ТАРИХИ РОМАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН СУРЕТКЕРЛІК ОЙ
Отарова А.Н.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті, Қазақстан
Андатпа. Әдебиет – халық өмірінің идеялық-эстетикалық айнасы десек, оның ілгерілеуі,
өсуі халықтың өткеніне көркемдік байыптау, қорытындылар жасау арқылы болады. Қазіргі заман
мен өткен уақыттың байланысы, сабақтастығы тарихи тақырыпты игеру нәтижесінде ғана мүмкін
болады.
Мақалада өлкемізден шыққан көрнекті жазушы М.Әбдіхалықовтың тұтас бір дәуірдегі
халық тағдырын суреттеген, көркемдік пен тарихи шындықты шебер үйлестірген, көркем әдебиет
талаптарына толық жауап бере алатын кесек туындысы «Сүйінғара» романындағы өлкедегі ХҮІІІ
ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басындағы тарихи жағдайлар, сол кезең адамдарының, тарихи
тұлғалардың сезімдері мен толғаныстарын беру тәсілдері, сюжет құру, баяндау үлгілерін
табудағы даралығы, ұлттық рух, суреткерлік пайымы жан- жақты көpceтiледi
Достарыңызбен бөлісу: |