Түйінді сөздер:
видеоаппарат, аудиоаппарат, проекциялық аппарат,техникалық, көрнекілік,
фотор, картина, плакат, модель, символдар, таңба, график, кесте, схема, диаграмма.
Психологияны оқытуда техникалық және көрнекі құралдарды, компьютерлік жүйелерді
қолдану білімді толықтай қабылдауға мүмкіндік береді. Техникалық құралдарға ақпараттық оқу
құралдары жатады. Олар вербалдық және бейнелік ойлаудың арасындағы байланысты және оқу
материалын терең меңгеруді қамтамасыз етеді. Бұндай құралдарға:
А) видеоаппараттар (теледидар, кинокамера, видеомагнитофон, фотоаппараттар және т.б.)
жатады. Оларды демонстрациялау үшін қолдануға болады:
– оқу фильмдерін немесе олардың фрагменттерін;
– кеңес беру процесін (белгілі психотерапевттер, студенттерге кеңес берудің әр түрлі
техникалары және т.б.).
– зертханалық типтегі ғылыми эксперименттер;
– психологиялық құбылыстың пайда болуы (темперамент типтері, мінез акцентуациясы,
эмоциялық күй және т.б.).
Видеоаппараттарды қолдана отырып видеотренингтер, кәсіптік мінез-құлық талдау,
студенттердің оқыған лекцияларына әдістемелік талдау, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету
мәселелерін ұйымдастыруға болады.
Б) аудиоаппараттар (магнитофондар, диктофондар және т.б.). Бұларды жалпы психология
курсында есту сезімталдығы, есту түйсігі мен қабылдауды демонстрациялау үшін қолдануға
болады. Психология сабақтарында сөйлеудің кейбір фрагменттерін жазып алып, сөйлеудің
темпін, интонациясын, тембрін және оның басқа да сипаттарын талдау үшін пайдалануға болады.
Кеңес берушінің сөйлеуін тыңдай отырып студент - болашақ психолог кәсіптік сөйлеудің
кемшілігі мен жетістігін сезінуге және өз уақытында түзеуге мүмкіндігін алады[1,37б.].
В) проекциялық аппараттар – бұл әдеттегідей әртүрлі басылған материалдарды экранда
көрсету үшін қолданылады. Бұл эпипроекторлар болуы мүмкін (схемалар, графиктер, таблицалар,
ғалымдардың порттетін, әртүрлі бейнелерді қайта салу немесе демонстрациялау үшін).
Эпипроекторларды пайдаланғанда қараңғылауды қажет етеді. Ал кодоскопта қараңғылаудың
қажеті жоқ. Кодоскоп арқылы экранда жазбаны түссіз пленкада орындауға немесе оқытушының
сабақ кезінде орындағанын жобалауға болады. Педагогикалық психологияда «көрнекілік» деген
термин жиі қолданылады. Адамның танымдық қызметтері өз негізінде әрқашанда тұтас
психикалық бейнеге біріктіріледі: қабылдау, елес, қиял, ойлау бейнелері. Сондықтан да оқытуда
әртүрлі көрнекілік құралдарын, яғни заттықтан абстрактылы таңбалы -символдық модельге
дейін қолданылады. Алайда барлық зат көрнекілік болып есептелмейді.
Обьектіні бейнелеу тәсіліне байланысты психологияда көрнекілік құралдар: табиғи
құралдар, бейнелеу көрнекілік құралдары, таңбалы-символикалық көрнекі құралдар болып
бөлінеді. Табиғи құралдар: өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, пайдалы қазбалар және т.б.
344
Психология ғылымында заттың абстрактылы күшіне қарай табиғи құралдар психологияны
оқытуда қолданылмайды.
Бейнелеу көрнекілік құралдарына: фотолар, суретшілердің картиналары, плакаттар,
диапозитивтер және т.б құралдарды жатқызуға болады.
Фотолар. Психология кабинетінде көрнекті психологтардың фотолар жиынтықтарын
(портреттерін) жинақтауға болады. Мүмкіндігінше олар қысқаша автобиографиялық
анықтамалармен берілгені дұрыс. Фотолар эмоцияны оқытуда қолданылады. Эмоцияға дәл
сипаттама беру күрделі және қиындау екені белгілі Бірдей эмоция түрлі адамдарда әр түрлі
болады. Бұл процесте адамның жеке тәжірибесі аз роль атқармайды. Психология сабағында әр
түрлі эмоциялар бейнеленген фотографияларды пайдалану, студенттердің әртүрлі эмоцияның
пайда болуын анықтауда біршама тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |