1. «Өзіңді ата».
Мақсаты: Өзін құрбы – құрдастар ұжымына таныстыру.
Барысы: Балаға өзін таныстыру ұсынылады, өзінің атын айту, оны оған қалай атаған
ұнайды, үйде қалай атайды немесе топта қалай атағанын қалайтынын айту керек.
2. «Еркелетіп шақыр».
Мақсаты: Балалардың бір – біріне тілектестік қарым – қатынасын тәрбиелеу.
Барысы: Баланың жақсы көретін құрбысына (тілегі бойынша), оны еркелетіп атап, допты
лақтыру немесе ойыншықты беруі қажет.
3. «Сиқырлы орындық».
Мақсаты: Мейірімді болуға тәрбиелеу, балалар тілінде жылы мейірімді сөздерді көбірек
қолдануға үйрету.
Барысы: Бір бала ортадағы «сиқырлы» орындыққа отырады, қалғандары ол туралы
мейірімді, жылы сөздер, комплименттер айтады. Отырған баланы сипауға, құшақтауға, сүюге
болады.
4. «Сезімдердің берілуі».
Мақсаты: Вербальды емес тәсілмен (сөйлемей) әртүрлі эмоциональды жағдайларды беруді
үйрету.
Барысы: Балаға «тізбек бойынша» белгілі бір сезімді мимика, жест қимылдары т.б. арқылы
көрсетуге тапсырма беріледі. Одан соң балалар не сезінгенін ортаға салады.
Сонымен, балалар үйінде тәрбиеленушілердің еріктік-эмоциялық сферасын дамытуда
жоғарыда берілген әдістемелерді, жаттығуларды және тапсырмаларды дұрыс, жүйелі жүргізсек
жақсы нәтижелерге жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |