалым болу емес, әркім өзінің
лайықты орнын тапқан кәсіби білікті маман болу. Интеллектуалды ұлт жобасының тұғырлы басым
бағыттарының бірі – еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру және ғылымды дамыту болып табылады.
соңғы жылдарда қазақстандық ғылымның терең тоқырауға ұшырағаны, ащы да болса ақиқат.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Гүлзейнеп Сәдірқызы Болашақ маманның зияткерлік әлеуеті// https://egemen.kz
2.Ел ертеңі интеллектуалды ұрпақ қолында// https://egemen.kz
3.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласы. 2017 жылы 12 сәуір www.akorda.kz
4.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт-2020"
мемлекеттік бағдарламасы,
www.akorda.kz