Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет138/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: Тәрбие, білім беру, оқыту, моральдық нормалар, рухани құндылықтар.  

 

Жаңа кезеңдегі білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа  –  рухани-адамгершілік  тәрбие 



беру.  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуы,  білім  беру  және 

мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  заңдардың  қабылдануы  жастар  тәрбиесі   мәселесіне  жаңаша 




288 

 

ойлаумен  қарауды  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасының  орта  білімді  дамыту 



тұжырымдамасында  «Тәрбие  үрдісінде  қазақстандық  патриотизм,  гуманизм,  адамгершілік 

идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті.  

Оқыту, білім беру, тәрбиелеу – баланың ішкі жан-дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, 

түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар. «Тәрбиесіз берілген 

білім  адамзаттың  қас  жауы,  келешекте  оның  өміріне  апат  әкеледі,   адамға  ең  бірінші  керегі 

тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқан екен. 

Осы  заманғы  адамгершілік  тәрбиесі  жекелеген  бағыттарға  емес,  адамгершілік 

құндылықтарға  негізделеді. Адам  –  ең  әуелі  адамгершілігімен,  парасатының  биіктігімен 

көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. 

Халықта «Ағаш түзу өсу  үшін  оған көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал үлкен 

ағаш болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған. Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп, 

өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль  атқарады.    Рухани  -

адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. 

Бір  жағынан  ол үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға белсенді  ықпалын, 

екінші  жағынан  –  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері  мен 

қарым-қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі бір  мазмұнды  іске  асыра,  адамгершілік 

ықпалдың  әр түрлі  әдістерін  пайдалана  отырып,  педагог  істелген  жұмыстардың  нәтижелерін, 

тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек [1]. 

Адамгершілік  тәрбиесі  оқушыларды  адамгершілік  ұғымы,  принциптері,  мінез-құлық 

нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, 

оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. 

Адамгершілік 

қатынастар 

моральдық 

нормалармен 

өлшенеді. 

Моральдың негізгі міндеті – адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп 

сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік 

тәрбиесі  оқушылардың  моральдық  сенімдерін,  жағымды  мінез-құлық  дағдылары  мен  әдеттерін 

қалыптастырады. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  теориялық  мәселелері  өл-Фараби,  Ыбырай,  Абай,  т.б. 

еңбектерінде  кеңінен  қолданыс  тапқан. Әл-Фараби  "Адам  өз  өмірінің  қожасы,  сондықтан  өз 

бағытын  өзі  жасауы  керек.  Ол  не  нерсеге  де  ұқыптылықпен  қарап,  жиған-тергенін  орынсыз 

шашпай,  кез  келген  адамға  сырын  ашпай,  өзінің  мақсат  мүдделері  жөнінде  достарымен  ғана 

бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген [2]. 

Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан  жайында  оқушылардың  рухани  азаматтық  сезімін 

қалыптастырудың,  адамгершілікке  негізделген  ұлтаралық  береке,  бірлікті,  ынтымақтастықты, 

бейбітшілікті  нығайтудың  маңызы  зор.  Осыған  байланысты  оқу-  тәрбие  үрдісінде  оқушыларды 

отансүйгіштікке,  ерлікке,  адалдыққа,  елін,  жерін  қорғауға,  шыншылдыққа  тәрбиелеу  қажет. 

Қазіргі жағдайда рухани-азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері: 

1. 


Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі; 

2. 


Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы; 

3. 


Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу; 

4. 


Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі; 

5. 


Қазақ  халқының  әдет-ғұрыптарын  сақтау,  мәдениеті  мен  дәстүрлерін  зерделеу 

қажеттілігі болып табылады. 

Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап 

етеді.  Қоғам  талабы  –  заман  талабы.  Өйткені  «Әр  адам  –  өз  заманының  баласы».  Сол  себепті 

адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. 

Оқушының  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психикалық  процестерін  ескере  отырып,  жетілген 

ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек: 

еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру; 



тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру

өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; 




289 

 



отбасы  мүшелерімен  өзара  дұрыс  қарым-қатынасын,  тіл  табысып,  түсінісуін,  бірін-

бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету; 

оқушыны  оқыған  шығармалардың  басты  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттерінің  жағымды 



жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету; 

оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу; 



оқушының  сана-сезім,  ақыл-ой  қызметінің  дамуына,  қалыптасуына  ықпал  жасай 

отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу

оқушылардың  сабақтар  бойынша  алған  білім,  білік  дағдыларын  одан  әрі  дамытып, 



тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу; 

оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, 



бағалауға үйрету; 

оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. 



Тұлғаны рухани-азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады [3]. 

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, 

білім  беру  жұмысының  мазмұны  мен  формалары  балалардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы 

нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін 

жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің 

ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, 

қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға  арналған  шығармаларымен, 

суретшілер  туындыларымен  танысу  негізінде  іске  асады.  Мұндай  мақсатқа  бағытталған 

педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке,  ұжымдық  пен  патриотизм  бастамасына 

тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, 

үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы 

жұмысты  істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен  шұғылдану,  ортақ  мақсат  қою  және  оны 

жүзеге  асыру  ісіне  өздері  қатысуға  талпыныс  пайда  болады.  Мұның  бәрі  де  баланың  жеке 

басының  қоғамдық  бағытын  анықтайды,  оның  өмірге  белсенді  ұстанымын  бірте-бірте 

қалыптастырады.  Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткші.  Руханилықтың  негізінде 

адамның  мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-зі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды. 

Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады [4]. 

Рухани-адамгершілік  тәрбие  –  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Сананың  қалыптасуы  –  ол  баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы 

ұғымдарының  қалыптасуына,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан  басталады.  Баланы  жақсы 

адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті 

екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 

Халқымыздың  тәлім-тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершілікті,  қайрымдылықты, 

мейірбандықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыздың  баланы  бесігінен  жақсы  әдеттерге  баулыған. 

«Үлкенді  сыйла»,  «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді  ұлағатты сөздердің мәні  өте зор. 

Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  өзі  парасатты 

болады.  Ондай  адамды  халық  «Иман  жүзді  кісі»  деп  құрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды 

имандылыққа  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық, 

кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты  қасиеттерді  бойына  сіңіру  қажет. 

Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу 

адамгершілік  тәрбиесінің  жемісі.  Балаларды  адамгершіліке  тәрбиелеуде  ұлттық  педагогика 

қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске 

көзін  жеткізу,  сенімін  арттыру.  Осы  қасиеттерді  балаға  жасынан  бойына  сіңіре  білсек, 

адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. 

Өйткені  адам  баласы  қоғамда  өзінің  жақсы  адамгершілік  қасиетімен,  адамдығымен, 

қайырымдылығымен ардақталады[5].  




290 

 

Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде  адамның 



мінез-құлқы қалыптасады,  ар-ұят, өзін-өзі  бағалау  және адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның 

өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Рухани-адамгершілік  тәрбие – бұл дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын қалыптастырады.  Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» 

«Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға»  -деген  мақалдардан  көруге  болады. Мақал-мәтелдер, 

жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің  арқауы.  Үлкенді  сыйлау  адамгершіліктің бір 

негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойына  іс-әрекет  барысында,  әр түрлі  ойындар,  хикаялар, 

ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. 

Адамгершілік  –  адамның  рухани  байлығы, болашақ  ұрпақты ізгілік  бесігіне бөлейтін 

руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие 

болып табылады [6]. 

Ол тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен  сапалары,  қарым-қатынастарында 

қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің бірі  болғандықтан, 

адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең  бастысы  – 

өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі  – келешек 

қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени  – 

ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З. Әбiлова: А. 1999 

2. 


Асылов Ү Даналардан шыққан сөз/ Ү Асылов – А. Мектеп, 1987 

3. 


Көбесов А. Әл-Фараби/ А. Көбесов– А. Қазақстан, 1971 

4. 


Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А. мектеп, 1971 

5. 


Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М. Әлімбаев– А. Ғылым, 1979 

6. 


Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов – А Ғылым, 1991 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет