Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет172/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Суретшілердің картиналары. Портреттік живопись адамды «оқып үйрену» өнерінің моделі 

ретінде  ыңғайлы.  Мұндай  жұмысты  ойын    түрінде  өткізуге  болады.  Ойынның  мәні  мынадай: 

белгілі адамдардың портреті ұсынылып, оған зейін қоя  қарап  қарап, оның тұлғалық    сапаларын 

айтып    беру    ұсынылады.  Соңынан    нәтижелері  мінез    тақырыбындағы    берілген  сапалармен 

салыстырылады.  Бұл  ойында  адамды  түсіну  тәжірибесі  молайып,  бақылағыштығы  артып,  

қабылдағыштығы қалыптасады.   

 

Плакаттар. Бұл құрал оқытушыға оқу материалын тікелей аудиторияда демонстрациялау 

үшін  беріледі.  Мысалы:  рефлекстің  қызметінің  механизмінің  схемасын  тақтада  салу  үшін  дайын 

плакатты қолдануға болады.Плакаттық нұсқада  көру иллюзиясы, Гильфорданың интелект моделі,  

А.Маслоу  және  т.б    қажеттілік  пирамидасы  иллюстрацияланады.Плакаттарда  салынған  әр  түрлі 

суреттер де бейнеленуі мүмкін. 

Диапозитивтер. Диапозитив – бұл анық түссіз пленка, яғни  проекциялық аппарат немесе 

жарық   арқылы қарауға болатын оң, дұрыс (позитивті)    жағдай бейнеленген  сурет. 



Таңбалы-символикалық  көрнекі  құралдарға:  модельдер,  символдар,  таңбалар,  графиктер, 

кестелер, схемалар, диаграммалар және т.б.  жатады.  



Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде 

бейнелеп  көрсету.  Модельдеу   –  объектілерді,  процестерді  немесе  құбылыстарды  зерттеу 

мақсатында  олардың  (макетін)  құру.  Модель  –  көрнекті  түрде  жазбаша  жоспар,  сызба  ретінде 

жасалуы мүмкін.  

Ал.  В.  Штоффуаның    пікірі  бойынша  модель  -  бұл  материалдық  немесе  ойластырылып, 

бейнеленген жүйе, яғни бейнеленген обьектінің орнын басатын, оны  оқып, үйренуде осы обьект 

туралы жаңа ақпарат  береді. Оқу процесінде обьект  моделіне сүйену  ғылыми теория мен заттық 

болмыстың  арасындағы    байланысты  қамтамасыз  етіп,  түсінуді  жеңілдетеді,  оқылған  модель 

психикалық  бейнелеу  ерекшеліктері  болады  және  сол  себептен  көрнекілік    болып    саналады. 

Модель психикалық бейнелеу болатындықтан көрнекілік болып табылады[2,105б.]. 

 

Жеке  символдар.  Қазір  ғылымда  түрлі  символ,    таңба    сияқты  шартты  белгілерді  қолдану 

өте  қатты  күшейіп  кетті.  Ғалымдар  қазіргі  ғылымның  даму  қарқынына  сай  заңды  құбылыс  деп 

санайды. Бұдан түрлі таңбалар сөзді, сөйлеуді жеңеді деген пікір тумайды, адамдардың табиғи тілі 

ең  күшті,  баға  жетпес  құнды  қатынас  құралы,  халықтың  ата-бабадан  келе  жатқан  бағалы 

қазынасы, оны басқа ешбір құрал ауыстыра алмайтыны – талассыз мәселе.  

Ғалымдар  бұл  шартты  белгілерді  терминология  саласына  жатқызады.  Әрине  шартты 

таңбалар,  символдар,  графикалық  белгілер  ғылымның  барлық  саласына  қатысты  емес  сөз-

терминдерге қарағанда, олардың қолданылу аясы тар. Бірақ олар ғылымның белгілі салаларында 

терминдік  және  көрнекілік    қызмет  атқарады,  белгілі  ғылыми  ұғымдарды  білдіреді.  Көпшілік 

жағдайда жеке алғанда, олар мағынасыз белгілер. Мысалы a, b, c, t сияқты әріптер ғылымда белгі 

ретінде  қолданылады.  Мысалы,  психологияның,  педагогиканың,  медицинаның    өзінің  жеке 

символдары    бар.   Әр  бір  мемелекет,  облыс,  өлкенің,  рудың,  оқу  орнының  символы,  таңбасы 

болады. 

Кестелер.Кестенің    дидактикалық    мақсаты  әртүрлі  болады.  Кесте  үлкен  көлемдегі 

материалды жалпылау үшін құрылады. Мұндай кестелерді құрастыру ақыл- ойдың  қызметі болып  

табылады  және  материал  есте  жақсы  сақталады.    Кесте      әдеттегідей  бірнеше  баған  мен  жолдан 

тұрады.  Онда  ақпараттың  негізгі  құрылымдық  бірліктері  жазылады.  Жазбаларды  пайдаланып, 




345 

 

ақпаратты қорыту  арқылы кесте толтырылады.  Мұнда оқытушының сөзбен түсіндіруі ғана емес, 



кестенің  жекелеген  элементтерін  практикалық  мысалдармен  қосымша  иллюстрация  жасау    да 

қажет[3,88б.].Кестеде психологтың  ізденіс және зерттеушінің жұмысының нәтижесін   көрсетуге 

де болады. Кесте оқу тапсырмасының  формасы ретінде де қолданылады. Мұндай  тапсырмалар 

көп уақытты   қажет етпейді  және студентке оқыған материалды жақсы меңгеруге ал оқытушыға 

студенттің  танымдық  қызметін  дұрыс  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  кестені  толтыру.  

Кестелік тәсіл   білімді   меңгеруге   ақпаратты есте сақтауға қиындық әкеледі.  Егер: 

– 

оны қолданудың мақсаты болмаса және кесте бұл мақсатқа сәйкес келмесе



– 

кесте элементтерінің мәні жоқ немесе мазмұнына сай болмаса; 

– 

кестеде сөздік ақпараттар өте көп болса. 



Схема. Схеманың  кестеден айырмашылығы ол оқу ақпаратын өңдеуге және есте сақтауға 

ыңғайлырақ. Онда ақпараттар жалпыланған түрде ғана емес, компактылы оңай шолынған формада 

элементтер арасындағы қатынас байланысты  түрде беріледі.  Схемада   обьекті   тұтас   түсініксіз 

ақпараттан тазартылған түрде беріледі[4,58б.]. 

Психологияны  оқыту  құралында  әр  түрлі  схемалардың    көптеген  түрлерін  оқытушы 

сабағында қолдана алады. Студенттің ақыл - ой  қызметіне талдау жасау, схема қолданғанда,  яғни 

схема дидактикалық функцияны  атқармайды,   егер: 

– 

ақпарат  элементтерінің  саны  өте  көп  болса,    схеманы  бір  мезгілде  қолдану  мүмкін 



емес; 

– 

әр түрлі формадағы геометриялық фигуралар қолданылса, ол ақпартты қабылдауды   



қиындатады; 

– 

графикалық элементтің сәтсіз орналасуы; 



– 

схемада сөздік   ақрапаттың  болмауы және т.б. 

Әр  бір  схема  өз  бетінше  дидактикалық  құндылығы  төмен.  Оның  мазмұнын  студенттерге 

тікелей  оқытушының    түсінігі    арқылы  жеткізіледі.  Себебі  схеманың  элементтері,  стрелкалар, 

әртүрі   сызықтар  оқытушының  сөзінсіз  дұрыс меңгерілмейді.   Әр бір оқу материалы схемада 

бейнеленуге келмейді.  

Психологияда  танымдық  процестер,  қабілет  түрлері,  эмоцияларды 

оқытуда  схеманы  қолдануға  болады.    Мысалы:  қиялдың,  түйсіктің,  ойлаудың    түрлерін  оқытуда 

схеманы  құрастырып  уақытты  үнемдеуге  және  олардың  жекелеген  түрлеріне  жеке  -  жеке 

сипаттама беруге болады[5,33б.]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет