Түйінді сөздер: еңбек, тәрбиеші, ойын, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында
мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен
қарайтын,ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағыөндірістің
ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті
мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен
[1]
.
«Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен
тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі
еңбекке жатады. Еңбек тәрбиесі - қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып
291
табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан-жақты өсіп дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе –
еңбек екендігін айқын аңғарамыз. Мектепалды балаларының еңбегінің ерекшеліктерінің бірі–
ойынмен байланысты. Еңбек тапсырмасын орындай отырып, оны ойынға айналдыру жиі
байқалады. 5-7 жастағы балалардың бұл ерекшелігін еңбекке баулу кезінде ескеріп, еңбекпен
байланысты ойын ситуациясын ұйымдастыруды ұмытпаған жөн. Балалардың еңбек
процессі кезінде еңбек дағдылары мен біліктілікті меңгеруі нәтижесінде ересекке тәуелсізболып,
өздігінен еңбектенуге бастайды.
А.С. Макаренко «Балаларды еңбеккеқай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа
«мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы
ұясы – отбасы, сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші
кезекке қойылады
[2]
. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісінееліктейтін
болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек.
Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты
дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек
нышанының алғашқы бастамасы.
Тәрбиешінің айқын ұстанымының бірі – балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау
үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай).
Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына
дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын
тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын
барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында
міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы
қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау
құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына,
шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді.
Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға,
қоршағанортадағы сұлулықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды
байқап,бағалауға және кемшіліктерін жойып ұмтылуға үйретеді. Мектепжасына дейінгі
балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін,
өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
2 – 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі
олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.Еңбеккебаулу
арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: Шұлығын, қолғабын,
бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері
арқылы жасалады. Балалардың жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: Ой,
жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын
оятады. Баланы ойын арқылы даеңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог А. С. Макаренкоайтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде
жұмыс орнында да сондай болады
[3]
. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап,
ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек.
Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын
кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі.
Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және
қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл
жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке
баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.
Мектеп жасына дейінгі балалар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы
К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін
болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке
деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға
мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі
мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да,
бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.
292
Еңбек тәрбиесі — мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге,
еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға
бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі
халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы қазақ халқының
дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған
әрбір жас сәби «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал рухында тәрбиеленген
(қ.Халықтық педагогика).
18ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін
ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады
[4]
. Қазақстанның халыққа білім беру
жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асады.
Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке
баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепке дейінгі мекемеде білім берумен тығыз байланыста жүзеге
асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы
қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің
құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі
балалардың болашақта қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген
саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық
жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің
мақсаты деп түсінуіміз қажет.
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды еңбекке баулу жолдарының мақсаты мектепке
дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне
қызығушылығын тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың еңбек әрекетінеқатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.
2. Ересектерге көмек көрсетуге(тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға
ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға
ынталандыру.
3. Топ бөлмесі мен балабақшаауласында тазалық сақтауға және тәртіпті қолдау бойынша
ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету.
4. Бастаған ісін соңына дейінжеткізуге үйрету.
5. Еңбегінің нәтижелерінеұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету. Өз бетінше белгілі бірреттілікпен киіну, шешіну: киімін кию,
шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту, түймелеу; аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту.
Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және
т.б.) байқауға және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек Қарапайым тапсырмалардыорындауға ынталандыру:
қасықтар мен майлықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші
жартыжылдықтан бастап асхана бойынша кезекшілік ұйымдастыру: тәрбиешінің көмекшісіне
дастарқан дайындауға көмектесу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтарын
(қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және
оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына
орналастыруға үйрету.
Табиғат бұрышындағы еңбек Табиғат бұрышындағы еңбекке қатысуға талаптарын
тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі жапырақтарының шаңын сүрту, ересектердің көмегімен балықтар мен
құстарды тамақтандыру, бөлме гүлдерін суару.
Табиғаттағы еңбек Табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін тәрбиелеу: гүлдер мен бақша
дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару,
көкөністерді жинау.Жерге түскен жапырақтар мен өзауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста
жолдар мен орындықтарды қардан тазалауға үйрету.
4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды еңбеккебаулу жолдары Мақсаты: балаларды
еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оңкөзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен
іскерліктерін қалыптастыру.
293
Міндеттері:
1. Еңбекке жағымды қарым-қатынас және еңбек ету ниетінтәрбиелеу.
2. Жеке және ұжымдықтапсырмаларды орындауға үйрету.
3. Тәрбиешінің көмегіменжұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында
аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.
4. Тапсырмаға жауапты(бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және
сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
5. Балаларға еңбектіңмаңыздылығын түсіндіру.
6. Жолдастары мен ересектергекөмек көрсету талабын көтермелеу.
7. Өзінің және ересектердіңеңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педогогикалық процесс. Өйткені, болашақ
қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын
тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге
қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер
ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқталуына, оның әсем де әлемі болуына назар аударту
көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу отырып, оның
нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына
жәрдемдесу, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.НазарбаевН.Ә.«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдау, 2013.
2.Cтaндapт.Қaзaқcтaн Pecпубликacының мeктeпкe дeйiнгi бiлiм бepудiң мeмлeкeттiк
жaлпығa мiндeттi cтaндapты. Aлмaты. Ы.Aлтынcapин aтындaғы Қaзaқcтaн бiлiм aкaдeмияcы, 2003.
- 247 б.
3.«Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы» //Қазақстан мұғалімі. 19 ақпан, 1993.
4.«Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы».
Алматы, РБК, 1995. Жұмaбeкoвa Ф.Н. Тәpбиe нeгiзi бaлaбaқшaдa // Oтбacы жәнe бaлaбaқшa.-2009.
№1.
Достарыңызбен бөлісу: |